«Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет »
Карчалова Бакытгүл Базарбайқызы 1959 жылы 28 шілдеде Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
1976 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, 1981 жылы бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы қаңтар айында Қызылорда қаласындағы Облыстық Өлкетану мұражайында ғылыми қызметкер болып бастаған.
Өнер, оқу – жастықтың қаружарағы
2004 -2015 оқу жылдары аралығында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2015 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады
Құтты болсын 58 жасыңыз Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз. Бала-шаға қызығына кенеліп, Әлі талай асулардан асыңыз!
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап, Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ. Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі Күндеріңіз мұң салмасын қырындап. Талай күндер төккен термен өткен күн, Қуаныштың нәрін көктен сепкен күн. Талай жылдар тағылымы тоғысып, Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн. Еленді еңбек қуанышты бәріміз, Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз. Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз, Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз!