Tema_7.ppt
- Количество слайдов: 13
Үлкен ми сыңарларының физиологиясы
Жоспары: Үлкен ми жүлгелері мен иірімдері Үлкен ми сыңарларының бөлімдері Үлкен ми сыңарларының қыртысы
Үлкен ми Милардың ішіндегі ең үлкені, ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады. Үлкен ми аралық ми мен ми бөліктерін жоғары және екі бүйірлерінен толық бүркейді. Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге миды екі сыңарына бөледі. Оларды оң және сол жақ ми сыңарлары деп атайды. Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ дене арқылы өзара бірігеді, оның кейде мидың ақ денесі деп те атайды. Аралық ми осы бөлім арқылы жалғасады. Әрбір ми сыңарының ішінде бір - бірден қуыс болады. Ол қуыс мидың I және II қарыншасы немесе бүйір қарыншалары деп аталады.
Алдыңғы ми Алдыңғы (соңғы) ми омыртқалылар миының негізгі және ең үлкен бөлімі болып табылады. Ол дорсальдық бетінде ұзыннан жатқан сай арқылы екі жарты шарға, немесе үлкен ми сыңарларына бөлінеді. Әрбір үлкен ми сыңарлары ми жабынынан (ми қыртысынан), иістік мидан, жолақ денеден және мидың бүйір қарыншасынан тұрады. Сайдың түбінде екі жарты шарды бірбірімен жалғастыратын ақ зат табақшасы - қасаң дене орналасады. Қасаң дененің астыңғы жағында қос талшықты белдеуден құралған жарты шарлар күмбезі жатады. Қасаң денеден төменірек бүйір қарыншалар орналасады. Үлкен ми сыңарлары қыртысы мен көру төмпегі аралығында орналасқан торшалар шоғырын қыртыс асты немесе базальдық, түйіндер (ядролар) деп атайды. Ми қыртысы мен базальдық ядролар алдыңғы мидың торшалық затын құрайды. Базальдық түйіндерге жолақ дене (стриатум), бозғылт ядро (паллидиум), шарбақ және бадамша дене жатады.
Үлкен ми жарты шарларының ішкі, медиальды жағында орналасқан белдеулік қатпар, гиппокамп қатпары, гиппокамп, ілгек тәрізді қатпар, бадамша кешен, еміздікше дене, күмбез, көру томпешіктерінің аддыңғы ядролары лимбиялық жуйесі деп аталады. Демек, лимбиялық жүйесі ішкі мүшелер қызметін реттейтін, мінез-қылықтың эмоциялық көрінісін тудыратын ми қыртысының ерте дамыған бөлімдері мен бірқатар қыртыс асты қүрылымдардың морфофункциялық бірлестігі. Лимбиялық жүйе гипоталамус пен вегетативтік жүйке жүйесінің ішкі бөлімдері арқылы ішкі ағзалар кызметін, зат алмасу процесін, ішкі секреция бездерінің қызметін реттейді, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қалыптастырады. Лимбиялық жүйесінде жағымсыз эмоциялар (ашу, ыза, үрей т. б. ) және жағымды эмоциялар (рахаттану, қуану т. б. ) орталықтары орналасады. Лимбиялық жүйесімен қоректік және жыныстық қозу процестері де байланысты.
Үлкен ми жүлгелері мен иірімдері
Үлкен ми сыңарларының бөлімдері Төбе бөлімі Алдыңғы жағынан орталық жүлгемен, артынан — төбе -шүйде, екі бүйір жағынан Сильвиев жүлгелері шектеп жатады. Төбе бөлімі екі үлкен жүлге арқылы үш бөлікке бөлінеді. Оның артқы, орталық жүлгесі орталық жүлгемен қатарласып созылады. Екеуінің аралығындағы бөлігін артқы иірім деп атайды. Төбе аралық жүлге әлгі айтылған жүлгелерге тік созылып, төбе бөліктің қалған бөлігін жоғары және төменгі бөліктерге бөледі. Орталық жүлгенің алдында төменгі және алдыңғы жүлге орталық жүлгемен қатарласып жатады. Бұл екі жүлгенің арасындағы бөлікті алдыңғы орталық иірім деп атайды
Самай бөлімі Жоғары жағынан терең Сильвиев жүлгесімен ортаңғы және төменгі ми сабағы жағынан теңіз аты тәрізді жүлге арқылы бөлініп тұрады. Осы жүлгелерге самай бөлігінде төрт терең жүлге қатарласа орналасады, олар: жоғарғы, ортаңғы, төменгі самай жүлгелері және саңылау сай деп аталады. Бұл сайлардың арасында: жоғарғы, ортаңғы, төменгі самай иірімдері, ұршық тәрізді және теңіз аты тәрізді иірім жатады. Аталған иірімдердің алдында кішкене бөлік бар, оны ілмек дейді. Ол үлкен мидың самай бөлігі мен ми сауытының бүйір қуысын толтырып жатады. Самай бөлігінің алдыңғы ұшындағы сүйірленген жері самай нүктесі деп аталады
Шүйде бөлімі Төбе - шүйде жүлгесінің артында, ми сауытының артқы бөлігін толтырып жатады. Самай мен шүйде бөлімдері айқын шектелмейді. Шүйденің артқа қарай сүйреленген бөлігі шүйде нүктесі деп аталады. Шүйдеде көптеген жүлгелер және иірімдер болады. Бірақ олар тұрақты емес, әркімде әр түрлі. Оның ішінде ең негізгісі қарға тұяқ жүлгесі немесе сайы шүйде нүктесінен төбе-шүйде жүлгесіне дейін созылып жатады. Осы жүлгелердің арасында үш бұрышты сына тәрізді иірім бөлімшесі жатады.
Жиек бөлімі Ортаңғы және төменгі бетте жатқан белдеу және теңіз аты тәрізді иірімдерден түзіледі. Белдеу иірімі төменгі жағынан белдеу жүлгесімен, теңіз аты тәрізді иірім болса, жоғары да өзіне аттас жүлгемен, ал төменгі - алдыңғы жағынан сүйелді дене сайымен шектеледі. Ми сыңарының бір бөлігі болып табылатын аралшық - Сильвиев жүлгесіне батыңқы орналасады. Ол бастың маңдай, төбе және самай бөліктерін бүркеп тұрады. Аралшықты жақсы көру үшін самай бөлікті көтеріп, ысыру керек.
Мидың құрылысы
Үлкен ми сыңарларының қыртысы Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік түрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1, 5 -4, 5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-құлығын үйлестіріп, бағыттап отырады.
Жаңа қыртыс: 1 – маңдай бөлімінің қыртысы; 2 – төбе бөлімінің терібұлшық ет сезімтал аймағы; Ескі қыртыс: 3 -4 – гиппокамп; 5 – миндаль тәрізді дене; Мидың басқа бөлімдері: 6 – таламус; 7 – жұлын, одан тармақталған жүйкелермен; 8 – сопақша ми; 9 – мишық; 10 – көпір; 11 – ортаңғы ми.


