
кор.pptx
- Количество слайдов: 9
Ұлттық қор!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру жәнепайдалану тұжырымдамасы туралы (2014. 11. 04. берілген өзгерістермен) ҚР Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен күші жойылды Осы Жарлыққа ҚР Президентінің 2010. 30. 09. № 1077 ҚБП Жарлығына сәйкес өзгерістер енгізілді ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегi № 1641 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2005 ж. , № 35, 480 -құжат; 2007 ж. , № 17, 186 -құжат; 2009 ж. , № 1 -2, 1 -құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегi № 1641 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 336 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж. , № 17, 186 -құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегi № 1641 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 725 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. , № 1 -2, 1 -құжат). 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Президент Әкiмшiлiгiмен келісім бойынша екi ай мерзiмде Тұжырымдаманы iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тиiстi шешiмдердi әзiрлеу кезiнде Тұжырымдаманың негiзгi ережелерiн басшылыққа алсын. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. НАЗАРБАЕВ
Қазiргi жағдайды талдау
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен бюджет кiрiстерiнiң қомақты бөлiгi табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетiн түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын басқа елдерге ұқсас Ұлттық қор құрылған болатын. 2005 жылы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған алғашқы тұжырымдамасы қабылданып, онда оның активтерiн басқарудың негiзгi қағидаттары мен тәсiлдерi айқындалған болатын. 2006 жылдың ортасынан берi қолданылған Ұлттық қор қаражатын ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзiмдi инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi айқындау кезіндегі шектеу республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы болып табылды. Қабылданған саясаттың нәтижесiнде экономикалық өсу кезеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4, 5 трлн. теңгенi құрады, оның 750, 0 млрд. теңгесi iшкi активтерге ( «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлік қоғамы мен «Қаз. Агро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлік қоғамының облигацияларына), 24, 4 млрд. АҚШ доллары - шетелдiк активтерге орналастырылды. Құрылған уақытынан берi, яғни 2001 жылғы маусым - 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кiрiстiлiгi Қордың базалық валютасында (АҚШ долларымен) 55%-ды құрады, бұл жылдық мәнде 5, 2%-ды құрайды. Осы кезеңде Қордың тұрақтандыру функцияларын жүргiзу үшiн қажеттi көлем қалыптастырылды. Сонымен қатар қалпына келтiрiлмейтiн табиғи ресурстардан алынған қаражатты болашақ ұрпақ үшiн барынша сақтап қалу, республикалық бюджет пен Ұлттық қордың теңгерiмдiлiгi және мұнайлық емес тапшылықты жою туралы мәселе өзектiлiгiн сақтап қалуда. Осы тұрғыдан Ұлттық қор қаражаты өсуiнiң бәсеңдеуiн ескере отырып, республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферт көлемiн тiркеу жолымен оның құбылмалылығын болдырмау қажет болып отыр, бұл ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтауды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаты мен қағидаттары Ұлттық қордың негiзгi мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттiң әлемдiк шикiзат нарықтарындағы жағдайға тәуелдiлiгiн төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинау болып табылады. Осылайша, Ұлттық қордың функциялары жинақтау және тұрақтандыру болып табылады. Транспаренттiлiк Толықтық Ұлттық қордың бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) көрсеткiштерiн, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы есептердi, Ұлттық қордың қаражатын инвестициялық басқару туралы есептердi мiндеттi түрде жариялау; Ұлттық қор туралы есептiлiкте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды көрсету; Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мынадай қағидаттарға негiзделетiн болады: Уақтылылық Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Үкiметтiң шоттарына тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып мерзiмiнде аудару; Тиiмдiлiк Ұлттық қорды тәуекел деңгейi орташа болған жағдайда ұзақ мерзiмдi перспективада активтердi сақтау мен кiрiстiлiктi қамтамасыз ету қажеттiлiгiне сүйене отырып басқару.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі Ұлттық қордың қаражатын жинақтау мынадай түсiмдердiң есебiнен жүзеге асырылатын болады: 1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), оларға корпоративтiк табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық, бонустар, экспортқа салынатын рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, өнiмдi бөлу бойынша үлес және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемi жатады; 2) мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетiн басқа түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi қоспағанда), оның iшiнде мұнай келісімшарттарының талаптарын бұзғаны үшiн түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi қоспағанда); 3) республикалық меншiктегi және кен өндiру және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер; 4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 5) Ұлттық қорды басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.
Ұлттық қордың қаражатын пайдалану Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшін тиісті қаржы жылының соңына ЖІӨ-нің болжамды мәнінің 30%-ы мөлшерінде азайтылмайтын қалдық белгіленеді. Бұл ретте республикалық бюджетке кепілдендірілген және/немесе нысаналы трансфертті жүзеге асыру үшін Ұлттық қордың қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, азайтылмайтын қалдық лимитін сақтау қажеттілігіне байланысты кепілдендірілген және/немесе нысаналы трансферттің мөлшері тиісті шамаға азайтылатын болады. Тұтастай алғанда Ұлттық қордың қаражаты кепілдендірілген трансфертті, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімімен айқындалған нысаналы трансфертті қамтамасыз етуге және басқару мен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Ұлттық қордың шотында ай сайын (тоқсан сайын) республикалық бюджетке берілетін айлық (тоқсандық) кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуге арналған қаражат қалыптастырылады. Көрсетілген шамадан асып кеткен сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен Ұлттық қор активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына сәйкес айырбасталуы және рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялануы тиіс.
Ұлттық қордың активтерін басқару 1)Ұлттық қор активтерінің ұйымдық құрылымы оның мақсаттарына сәйкес айқындалады. 2)Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қызметін жалпы үйлестіруді Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жүзеге асырады. 3)Ұлттық қордың активтерін орналастыру, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы нарықтарында айналымдағы және рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне енгізілген қаржы құралдарында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте шектеулер Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес сатып алу туралы шешімді 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылдаған, Ұлттық қор активтерінің құрылымында ескерілетін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.
Қорытынды Осы Тұжырымдама шеңберіндегі шараларды iске асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеуiнiң және оның жинақтарын қалыптастырудың оңтайлы моделiн таңдаудың негiздерiн, инвестициялық стратегияны өзгертудi көздейдi және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізудi талап етедi. Осы мақсатта Ұлттық қордың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық актілеріне тиiстi өзгерістер енгiзiлетiн болады. Бюджеттiң және Ұлттық қордың теңгерiмдiлiгi жөніндегі саясат осы онжылдықтың соңына ЖIӨ-нiң 3%-ынан артық болмауға тиiс мұнайлық емес тапшылықты азайтуға, сондай-ақ кейiннен тек даму бюджетiн қаржыландыруға көше отырып, Ұлттық қордың қаражатын ағымдағы шығыстарға жұмсауды қысқартуға бағытталатын болады. Жоғарыда баяндалған тәсілдерді ескере отырып, 2020 жылға қарай Ұлттық қордың қаражаты кемінде 180 млрд. АҚШ долларын (ЖІӨ-ге қатысты 32%) құрауы тиіс. Тұтас алғанда, осы Тұжырымдамада көзделген шараларды iске асыру республикалық бюджеттiң тұрақтылығын одан әрi қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және мұнай кiрiстерiн ұрпақтар арасында қайта бөлуге ықпал ететiн болады.
кор.pptx