индия азамат.pptx
- Количество слайдов: 27
Үндістан мемлекеті
Жоспар: 1. Ерте ортағасырлардағы Үндістанның аграрлық құрылысы мен қауымдар. Касталар мен дін. 2. Деканның саяси тарихы. 3. ХІ –ХҮ ғасырлардағы Индия. 4. Дели сұлтандығының құрылуы. 5. Виджаянгар мен Бахмани.
Ерте орта ғасырларда Индияда феодалдық қатынастардың қалыптаса бастауы (ІІІ—ХІ ғғ. ) Нарбадда өзені мен Виндхи тауларынан солтүстікке қарай жатқан жерлер Солтүстік Иңдия, ал олардан онтүстікке қарай жатқан жерлер — Декан / «дакхин» — оңтүстік/ деп бөлінеді. Бұл жерлерде көптеген тайпалар тұрды. Олардың тілдерінде біраз ерекшеліктер болды. Тайпалар дамудың әртүрлі сатысыңда еді: біреулері алғашқы қауымдық құрылыста болса, еңді біреулері құл иеленушілік құрылыста, келесі біреулері — феодалдық қоғамға аяқ басқан еді.
Солтүстік Индияда дәңді дақылдар, жеміс-жидек, май алынатын, қабығынан жіп жасалатын өсімдіктер өсірілді. Малдың да көптеген түрлері өсірілді. Таукен кәсібі дамыды: мысалы, алтын, темір, т. б. металдар өндірілді. Ертеректе тек қолөнерінде қолданылған темірден жасалған еңбек құрал- саймандары V —VІ ғасырларда жер өңдеу ісінде де кеңінен пайда-ланыла бастады. Өндіргіш күштердің жетілуінің тағы бір көрсеткіші — құрылыс ісі болды. Бұрынғы ғибадатханалар мен т. б. қоғамдық үйлердің негізгі құрылыс материалы болып келген ағаш енді таспен, кірпішпен алмастырыла бастады. Жаңа ғасырдың басында тастан салынған құрылыстар тек тас өңдеушілердің шеберлігін ғана емес, олардың өңдеу құрал-жабдықтарының жоғары дәрежеде жетілгендігін де көрсетеді.
Осы кезде Индияның атақты үңгір храмдары, яғни басынан аяғына дейін тек тастан қашап салынған будда храмдары өмірге келді. Сондай құрылыстың бір үлгісі — Анджанттағы будда вихрасы.
Жер иесі — феодалдың билігі өз қарамағындағы басыбайлы немесе толық құқылы емес шаруаларға тарады. Князьдықтарындағы ең ірі жер иелері — махараджалар /ұлы князьдар/ болды. Князьдар бос жатқан жерлер мен қауым жерлерінің біраз бөлігін күшпен тартып алу арқылы өздерінің жер иеліктерін құрастырды. Индияда қызмет орны әкеден балаға көшіп отырды. Сол себепті қызметі үшін берілетін жерлер де атадан балаға қала беретін. Əскери міндеткерлігі үшін де жер берілетін. Сол жері үшін оның иесі жасақшыларымен князь шақырған кезде жиналып келуі керек болды. Егер келмей қалса, жерді князь қайта алып қоюға құқылы. Мұндай жер беру жүйесі әсіресе Гуджаратта, Мальвада, Раджпутан мен Джамна-Ганга өзендері маңында кең өріс алды. Сөйтіп, Индияның бір аудандарында феодалдық қатынастар мен таптар дамып, жетіле түсті, ал енді бір аудандарында жаңадан қалыптасып жатты.
Қала. Феодалдық қатынастар орнай бастаған кезде қала құлдырауға ұшырады. Бірақ бұл дағдарыс көпке созылған жоқ. Мұны Индиядағы рентаның үстем түрі азық-түлік салығы болғандығымен түсіндіруге болады. Артық азық-түліктің едәуір бөлігін феодалдар айырбасқа жүретін товарға айналдырып отырды. Феодалдық князьдықтардың портты қалалары мен астаналары ірі тауар айырбасының орталықтары болды. Қаладағы, ауылдағы қолөнершілер өз кәсіптері бойынша q тоқымашылар, q зергерлер, q етікшілер, q қару-жарақшылар касталарына бірікті.
Деканның саяси тарихы. Ерте орта ғасырлардың басында Деканда да бірнеше ұсақ феодалдық князьдықтар пайда болды. Олардың ішіндегі үлкен рөл атқарғандары — астанасы Канчи қаласы болған Паллавтар князьдығы мен астанасы Ватапи /қазіргі Бадами/ қаласы болған Чалукилер князьдығы болды. Табысты соғыстардың нәтижесінде Паллавтар қазіргі Тамил халқы қоныстанған аумақты, ал Чалукилер ІІ Пулакешин тұсында маратхи, телугу және жартылай каннара халқы орналасқан аумақтарды жаулап алды. Тарихи деректер VII ғасырдан бастап Чалукилермен Паллавтар арасында тынымсыз соғыс жүргізілгенін хабарлайды. IX ғасырдың ортасында Раштракуттер деген феодалдар Чалукилерді құлатып, X ғасырдың аяғына дейін билікті қолдарында ұстады. Канчи Бадами
Араб жазушыларының айтуынша, Раштракуттер мемлекеті сол кездегі Индияның ең күшті мемлекеті болды. Раштракуттер көрші Декан князьдарымен, шығыста — чалукилермен және чолалармен, канаудждың пратихараларымен, сондай-ақ өз вассалдарымен соғысып отырды. Тынымсыз соғыстар Раштракуттерді әлсіретті. Оны чалукилер пайдаланып қалды. Раштракуттер жеңіліп, чалукилер билігі орнады. Чалукилердің әскери қуаты XI ғасырдың ортасында өте жоғары дәрежеге жетті. Чалукилер мемлекетімен бір мезгілде Деканның оңтүстігінде Чолалар мемлекеті құрылды. Оның аумағы, әсіресе I Раджендраның /1016— 1044/ тұсында әлдеқайда ұлғайды. Раджендраның сәтті соғыстарының нәтижесінде Чола державасы Оңтүстік Индиядағы Тамиль жерлерін, Бенгал шығанағы жағалауын өзіне қаратып алды. Раштракут
Касталар мен дін. Индиядағы антифеодалдық күрестің бір түрі, басқа елдердегідей, сектанттық қозғалыстар болды. Ол қозғалыстар барлық адамдардың құдай алдындағы теңдігі, кастасына байланысты артықшылықтарды жою ұранымен өтетін. Сондай секталардың бірі бхакти сектасы болды. XII ғасырда Чалукилер мемлекетінде Басава деген діндар лингаяттар сектасын құрды. Бұл секта брахмандық дінмен келіспеді. Ол брахмандардың қоғамдағы және дін саласындағы беделін мойындамады. Кальяни қаласындағы діни қақтығыс лингаяттар мен брахман ортодоксиясы арасындағы қанды қырғынға ұласты. Оның нәтижесінде Кальяни қаласы толық қирады. Кейбір феодалдар тобы жағынан көрнекті ортағасырлық философ, бхакти идеясының насихатшысы Рамануджа қуғындалды. Сөйтіп, феодалдар бхакти сектасының негізгі идеяларын байларға қарсы бағытталған қауіпті идея деп санады. Басава
Ортағасырлық Индияның бір ерекшелігі — халықтың толып жатқан касталарға бөлінуі еді. Оның әрқайсысының феодалдық қоғам өмірінде белгілі орны болды. Каста, кейбір оқымыстылардың ойынша, еңбектің қоғамдық бөлініс түрі болды. Əр кастаның өз кәсібі болды, бұл кәсіп әкеден балаға көшіп отырды, ол кәсіпті ауыстыруға болмады, басқа кастаның өкілімен некелесуге рұқсат етілмеді. Əр кастаның кәсібі қоғамның жазылған заңдарымен де, жазылмаған, бірақ қалыптасқан салт-дәстүрімен де бекітілді. Бір кастадан екінші кастаға өтуге тыйым салынды. Ең жоғарғы касталар — абыздар /брахмандар/ мен әскери жер иеленушілер / кшатрилер мен раджпуттер/. Олардан кейін өздерін вайшиттер өкілі деп есептейтін көпестер мен өсімқорлар кастасы тұрды. Келесі сатыда шудра кастасы тұрды. Ең төменгі сатыда құлдар мен малайлар істейтін үй сыпыру, кір жуу, тері илеу сияқты жұмыстағылар тұрды.
Индуизм деп аталатын Индия қоғамының діни идеологиясы касталық бөліністі қолдап, бекітті. Индуизм әртүрлі діни нанымдарды қамтиды. Индустар деп христиандық, ислам, буддизм, парсизм мен иуда дінін ұстанбайтын, Индияның байырғы тұрғындары есептелді. Индуизмнің қалыптасқан, бекітілген жарғысы, ұйымдық басшылығы, ережелері болмады. Кәсіпқой — брахман абыз болу үшін брахманнан туғандығы да жеткілікті болатын.
Индус пантеонының /барлық құдайлар жиынтығы/ басында үш құдай: Брахма, Вишну, Шива тұр. Брахма — әлемді жасаушы, дүниенің жаратушысы. Вишну — бейбітшілік сақтаушысы. . . Шива — күйретушілік және қайта құру құдайы. Орта ғасырларда, әсіресе Шива мен Вишна зор құрметке ие болды. Оларға арнап храмдар тұрғызылды, құрбандықтар шалынды. Барлық үндістер вишнуиттер /вишинавтар/ мен шиваиттерге /шайвтер/ бөлінді. Бұл вишнуизм мен шиваизмде ежелгі тотемизм мен фетишизмнің, аруаққа табынушылықтың ізі сақталған. Бұл Ганга өзенін, жануарлардан — сиырды, өсімдіктерден — лотосты ерекше құрметтеуден көрінеді Брахма Вишну Шива
XI—ХV ғасырлардағы Индия Дели сұлтанаты Солтүстік Индия бірнеше княздықтарға бөліңді. Олардың ішіндегі ірілері Ғахарварлар әулеті, Чаухандар әулеті, Манделдер әулеті, Палдар, Сендер әулеті болды. ХІІ ғасырдың екінші жартысында олардың арасында Ганг өзенінің алқабы үшін ұзақ күрес жүрді. Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб Ад-дин Айбектің қол стына бірігіп, соның билігін мойындады. Газни мемлекетінен бөлінген феодалдар Дели сұлтанатын құрды. Дели сұлтандығы 1206 – 1526 жж. өмір сүрді. Оны ХҮ ғасырдың ортасына дейін түрік халқының өкілдері, ХҮ ғасырдың ортасынан – ауғандық Лоди әулеті басқарды.
Кутуб-ад-дин Айбек сұлтан болған соң Делиде 100 жылға жуық түрік гулямдарының билігі орнады. Айбек Делиде бірнеше ірі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Мысалы: Лал Кот (Қызыл бекініс), “Кувват ул ислам” (Ислам күші). Кутуб-ад-дин Айбектің негізгі әлеуметтік тірегі - әскері болды. Мемлекеттік дін ислам діні болып, жарияланды. XII ғасырдың аяғы мен XIIІ ғасырдың басында мүсылмандар саны артты. Айбек мыңдаған храмдарды жойып, орнына мұсылман мешіттерін тұрғызды. Мемлекеттік тілі – парсы тілі болды.
1210 жылы Кутуб-ад-дин Айбек ат үстіндегі ойындарда (чауган) аттан құлап қайтыс болады. Түрік ақсүйектері Шамс-ад-дин Илтумышты (1210 -1236 ж. ж. ) отырғызады. Илтумыш түсында Дели сұлтандығының территориясы кеңейе түсті. 1225 жылы Дели сұлтандығына Бенгалия билеушілері алымсалық төлеп тұруға келісім берді. 1232 жылы Шамс-ад-дин Илтумыш Гвалиурды, 2 жылдан соң Бхилсу мен Уджжаинды бағындырды. Шамс-ад-диннің әскери жетістіктері ақсүйектердің бірігуіне және сұлтандықтың күшейуіне жағдай жасады. Бұған осы кезде шығыс елдерінде басталған монғол шапқыншылығы да үлкен әсер етті. Илтумыш өлімінен соң оның жақындар мен әскери гулямдар арасында өзара күрес басталды. Шамс-ад-дин Илтумышты (1210 -1236 ж. ж. )
Феодалдық меншік түрлері. Дели сұлтанатында жер мемлекеттің меншігі болып табылды. Жерді беру, оның салық мөлшерін анықтау мәселелері сұлтан билігіңде болды. Əрбір жеке феодалға сұлтан мемлекеттік рентадан үлес алуға грамота беретін. Сұлтанның жекелеген феодалдарға рента салық үлесін алып беретін жерлері үш категорияға бөліңді. 1. Ихта. Бұл әскер басыларына берілетін жер үлесі. Ол үлес уақытша берілді. Үлес әкеден балаға мұра ретінде берілмеді. Үлестің мөлшері әскер басының атақ лауазымына, соған сай ұстайтын әскерінің санына қарай белгіленді. Үлестен түскен табыстың оннан бірі немесе ең азы — жиырмадан бірі әскер басына қалатын. Сол табысқа әскер басы — феодал атты әскер ұстауы тиіс болды. Сұлтан шақыра қалған кезде өзі қаруландырған әскерімен келуі тиіс болды. Ихтаның мөлшері әскери феодалдың атақ шені өскен сайын ұлғая түсетін.
2. Инам және вакф. Инам дін басыларының, оқымыстыларының, молдаларының жер үлесі. Инам әкеден балаға мұра ретінде қала беретін. Вакф — мешіттер мен медреселердің жері болды. Ол мекемелер жабылып қалса, жер қайтадан мемлекет қарамағына көшетін. 3. Заминдарлар. Заминдар деген жергілікті үнді феодалдары. Олар өз қарамағындағы шаруалардан жер салығын жинап алып үкіметке өткізетін. Өз жалақысы ретінде жиналған салықтың белгілі бір мөлшерін алып қалатын. Заминдарлар әскери міндеткерлік атқарған жоқ. Олар өз қарамағындағы жерлерді басқа біреулерге сыйлауға, үлестіруге, кеңейтуге құқылы болды. Заминдарлар жері де әкеден балаға мұра ретінде қалып отыратын. Бірақ мемлекеттің қажет болған жағдайда жерді алып қоюға құқы болды.
Дели сұлтандығының гүлденуі мен құлдырауы. XІІI ғасырдың ІІ жартысында монғол хандарының жағынан қауіп күшейді де Дели сұлтандары Үндістанның жаулап алынбаған басқа территорияларына басып кіруін тоқтатуға мәжбүр болды. Сыртқы жаулардан басқа сұлтанға ірі феодалдармен күресуге тура келді. Сұлтан Алау-ад-Дин Хильджа (1296 -1316 ж. ж. ) өзінің күшті жалдамалы әскерінің арқасында қауіпті қарсыластарын жойды және монғолдардың үш шабуылына тойтарыс берді. Алау-ад-Дин салық есебінен мемлекеттік кірісті көтеруге, әскерді нығайтуға, феодалдарға өзінің абсолюттік билігін орнатуға бағытталған реформалар бастады. Алау-ад-Дин Хильджа (1296 -1316 ж. ж. )
Алау-ад-Диннің негізгі іс шаралары: v v v v салық жүйесін өзгертті; “базарлық құрылымды” енгізді; әскерді қайта құрып, оны күшейтті; икталық жүйені қайта қарады; алғаш рет аттарды таңбалауды енгізді; елде қатаң репрессиялық режим орнатты; бай адамдардың бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды.
Сұлтанаттың экономикалық жағдайының гүлденуі Мұхаммед Тоғалақ (1316 -1320 ж. ж. ) кезінде болды. Ол өз әкесін жасанды түрде өлтіру арқылы билікке келді. Мұхаммед Тоғалақ тәжірибелі әскербасы еді және өзі ІІ Александр Македонский сияқты әлемді билегісі келді. Салық жүйесінде өзгеріс жасады, икталық жүйені нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізді. Мемлекет астанасын Делиден Деогирге ауыструы, Дели сұлтандығының әлсіреуіне жол ашты. Мұхаммед Тоғалақтың сәтсіз іс-әрекеттерінің бірі – ақша реформасы болды. Елде ашаршылық басталып, халық көтерілістер көбейді. 1358 жылы Гуджараттағы көтеріліс кезінде Мұхаммед Тоғалақ қайтыс болды. Мұхаммед Тоғалақ (1316 -1320 ж. ж. )
Виджаянгар мен Бахмани. Дели сұлтандығы өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқанда, Деканда екі мемлекет пайда болды. Бірі Деканның солтүстік бөлігінде мұсылман әулетінің билеушісінің атымен аталған Бахмани мемлекеті болса, екіншісі Тунгабхадр өзенінің қасындағы астанасының атымен аталған - Виджаянгар мемлекеті болды. Бахмани Виджаянгар
Бұл индус билеушісінің билігінде болды. Бахмани мемлекетін М. Тоғалаққа қарсы көтерілген Дели сұлтандығының наместниктер мен Декан иктадарлары құрды. Мемлекет басына ірі жергілікті иктадар – Ала –ад-дин Бахманиді шах титулымен отырғызды. Феодалдық тәртіп бұрынғы Дели сұлтандығындағыдай жүйеде сақталды. Бахмани шахтары өз феодалдарына үлкен билігі болды. Мұндай билікті Дели сұлтандары ең гүлденген кезде де ие болмаған еді. Бахмани мемлекетінде 1469 -1492 ж. ж. орыс көпесі Афанасий Никитин 3 жыл болып, олардың өмір сүру үрдісі туралы көп деректер қалдырды. Афанасий Никитин саяхатта
Виджаянгар мемлекеті: Бахмани мемлекеті ыдырағаннан кейін, Декандағы ең ірі держава виджаянгар болды. Бұл Мемлекеттің негізін Мұхамед Тоғалақтың қол астына оңтүстік Индиядан келіп қосылып, ислам дінін қабылдаған ағайынды Буки мен Харихара қалады. 1336 ж. Мухамед Тоғлақтың империясынан Кришна өзенінің оңтүстік жағы бөліне бастады. Бұл жақты басқарып отырған ағайынды Буки мен Харихара жақсы қоршалған Виджаянгар қамалын салды. Бұл қамал күшейіп, төңірегіндегі феодал иеліктерін бағындырып, жеке мемлекетке айнала бастады. ХІV ғасырдың аяғына қарай Виджаянагар басшылары бүкіл дерлік Оңтүстік Индияны өздеріне бағындырып, Бахмани сұлтандарымен күрес бастады.
Виджаянагар мемлекетінің құрамына кірген кейбір жерлер вассалдық княздер билігінде болды. Княздардың белгілі бір мөлшерде дербестіктері болды. Олар кейде бір-бірімен соғысып та отырды. Бірақ жердің көпшілік бөлігі үкіметтің қарамағында болды. Ол жерлер провинцияларға бөлініп, орталық үкімет тағайындайтын губернаторлар билігінде қалды. Губернаторлардың міндеті —алымсалықтар есебін жүргізіп, оны уақтылы жинап, өткізіп отыру, өз провинциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вассалдар бүлігін басып отыру болды. Үкімет губернаторлардың күшейіп кетуінен қауіптеніп, оларды әр 2— 3 жыл сайын басқа жұмысқа ауыстырып отырды. Феодалдық жер иеленудің басты түрі амаран болды. Бұл ихтаға ұқсас уақытша шартты иелік болды. Храмдар мен брахманадардың да ірі жер иеліктері болды. Ірі храмдар — патшаның, шағын храмдар — жергілікті княздердің вассалдары болып есептелді. Храмдар мен брахмандардың жерлерін тартып алу үлкен, кешірілмес күнә болып табылды.
Әдебитеттер: 1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2 -х частях. Ред. кол. : Ф. М. Ацамба. , З. Г. Лапина, М. С. Майер. –М. , МГУ, 1987 2. Семенов В. Ф. История средних веков. -М. , 1970. 3. Всемирная История 12 -томах. Т. 2 -3. М. , 1957. 4. Васильев Л. С. История Востока. В 2 -х томах, Т-1. М. , 1998. 5. История Востока В 3 -х томах /ІІ-том Восток в средние века М. , РАН 1995 М. , РАН-1998. 6. История средних веков (под ред. Сказкина) М. , 88 7. С. А. Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А. 1998 ж. 8. История стран зарубежной Азии. Л. , 1970. 9. История Индии в средние века М. , 1967. 10. Неру Дж. Открытие Индии М. , 1995. 11. Антонова К. А. , Бонгард-Левин Г. М. , История Индии М. 1979. 12. Касты в Индии М. , 1965. 13. Бабур З. М. Бабур-нама. А. 1996. 14. Медведев Е. М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М. , 1990.
Назарларыңызға рахмет!!!


