1200_ltty_1179_valyuta.pptx
- Количество слайдов: 18
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА
ҚАЗАҚСТАН
ТЕҢГЕ БАҒАМЫНЫҢ АЙНАЛЫСҚА ШЫҒУ ТАРИХЫ 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтікэкономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді. Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан ісшаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді. 1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды. Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276, 2 пайыздан 2005 жылы 5, 9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр.
АМЕРИКА
АМЕРИКАНДЫҚ ДОЛЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ $ БЕЛГІСІ. "Доллар" сөзі американ ұлтынан бұрын пайда болған, бұл валютаның жасы 500 -де екен. АҚШ-та доллары 207 жыл бұрын пайда болған, доллар бұрынырақта бухгалтерлік кітаптарда көп қолданылып келген. Дәл қазір біз осы валютаның қайдан пайда болғанын және аттары қалай аталғанын мысалы пиастры, талер, доллар болды ма соған тоқтала кетейік. Бірақ біз алдымен "доллар" сөзінің қайдан пайда болғанына назар аударып көрелік. XVI ғасырларда Богемияның солтүстік-батысындағы Қасиетті Иоахимсталь таулы алқабындағы шахтада күміс өндіру қолға алына бастады. Осы шахта жанынан Санкт-Иоахимсталь неміс қалашығы пайда болды.
1792 жылы Филадельфиялық монета шығару алаңы құрылды, бұл жерде американдық долларлар соғыла бастады. Ең бірінші бір долларлық банкнот 1767 жылы ағылшын колониясына қарайтын Солтүстік Америкадағы Мэриленд қаласында басылып шықты. Ал 1875 жылы маусым айынан бастап Конгрестің шешімімен қағаз долларлар басылып шыға бастады. Доллар барлық жерде бір белгімен жүрмейді. Зерттеушілердің есептеуі бойынша, бұрынырақта, испандықтар американ колонияларынан S белгісі соғылған монеталар тауып алған. Ең бірінші доллар ақшасын қолданған бай көпес ол 1773 жылы ирландықэмигрант саудагер және плантатор Оливер Поллок, бірінші Пенсильвания қаласында тұрып, содан кейін Нью-Орлеан Луизианға көшіп келді.
Ол кезде ол жерді американдықтар 1803 жылы сатып алған болатын. Бұл саудагер испандықтардан қару-жарақ алып, ағылшындарға сатқан болатын. Сонда ол P және S белгісі бар ақшаларды қолданған. 1797 жылдың көкек айынан бастап бірінші рет символ ретінде Ч. Лидің "Американский бухгалтер" кітабында басыла бастады, содан бері сол күнді доллардың туған күні деп есептейді. Жалпы қабылданған заң бойынша доллар белгісі санның алдында тұру шарт.
Дайындалған: Топ: Қойлыбаева Д. К. 149 ЖМ Тексерген: Жетпісбай Шолпан Аханқызы
1200_ltty_1179_valyuta.pptx