СЛАЙД лекция аким.ppt
- Количество слайдов: 26
Ұлттық жоғары құқық мектебі Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы “Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік құқықтық мәртебесіi” тақырыбы бойынша “ 5 В 030200 –Халықаралық құқық” мамандығы студенттеріне арналған ДӘРІС Астана, 2012
Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік құқықтық мәртебесі 1. Мақсаты: Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік құқықтық мәртебесін анықтау.
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Мемлекетіік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер 2. Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері 3. Қоғамдық бірлестіктер 4. Діни бірлестіктер
Ұйым – деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылығ жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңдарға дейін )қызметкерлер ұжымы түсініледі. Ұйымның басқару органы- әкімшілігі болып табылады. Әкімшілік басқару функцияларын өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өз ұйымның ішінде жүзеге асырады.
Ұйымдардың қызметінің, өкілеттіліктерін мәселелері әр түрлі тұрғыдан Қазақстан құқығының бірнеше салаларының зерттейтін пәні болып табылады: әкімшілік, азаматтық, қаржылық, еңбек, т. б. Ұйымдардың әкімшілік-құықтық мәртебесін белгілейтін құқық нормалары әр-түрлі заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде , ережелерде, жарғыларды қаралған
Ұйымдар өзінің бойынша: қызметінің мақсаты Комерциялық емес АК-тің 34 -б. 1 -т бойынша өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда көздейтін ұйым комерциялық, ал мұндай ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтіін үйым коммерциялық емес болып табылады.
Қызметінің түрі (мақсат-міндеті) бойынша: Ұйымдардың мына сияқты түрлері, мысалы, кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері және өзге де әр түрлі ұйымдар халықаралық, шетелдік болып ажыратылады. Меншік түрлері б/ша: мемлекеттік және мемлекеттік емес болып келеді(жеке меншіктік, қоғамдық, және дінилік) Мемлекеттік кәсіпорындар қызметі, маңызы б-ша: республикалық және коммуналдық – облыстық, аудандық, қалалық, кенттік және ауылдық маңызы болуы мүмкін.
Кәсіпорындар Шаруашылықсеріктестік Акционерлік қоғам Өндірістік кооператив Мемлекеттік кәсіпорын
Кәсіпорын - бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс аткқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субьект. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілік құқық субьектілігі әр түрлі. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып келеді. МК- қызметінің негізгі міндет-мақсаты: 1 - мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау. 2 - эономикалық және меншік секторы қамтымаған немесе жеткілікіз қамтыған қоңамдық өндірістік салаларында бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру. 3 - мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.
Мемлекеттік кәсіпорындардың бір түрі жедел басқару құықғына негізделген және мемлекеттік мүлікке иелік ететін кәсіпорындар болып табылады. Қазыналық кәсіпорындар мақсаты: төтенше және авариялық жағдайларда арнаулы жұмыстар орындау, табиғи зілзаладан қорғау, қылмыстық атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметі болып келеді.
Мемлекеттік емес кәсіпорындар Мемлекеттің ықпалы шектеулі. Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекеттікбиліктік өкілеттіктік-биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері (құрылтайшылар) немесе олардың уәкілеттік берген органдары жүзеге асырылады.
Ммлекеттік емес кәсіпорындарының әкімшілігін құруға қатыспайды. Мемлекеттің бұл кәсіпорындар жөніндегі рөлі барлық кәсіпорындарға олардың ұйымдық –ұүұыұтық нысандарына қарамастан, жалпы бірдей болатын әкімшілік –құқықтық тәртіп белгілеу және сол белгіленген тәртіптің сақталуына бақылай жасау болып табылады.
Мемлекеттік емес кәсіпорынды басқарудың тәртібі заңнамалармен және кәсіпорынның жарғысымен айқындалады. Меншік иесі кәсіпорынды басқару жөніндегі өзінің құқығын тікелей немесе өзі тағайындалған органдар арқылы жүзеге асырылады. Меншік иесі кәсіпорынның басшысын жалдайды.
Басқарушылық, әлеуметтік – мәдени немесе өзге де комерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ҚР-сы Президенті, Үкіметі, облыстар, астана, аудан әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілермен құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады
Коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерді алатын болсақ, олардың құқықтық жағдайының, атқарушы биліктің әр деңгейдегі органдарымен қарым-қатынастарының бірқатар мәселелері жоғарыда айтылған «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңмен, «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001 ж 21 қаңтардағы заңмен, және басқа құқықтық актілермен айқындалған.
Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.
Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты. Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады
Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.
Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар: 1. мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену; 2. шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу; 3. келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату; 4. еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу; 5. шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру; жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау; 6. бағалар мен тарифтерді белгілеу; таза пайданы пайдалану;
Өндірістік кооператив. n Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі. n Өндірістік кооперативтің және оның мүшелер құқықтық жағдайы елдің заңнамалық актілеріне сәйкес белгілері
Өндірістік кооперативтуралы 1995 ж. 5 қазандағы заң өндірістік кооперативтердің құқықтық жағдайын, оларды құрудың, қызметінің, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын, мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, басқару және бақылау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілігін айқындайды.
Тұтыну кооперативі 1. Тұтыну кооперативі – азаматтар өздерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатымен мүліктік үлеспұлдық жарналарын біріктіру жолымен құратын мүшелік жүйеге негізделген бейкоммерциялық ұйым. Тұтыну кооперативінің мақсаты – қоғамның ауқаты төмен жіктері мен халық топтарының мүдделерін әлеуметтік қорғау. Тұтыну кооперативі ауылдық мекендердегі саудамен қатар ауыл шаруашылық өнімі мен шикізатты кең ауқымда мемлекеттік дайындаумен, олардың артылғанын ұжымшарлардан, халықтан сатып алумен, ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсатумен, нан пісірумен, халық тұтынатын бірқатар тауарлар өндірумен, т. б. айналысты. Елде нарықтық реформалардың басталуына байланысты тұтыну кооперативінің ұйымдық нысандары қиратылды.
Тұтыну кооперативі туралы заң Осы Заң тұтыну кооперативтерiнiң құқықтық жағдайын, олардың құрылуының, қызметiнің, оларды қайта ұйымдастыру мен таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайларын, мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлейді. Тұтыну кооперативі туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 8 мамырдағы № 197 -II Заңы
Қоғамдық бірлестіктер Қоғамдық ұйымдар, яғни азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру үшін құрылатын ерікті бірлестіктер, әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 23 -бабында бекітілген. Қоғамдық бірлестіктердің билік өкілеттігі жоқ, мемлекеттік органдардан айырмашылығы сонда. Оларға мүше болудың еріктілігі қоғамдық бірлестіктердің өзі белгілейтін тәртіп пен талаптарға бағынады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық ұйымдар болып табылмайды. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес заңнамаға қайшы келмейтін, олардың ортак мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрылған сажи партиялар, кәсіподақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.
Қоғамдық бірлестіктерді құру тәртібі және олардың құқықтық мәртебесі • Қоғамдық бірлестіктердің көбісін құру үпгін ең кем дегенде 10 кәмелетке толған азаматтардың ерік білдіруі кажет. Қоғамдық бірлестіктерді құру туралы шешім съезде, конференцияда немесе жалпы жиналыста қабылданады және оларда жарғы қабылданады. Қоғамдық бірлестік міндетті түрде әділет органдарында тіркелуі керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 -бабына сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Қазақстан Республикасының конституциялык құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың кызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады
Қоғамдық бірлестіктердін мынадай түрлері болады: • саяси партиялар • қоғамдық қозғалыстар • кәсіподақтар • әйелдер ұйымы • мүгедектер ұйымы • шығармашылық одақтар
СЛАЙД лекция аким.ppt