ЖКТ2 (КАЗ).pptx
- Количество слайдов: 27
Ұйқы безінің морфофизиологиялық ерекшеліктері. Ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу қызметінің жетіспеушілі синдромы. Себептері. Белгілері. Диагностикасы. Г. К. Есимова З. Н. Джангельдина Р. М. Шайхынбекова Л. М. Байболатова С. У. Умарова А. Б. Мустафин 2015 -2016 о. ж.
Ұйқы безі ішкі және сыртқы секреция безі болып табылады. Ол бөлетін пакреатикалық сөл көмірсу мен май алмасуын реттейді, ал гормондары тікелей қанға бөлінеді.
Ұйқы безінің қызметі Экзокриндік қызметі- он елі ішекке бөлінетін панкреатиттік сөлдің құрамында асқазандағы қышқылды затты бейтараптандырып және астың қорытылу үрдісіне қатысатын мынадай ферменттер (амилаза, лактаза, липаза, мальтаза, трипсин және т. б. ) болады. Эндокринді қызметі – гормондардың (глюкагон, инсулин және т. б. ) өндірілуі.
Ұйқы безінің гистологиялық құрылысы
Ұйқы безі құрылысының сызбасы
Ұйқы безінің сыртқы қызметі жетіспеушілігі синдром. Себептері. Белгілері. Диагностикасы. 6
Ұйқы безі дерттері шағымдары • Негізінде ұйқы безі дерттерінің негізгі көрінісі болып мына белгілер келеді: • 1. Ауыру сезімі 2. Диспепсиялық бұзылыстар 3. Сыртқы сөл бөлу қызметінің бұзылысы (мальдигестия және мальабсорбция белгілері) 4. Ішкі сөл бөлу жетіспеушілігі (панкреатиттік қант диабеті) 7
Белгілері – ауыру сезімі • Орналасу орны -эпигастрий аймағында немесе сол қабырға доғасы астында • Пайда болу себебі – тағамнан кейін, әсіресе майлы мол тағам, - 40— 60 мин арасында және 1/2— 3 сағатқа дейін. • Сипаты – сыздаған (Ұ. Б. паренхимасының қабыныуы, капшығының кернелуі); кейбір жағдайда – қатты, кенеттен (ұстамалы түрде – бауыр-ұйқы безі қышқышының қимылқозғалысының бұзылысы ) • Асқазандық диспепсиялық белгілер • Іш өтуі • Жүдеу • Қант диабеті белгілерінің қосылуы 8
Диспепсиялық белгілер • Жеңілдік әкелмейтін құсық, майлы тағамға жиіркенішті сезім, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, кекіру, іштің кебуі, шұрылдауы – бұл белгілердің даму себебі – асқазан-ішек жолдарының қосымша дерттеріне байланысты (әсіресе -12 -елі ішектің төменгі бөлігінде және ащы ішекте) қорытылу мен сіңірілудің нашарлауы. • Іш өту – ұйқы безі дерттеріндегі тәндік белгі - бастапқыда қысқа мерзімді (1 -5 күн арлығында); кейннен дерт ұлғаюында – “айқын тәндік іш өту”. 9
Белгілері • Жүдеулік – дерттің айқын кезеңінде (сыртқы сөл бөлу қызметі нашарлауында (яғни қорытылу мен сіңірілудің айқын бұзылысы) болады; бастапқыда науқастар салмағын сақтайды – тіпті толық болып келеді. • Қант диабеті белгілерінің қосылуы шөлдегіштік, ауызының құрғауы, полиурия) эндокриндік жетіспеушілік дамуында – негізінде өте кеш пайда болатын белгілер (15 жыл және одан жоғары уақыттан кейін) 10
Анамнезі • • Себептері Ретсіз тағамдану Майлы, ащы тағамды жиі қабылдау Ішімдікке салыну Созылмалы холецистит 11
Қарап тексеру -Төсектегі кейпі Айқын өршуінде - мәжбүрлі – тізесі мен шынтағына тірелген кейіпте немесе алға еңкейіп отырады -Тері түсі – боз немесе сарғыштанған - механикалық сарғаю түрі - Ұ. Б. басы жарақатында - ісіну мен дәнекерленуі – жалпы түтіктің ұйқы безі бөлігінің басылуы. Кейбір жағдайда - зәрдің күңгірттенуі мен нәжістің түссізденуі болуы мүмкін. -Пальпацияда – ауыру сезімінің негізгі орналасуы орны– эпигастрий аймағының сол бөлігі; зақым бөлігіне байланысты: басы - оң қабырға доғасы асты; денесі – эпигастрий аймағы; құйрығы - сол қабырға доғасы асты және сол қабырға доғасы аймағы. -УІІІ-Х қабырғалар сол бөлігі деңгейінде терінің жоғарғы сезімтал, яғни – жоғарғы деңгейде ауыру сезім аймақтары анықталады – Захарьин- Геда аймақтары– иннервацияға байланысты (Кача белгісі). 12
Пальпация 13
Ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу қызметі бұзылысы синдромы • Ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу қызметі бұзылысы синдромы - бұл ұйқы безінің негізгі ас қорыту ферменттері (трипсин, липаза, амилаза т. б. ) бар сөлі бөлінуінің бұзылысымен сипатталатын белгілердің жиынтығы 14
Себептері Біріншілік н/е туа біткен –даму жетіспеушілігі, муковицидоз Екіншілік – паренхимасының зақымы – панкреатит, кисталар, ісіктер, өзегінің бітелуі (тас; ісік) 15
Ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу қызметі бұзылысы синдромы • Жүре пайда болған – созылмалы панкреатиттің ақырында –Ұ. Б. ұлпасының құрылымдық өзгерісі салдарынан оның сөл түзу (ферменттер, гормондар) қасиеті төмендейді - сөл бөлу жеткіліксіздігі дамиды. • Клиникасында - негізгі көрініс - диспепсиялық синдром, мальабсорбция мен мальдигестия синдромдарымен айқындалатын Ұ. Б. сыртқы сөл бөлу бұзылысы. • Мальдигестия – тағам бөлшектерінің сіңірілу мүмкіншілігі деңгейіне дейін қорытылуының бұзылысы. • Мальабсорбция – бұл тағам бөлшектерінің аш ішекте сіңірілу үрдісінің бұзылысы 16
Ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу қызметі бұзылысы синдромы Ұйқы безі сөлінің ішікке жеткіліксіз түсуіне байланысты (N-1, 5 -2 л/тәул. ) немесе оның құрамында негізгі ферменттер мөлшерінің азаюы мына жағдайларды тудырады: • Ішектің құыстық ас қорыту қызметі бұзылыстары; • Аш ішекте үдемелі түрде микроорганизмдердің көбеюіне жағдай туады- ішектік дисбактериоз пайда болады. • Бұл үрдістер ас қорыту бұзылыстарын үдетеді 17
Ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу қызметі бұзылысы синдромы • Негізгі белгі – қоймалжың үлкен дәрет – тәулігіне 23 немесе одан көп - “ұйқы безіне тәндік үлкен дәрет”- көп мөлшерде, алтын сары түстес, майлы, жылтыр, жағымсыз , өткір иісті. • Іштің кебуі – жоғары деңгейде желденуі (шіріту, ашыту үрдістерінің бұзылысы) • Жүдеулік: 1 - тағам қабылдау қорқынышы (ситофобия); 2 -анорексия (тәбеттің жоғалуы); 3 - мальабсорбция (сіңірілу бұзылысы); • Гиповитаминоз белгілері - тері түсінің қарауытуы (А вит. ), қызыл иектік қанауы (К ж/е С вит. ); қараңғыда көрудің нашарлауы, Са – сіңірілуінің бұзылысы – тартылулар, сүйектегі ауыру сезімі (остеопороз) және т. б. • Эндокриндік жетіспеушілік – панкреатиттік қант диабеті. 18
Ұйқы безі дерттеріндегі шағымдар 1. Ауыру сезімі • Орналасу орны: іштің жоғарғы бөлігі (эпигастрий), сол қабырға доғасы асты • Таралуы: арқаға, бел аймағы (белдеме тәріздес), сол иық • Сыздап, қысып, тұрақты немесе ұстамалы, тағамнан кейін, әсіресе майлы әлде ащы – 15 -20 минут өткеннен кейін. 2. Сарғаю (механикалық) - соған байланысты терінің қышуы 19
Анамнезі және қарап тексеру • • • Анамнезі: Алкоголдік ішімдікке салыну, майлы тағамдарға шамадан быс қабылдау Созылмалы холецистит Жалпы қарау: Жалпы жүдеулік (ҰБ ісігінде) Сарғаю – қоңыр түсті, жасыл реңді, қасыңған іздері терісі. Сарғаю басым жағдайда –өт жолдарынан өт бөліну бұзылыстарына байланысты - ұйқы безі қабынуы өт тас ауруы салдарынан болса және тағы өт қысқышының қабынуы мен оның тарылуы Терінің құрғауы және серпінділігінің төмендеуі 20
Ұйқы безі 21
Ұйқы безі (ҰБ) жетіспеушілігі Кезеңдері 1 кезеңі - бастапқы, жасырын- ферменттердің шамадан тыс қажеттілігінде - яғни тағамды көп қабылдағанда көрініс береді 2 кезеңі - айқын ұйқы безі жетіспеушілігі - іш өту, стеаторея, креаторея, амилорея 3 кезеңі – дистрофиялық - жоғары деңгейдегі мальдигестия мен и мальабсорбцияға байланысты салмақтың айқын төмендеуі, азу, ағзалар мен тіндерде дистрофиялық өзгерістер 22
ҰБ зертханалық аспаптық тексеру әдістері • Қанда және зәрде – ферменттерді анықтау диастаза, липаза жоғары; • ЖҚА: Л-тоз; лимфопения, анэозинофилия, жоғарылаған ЭТЖ (ҰБ қабынуы); гипергликемия, гипокальцемия, гиперглобулинемия • Копрологиялық (нәжіс) зерттеулер : стеаторея –бейтарап майлары, май қышқылдары , амилорея – крахмал; қорытылмаған ет талшықтары - креаторея • УДЗ; КТ – ағза көлемі, ұлпасының өзгерістері – қабыну; ошақты немесе таралған дистрофиялық және өспелер (қатерлі, қатерсіз). 23
ҰБ УДЗ 24
ҰБ УДЗ ҰБ жалған киста 25
Кері байланыс сұрақтары 1. Сіздерге бұрын біріктірілген дәрістер (1 тақырыпта бірнеше пәндер бойынша ) жүргізілді ме? Жауап: ия немесе жоқ. 2. Біріктірілген дәрістердің 3 тиімді жағын айтыңыз. 3. Біріктірілген дәрістердің 3 қолайсыз жағын айтыңыз. 4. Келешектеде осы түрде дәріс алуға қалай қарайсыз? 5. Біріктірілген дәрістердің сапасын жақсарту мақсатындағы Сіздің ұсынысыңыз 26
Тыңдағандарыңызға рахмет! 27
ЖКТ2 (КАЗ).pptx