Olzhas__1200_ly_zhibek_zholy.ppt
- Количество слайдов: 14
Ұлы Жібек Жолы Орындаған: Әлімхан Олжас Тобы: Инф 14 -3 Қабылдаған: Ыдырысова Г
Ұлы Жібек Жолының даму тарихы • Ұлы Жібек Жолы - Батыс пен Шығыстың арасындағы ежелгі және ортағасырлық жол. Б. з. д. ІІ ғ. ортасынан ХІҮ ғасырға дейін, яғни Теңіз жолының ашылуына дейін өмір сүрген. • 1877 ж неміс географы В. Рихтгофен Батыс пен Шығыс арасындағы байланысты түсіндіру үшін “Жібек жолы” терминін ұсынды. • Еуразияның тарихында маңызды орын алғандықтан, кейін оған “Ұлы” сөзі қосылды.
Ұлы Жібек Жолының даму тарихы Қытай императоры У-Ди 13 жылдық саяхат Жібек саудасы Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарымқатынастар
Ахмет Йасауи кесенесі • Ахмет Йасауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ. ) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі - БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене - халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.
Ахмет Йасауи кесенесі
• Тараз Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл. Макдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала» . Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б. з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қорытынды жасалды.
Ұлы Жібек Жолы
Ұлы Жібек Жолының жеке бөліктері 1. 2. 3. Көктасты (лазурит) жол - Орталық Азия мен Орталық Шығысты Үрдістан және Жерорта теңізімен байланыстырды. Нефритті жол – Шығыс Түркістан Қытаймен байланыстырды. Дала жолы – Қара теңіз жағалауынан Дон жағалауына дейін, одан Сарматтар жеріне, одан Ертіс пен Зайсан жағалауына дейін.
• Сауда да маңызды рөлді қытайлықтар атқарды: өз елінен алынған тауарларды көрші елдерге тасу арқылы. • Қытай жібегі, фарфор, нефриттен жасалған заттар мен әшекейлер Қазақстан қалаларынан табылған.
Саудагерлердің жолға дайындығы • Көрші елдерге саудаға саудагерге жалғыз өзі шығу қиынға соғатын, өйткені жолда қарақшылар кездесуі мүмкін жәнежол шығыны көбейе түседі. • Алыс жолға, негізінен, көктемде шығатын. • Қытайға сапар шегу 3 жылдай уақытты талап ететін.
Ұлы Жібек Жолының тауарлары
Ұлы Жібек Жолының тауарлары
Назар аударғаныңызға рахмет!!!
Olzhas__1200_ly_zhibek_zholy.ppt