Улттык экономика.pptx
- Количество слайдов: 13
*
Ұлттық экономиканың көптеген анықтамалары бар. Мысалы, В. Леонтьев: «ұлттық экономика – бір-бірімен өзара байланысқан көптеген әртүрлі қызметтер түрінен тұратын, өзін-өзі реттейтін жүйе» – деп санайды. Ұлттық экономиканың мақсаттары берілген экономиканың даму ерекшелігі мен экономикалық жүйесінің түріне байланысты болады.
Дегенмен, барлық ұлттық экономикаларға төмендегідей негізгі мақсаттар тән болады: ü экономикалық өсу – ұлттық өндірістің нақты көлемінің тұрақты өсу қарқыны. ü жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейін ұстап тұру. ü бағаның баяу өсуін қамтамасыз ететін баға деңгейін тұрақтандыру. ü мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтерінің кешенді көрсеткіші болып есептелетін және елге келіп түсетін төлемдер мен шетелдерге кететін төлемдер сомаларының арақатынасын көрсететін теңгерілген төлем балансын ұстап тұру. ü қоғамда әлеуметтік әділеттікке жету.
Ұлттық экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі оның орындайтын қызметтерімен анықталады. Мемлекеттің негізгі қызметтеріне келесілер жатады: - шаруашылық субъектілерінің арасындағы өте маңызды қатынастарды реттеуші құқықтық; - өндірістік процестердің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ететін ұдайы өндірістік-технологиялық; - монополияға қарсы іс-әрекет пен бәсекені қолдауға бағытталған бәсекені қорғау қызметі; - тұрақтандыру қызметі – үкіметтің ұлттық экономи-каның негізгі мақсаттарына жетуге бағытталған іс-әрекеттері; - болжамдық – экономиканың дамуын болжамдау негізінде дамудың приоритеттік бағыттарын анықтау; - реттеуші – нарықтық экономика қызметтерінің жа-ғымсыз салдарын мейлінше азайту.
Ұлттық экономика құрылымындағы екі түрі бар: Экономикалық құрылымдар ұлттық экономиканың экономикалық бірлік реттейді. олар ұлттық экономиканың мәнін анықтау, өйткені олардың арасындағы өзара қарымқатынастардың сипатын зерттеу, қызықты болып табылады Экономикалық емес бірлік реттейтін) экономикалық емес құрылымдар -. Мәдениет, білім беру және т. б. D. Олардың талдау тек осы бірлік және олардың арасындағы қарым-қатынастар ұлттық экономиканың жұмыс істеуі әсер қандай дәрежеде қызығушылық болып табылады.
1. Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2 -ге бөледі: § 1. Материалдық өндіріс § 1. 1. материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы); § 1. 2. материалдық қызмет көрсету салалары (көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу) § 2. Материалдық емес өндіріс § 2. 1. материалдық емес игіліктер өндіру (мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым); § 2. 2. материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер).
Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құралжабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы. Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады Натурал шаруашыл ық: 2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі 3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады
Тауарлы шаруашылық: 1. Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандандырылған еңбек 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады
Ұлттық есеп жүйесі – макроэкономикалқы статистиканың негізі Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтижесін, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға(халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу дәрежелеріне негізделген.
Қазақстан Республикасының статистикалық практикасында ҰЕЖ-ні қолданудың негізгі кезеңдері және стратегиясы Елдің табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеден пайда болды, бірақ алғашында экономикалық талдау жасау керектігі ескерілмеді. XVIII-XIX ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бірақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің өзара байланысы, ресурс айналымы есепке алынбады.
Ұлттық есеп жүргізу туралы ойды ең алғаш рет ағылшын зерттеушісі Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есепті ұлттық табыс статистикасымен тығыз байланысты екені және материалдық игіліктерді бөлудің ерекшеліктерін қарастырды. Француз экономисі Франсуа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерінде өнім қозғалысы мен табыс қозғалысының тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнім мен табыс қозғалысын бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды, олар қоғамның экономикалық өмірінің айналымын көрсетеді деген ойды айтты.
*
Улттык экономика.pptx