
Нусипбаев Апсемет оригинал.pptx
- Количество слайдов: 11
Ұлы Отан Соғысының ардагері- Нүсіпбаев Әпсемет Нүсіпбайұлы Ұлы Отан Соғысының ардагері-Нүсіпбаев Әпсемет Нүсіпбайұлы
Нүсіпбаев Әпсемет Нүсіпбайұлы 1922 жылы Алматы облысында Шеңгелді ауылында туған. Орта білімді мамандығы-бухгалтер. 19 жасында 1941 жылы майданға аттанып 1943 жылы Харьковтың Великие луки қаласында жаралы болып, туған жеріне қайтарылған. 1943 жылдан бастап еңбек жолын бастады. Сол жылы отбасын құрды. 1943 “Быжы” колхозында (қазіргі Алғабас ауылы) 1947 жылға дейін ауыл советінің қызметін істеді. 1947 -1950 жж аралығында ауыл советінің атқару комитетінің хатшысы болды. 1950 -57 жж Мұқыры ауыл советінің атқару комитетінің хатшысы. 1957 -58 жж “Большевик” ауыл советінің бастығы. 1958 -60 жж Калинин колхозының нефтебаза меңгерушісі. 1960 -62 жж Карл Маркс колхозының еңбек-ақы тағайындайтын бухгалтері. 1962 -82 жж аралығында Мұқыры ауыл советінің бастығы. Зейнетке шыққан соң да 70 жастан асқанша осы ауылда көптеген қызмет істеді. 1943 жылы отбасын құрғаннан бастап жарымен бірге 56 жыл тату-тәтті отбасы болды. 8 балалары бар еді, 2 ұлы ішкі-істер қызметінде істеп, қызмет бабымен бір ұлы 29 жасында, екінші ұлы 31 жасында қаза болған. Екі ұлынан қалған балалар, өзінің қалған 6 баласы өніп-өсіп келеді. Нүсіпбаев Әпсемет осы ауылдың(Мұқыры) ақылшысы, басқаларға үлгі болатын отбасы болды. 1999 жылдың 1 маусымында 77 жасында дүниеден өтті.
Жұмыс барысында
Интернет желісінен алынған
• Соғыс кезінде жасаған ерліктері үшін алған медальдары
Депутаттыққа сайланғандығы туралы куәліктері
Нусипбаев Апсемет оригинал.pptx