сзс14-1 самат.pptx
- Количество слайдов: 12
Үнді мәдениеті Орындаған: СЗС 14 -1 тобының студенті Сламғали Самат
Ежелгі Үндістан мәдениеті Үндістан - дүниежүзілік өркениет мәдениетінің өте жоғары дәрежеде дамыған ошақтарының бірі. Оның аумағынан палеолит заманында қолданылған материалдық мәдениеттің (әр түрлі аңшылық құралдар, кеселер мен үгіткіштер, мата қалдықтары) көптеген ескерткіштері табылды. Б. д. д. III мың жылдықтың екінші жартысынан бастап бұнда 400 пиктограф пен буындық белгілерден тұратын жазу пайда болды. Үнділер басқыншы болмағанымен, оларды басқалар үнемі бағындырумен болған. Ежелгі замандардан бастап әр түрлі халықтар Үндістанның табиғи байлықтарына - асыл тастарына, алмаздарына, хош иісті майларына, пілдері мен арыстандарына, ақыл-ой қазыналарына қол жеткізуді арман еткен.
Саяси өміріне келетін болсақ, Үндістанның Қытайдан ерекшелігі, Қытайда барлық адамдар тең болса, мұнда адамдар касталарға бөлінген. Бірінші каста - брахмандар, абыздар, бұлар құдайдың елшілері саналып, аса маңызды артықшылықтарды пайдаланған. Екінші кастада - әскерлер мен басқарушылар, үшінші кастада -егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер болған. Төртінші кастаның өкілдері - шудралар, қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандықтан, олардың қара, лас, ауыр жұмыс жасаудан басқа ешқандай құқылары болмаған. Үнділердің ең ежелгі кітабы Веды деп аталды. Ол санскрит тілінде жазылған. Ведалардың мәтініндегі діни қағидалар мен ережелер адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге көмектесті. Ғылымы мен әдебиеті. Ведаларда металл (қалайы, мыс, қорғасын, күміс, алтын) өңдеу тәсілдері, медициналық емдеу (анатомия, патология, терапия, хирургия, т. б. ) әдістері, математика, шахмат туралы мәліметтер толық берілді. Үнді мәдениеті әсіресе, Маурилер династиясы билеген тұста (б. д. д. ІV -ІІ ғасырлар) айрықша өркендеді. Бұл кезеңде үнді ғалымдары қазіргі сандарды санаудың ондық жүйесін, арифметикалық және геометриялық прогрессияларды, тригонометрия мен алгебраның негіздерін ойлап тапты. Химия саласындағы білімдер сілтіні, қышқылды, бояуларды, дәрілерді, әтірді, цементті, тұзды дайындауға мүмкіндік берді.
Тілдері Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі.
Музыка мен би Үндістан халықтары — өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлері болып табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың әр салалы еңбек және рухани қызметіне байланысты халықтық және ұжымдық әдетғұрыптардан басталады. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі “Натья-шастра” (1 ғасыр) трактаты өзі жарық көргенге дейінгі заманда үнділіктерде өзіндік ерекшеліктері мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка жүйенің өмір сүргенін дәлелдейді. Үнді музыкасына суырып салмалық тән. Үндістанға Кіші және Орталық Азиядан келгендер орныққаннан кейін үнді музыка мәдениеті мұсылмандық Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз байланысқа түсті. Нәтижесінде үнділіктер мен мұсылмандардың дәстүрлі өнерін ұштастырған жаңа стиль пайда болды. Көптеген вокалдық стильдердің ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (бастауын ежелгі храмдық ән айтудан алады), кхиял (дхурупадтың парсы музыкасымен бірігуі нәтижесінде кейінірек пайда болды). Сондай-ақ махаббат қуаныштары мен өкініштері жөніндегі әсем лирикалық ән-тхумри, негізін Пенджабтың халық әндері құраған лирикалық шығарма — таппа, Бенгалия халық музыкасының үлгілеріне жақын бхаджан мен киртан да кең тараған. Кәсіпқой музыка өз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классик. және халықтық музыка жанрлары бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді. Әр түрлі аудандардың халық әндері жергілікті ерекшеліктерге ие, оларға табиғи, шынайы сезімдік сарын, әлеум. реңк тән. Үндістан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін музыкалық мәдениеттің дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Музыка, би мен драма академиясы (“Сангит натак академи”, 1953) құрылды. 1954 жылдан үнді әндері жөніндегі конференция (“Сангит самелян”) өткізіліп келеді. Қазіргі заманғы Үндістанның музыка мәдени өміріндегі жаңа құбылыстардың бірі — үнді киносындағы музыка. Оның негізгі ерекшелігі — музыка өнерінің батыс және шығыс үлгілерінің үйлесімі болып табылады.
Сәулет өнері ежелгі үнді елдерінде аса шеберлікпен дамығаны белгілі тіпті сол кездерде шарықтау шыңына да жетті десек артык емес себебі атақты ғимараттарының саныда аз емес. Ежелгі үнді мәдениетінің сәлет өнері әлі күнге дейін өзінің әдемілігі мен ерекшелігі көздің жауын алып келеді. Оған себеп Тәж Махалды алсақ болады. Оның сәулеті керемет болғаны соншалық әлемнің жеті кереметіне енді.
Бояқтар, Көркемөнер Түрлі түті бояқтарды үнді елі ерте кездерден бері қолданып келеді. Оларды жәй ғана қолдана қоймай өз діни наным сенімдеріне де енгізе отырып, сонымен қоса бояуларға арнап холи мерекесін тойлауды енгізген. Ежелгі үнді көркем сурет өнері , қолөнер, фрескалықсурет қол жетпейтін табыстарға ие болды. Үнді көркем суретіне бейнелердің байлығы мен нәзіктігі, шығармашылық қиялдың батылдығы, композициялардың әр түрлілігі мен күрделілігі, қозғалыстар мен сезімді берудегі шеберлік тән болды.
Ерте заманнан Үндістан ерекше дәстүрлері және мәңгілік құндылықтарымен саяхатшыларды қызықтырып келген. Үнді мәдениеті басқа елдерге қарағанда өте бай, өйткені үндістер өз дәстүрлерін қатты құрметтейді және барлық жағынан қатаң сақтайды. Соның ішінде киім киюде. Үнді киімі ел тарихы мен салт жоралғыларының бір бөлігі ғана емес, бұл айыру белгісі ретінде де қызмет атқарады. Және үндістердің касталық тиімділігін ажыратып қана қоймай, киіміне қарап, нақтырақ айтсақ, түсі және бөлшектеріне байланысты, адамның елдің қай ауданынан, тіпті қай ауылынан екенін анықтауға болады. Үндістанда ұлттық киім кию – абырой саналады, ал үйде саридің болуы – молшылықта өмір сүру дегенді білдіреді. Үнді киімі – түстер мен ыңғайлылықтың мейрамы іспеттес. Дәл Үндістандағыдай, ешбір елде киімнің ыңғайлылығын басты назарда ұстамайтын шығар, және бұл түсінікті де, ылғалды және ыстық субтропикалық ауа-райына киімнің пішімі қарапайым және кең болғаны жақсы. Бұйымдарының көбі көпқабатты, көптеген қаусырмалар мен орамдардан тұратын жұқа табиғи матадан жасалған. Жалпы, үндістердің перделеу дәстүрі өте ерекше, тіпті стильдерінің бір бөлігі десек болады, сари немесе дхотиді арнайы дайындықсыз қайта біріктіру мүмкін емес. Бір қарағанда, ол бір үлкен кесек мата сияқты. Үнді костюмдерінің түрі Үндістанда негізгі 5 костюм бар деп есептеледі, үш ерлер және екі әйелдер киімі: - дхоти, - курта, - шервани – ерлердікі, - сари, - шальвар камиз – әйелдердікі.
Дхоти – ұзындығы 5 метрден асатын ерлердің белге орайтын таңғышының салтанатты нұсқасы. Киімнің нақты пішімі жоқ, бұл қарапайым төртбұрыш ақ түсті кесінді. Дхотиді байлау үшін перделеуді матаның ортасынан бастау керек. Матаны дененің ортасына дәлдеп алады да, жоғарғы екі шетін белде ұстамды болатындай байлайды. Матаның қалған бөлігін мұқият әдемілеп бүктеп, сол аяқтан артқа қарай өткізіп, шетін белге қыстырып қояды. Ал матаның оң жақ бөлігін де сол сияқты мұқият бүктеп, алдыңғы жаққа, белге қыстырады. Дхоти мен шерваниді тюрбанмен киеді. Үндістанның әр аймағында әртүрлі тюрбан пайдаланылады. Тюрбанға қарап адамның әлеуметтік жағдайын және оның жасын білуге болады. Курта еуропалықтарға жақын, өйткені бұл ұзын жеңді кең жейде. Әдетте куртаның ұзындығы тізеге дейін келеді. Оны жіңішке ұзын шалбармен киеді. Шервани – сүртік пен шалбардан тұратын сәнді ерлер киімі. Мұндай киім Үндістанда өте қымбат тұрады және қалтасы қалың адамдарға ғана қолжетімді. Шерваниді салтанатты кештерге тюрбанмен және ұлттық шарфпен киеді. Әйелдер киімі Үнді әйелдерінің ең танымал киімі, әрине, сари. Дәстүрлі сари үш бөлшектен тұрады: футболка, белдемше және саридің өзінен. Саридің ұзындығы 20 метрге дейін жетуі мүмкін, алайда кейде 9 метрден де аспайтындары болады. Үндістанның бар ғажабы сариде бейнеленген деп жазады ақындар. Бұл мемлекеттің рухы, көңіл-күйі. Сари тігу үшін де біраз қалта қағылады. Ол табиғи, өте жұқа матадан және көбіне кестелеп, алтын жіппен қолмен тігіледі. Қыздардың кішкентей күнінен жасауына сари дайындайды.
Үндістанда, басқа ислам елдеріндегідей ашық киінуге тыйым салынған. Ланга-чоли деп аталатын бәріне таныс іші ашық көйлек – бұл би киімінің бір бөлшегі. Және оны тек өз адамдарының арасында киюге болады. Сариді кию бір қарағанда қиын болғанымен, негізі оңай. Ен матаның етегін еденге дейін түсіріп, бір шетінен артқы жақтан бастап денені айналдырып орайды. Қалған матаны қарама-қарсы иыққа салып қояды. Айналым саны матаға және сари қандай шараға киілетіндігіне байланысты. Әдеттегі өмірде бір рет айналдырып орайды. Артық қалған шетін – паллуды – алдыңғы жағынан бүктеп, белге қысып қояды. Сари қарапайымдылығы мен әдемілігінің арқасында карнавал кештерінде әлем бойынша ең көп киілетін киімге айналды. Жаңажылдық костюм үшін жақсы сари тігу өте оңай, матаның ендігі қиялыңызды іске қосып, келбетіңізді ерекше етуге тамаша мүмкіндік береді. Шальвар камиз – бұл әйелдер күртешесі. Балағы резеңкеден тігілген кең шалбар мен ұзын жейдені үнді қыздары күнделікті өмірде жиі киеді. Бір қызығы, бұл киімнің отаны – Ауғанстан, бірақ Үндістанда үлкен танымалдылыққа ие болып, тіпті ұлттық киіміне айналып кетті.
сзс14-1 самат.pptx