esep_sayasaty.pptx
- Количество слайдов: 30
Ұйымдардың есеп саясаты
Жоспар: Кіріспе; 1. Есеп саясатын қалыптастыру; 2. Есеп саясатының техникалық аспектілері ; 3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары; Қорытынды.
Кіріспе Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы № 2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының № 1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.
Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының № 1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.
Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы № 14 бұйрығымен: № 1 «Есеп саясаты және оны ашу» , № 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылык корытынды есеп маңызын ашу негіздері» , № 3 «Қаржы-шаруашылык қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына № 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2 -ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсырү жөніндегі тәртіптер қарастырылған.
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда ажыратылады: біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты; екіншісі - ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады.
Сонымен есеп саясаты деп — ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің істәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.
Есеп саясатын қалыптастыру Нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты.
Есеп саясатын қалыптастырушы бухгалтерлер бухгалтерлік есеп теориясын біліп қана қоймай, сонымен қатар: - мазмұны мен мәніне қарай есеп саясаты тәжірибеде қандай дәрежеде қолданылатындығын; - есеп саясатын қалыптастыруда әр түрлі варианттардың іске асырылуын және қандай әдістерді қолдану керектігінде білулері қажет.
Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.
Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т. б. көптеген бухгалтерлік есеп -өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек.
Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек: а)осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (үлес қосушылар, инвесторлар) дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип); б) ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын (үздіксіздік принцип);
в)таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін (сабақтастык принцип); г)дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы керсетілетіндігін (сату принципі).
Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде басшылыққа алынған және өз қызметін атқарудың негізін құраушы ресми заң актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек. Нормативтік құжаттар мазмұнын талдау мен іске асыру жұмыстары ұйымдар қызметінің барлық объектілері деңгейінде жүргізілуі тиіс
Егер ұйымдар заң актілеріне қайшы келмейтін бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді реттеуші құжаттарда кейбір операциялар мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді құру мен жасауға және мұндай операцияларды есеп саясатына қосуына құқылы.
Қысқасы ұйымдар өрісінде қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізудің барлык процестерін қамтуға тиісті. Ұйымның бас бухгалтері есеп саясатын қалыптастыруға жауапты екендігін тағы да қайталаймыз. Есеп саясатын сапалы және тура жүргізу үшін бас бухгалтерлерге бухгалтерлік есептің әдіснамалар жиынтығымен, қолданылып келе жатқан нормативтік құжаттар мазмұнын мұқият білу талабы қойылады.
Есеп саясатының техникалық аспектілері Есеп саясатының үйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады: - ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі; - акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер, т. б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.
Есеп саясатының қысқаша мазмүны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар: - бухгалтерлік есепті ұйымдастыру; - есеп жүргізудің техникалық тәсілдері; - негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттык көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.
Сонымен есеп саясатының ұйымдык және техникалық аспектілерінің мазмұны мына төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжатайналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының қаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық келісім, заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т. б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады.
Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары Есеп саясатының мазмұны мына төмендегі жағдайларда: ұйымның стратегиялық бағыты, мұның қайта құрылуы, қызмет бағытының өзгеріске түсуіне байланысты қайта қаралуы мүмкін. Сонымен қатар қаржы салымшы инвесторлардың тұжырымды талабына сәйкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізілуі де мүмкін.
Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты өзгертіледі: - Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне; - Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;
- заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты); - меншік иесі мен жаңа бағыт үсынған басшылардың өзгеруіне; - активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және каржы нэтижесі шеңберіндегі шаруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына.
Сонымен қатар ұйымдар қызметіне жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске түседі. Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты негізделуі керек.
Есеп саясатын өзгерту процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек.
Қаржылық және бухгалтерлік корытынды есеп жасау процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, нелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижесінде тапсырылатын қорытынды есеп барынша тұнык сапада сипатталады.
Қорытынды Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы үйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне тікелей әсер етуі керек.
Егер инвестициялык процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді.
Осыған орай ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде пайдалануы керек.
Назарларыңызға рахмет! : D
esep_sayasaty.pptx