ГУБАН ТОМПИ.pptx
- Количество слайдов: 10
Қызылорда облысының экологиялық жағдайы Орындаған: Сатбергенова Г.
Қызылорда – Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 198, 3 мың адам.
• Бүгін Қызылорда аумағы 9 мың гектар шамасында. Осы жердің кем дегенде жартысында немесе 4, 5 мың гектарында екпе тал, көкөніс өсу керек. Қазір қаланың көптеген көшелерінде арықтар жоқ, болса оларда ағып жатқан су жоқ. Демек, ол арықтарды жағалай өсіп көгеріп тұрған тал да жоқтың қасы. Бізде жер бетінің еңістігі жоқ есебі, сондықтан да суды көше бойы реттеу оңай шаруа емес.
• Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан Амудария Сырдария өзендері 60 жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап жылына орта есеппен 4 текше шақырым су беріп келеді. теңізге қажетті ылғалды беру үшін кемінде жылына 40 -45 текш шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66000 шаршы шақырым су айдынынан, қазір не бары, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. Бір кездері арнасынан асып - тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суық хабарлар барған сайын қатерлі де қорқынышты сипат алып барады
Қызылорда қаласы жаз айларында күннің аптабынан, болмаса жиі соғатын желдің әсерінен күрделі қиыншылық көруде. Шілденің көп күндерінде ауа ыстығы 35 -37 градустан жоғары, осы жағдай адам денсауылығына әсер етіп, оның қызмет атқару қабілетін күрт төмендетеді. Жалпы күн ыстығы 32 -35 градустан асқанда адам баласының жалпы жағдайы нашарлайтыны белгілі. Демек, шілде күндері 35 -37 градустық аптапты 30 -32 градусқа төмендету қажеттілігі айқын көрініп-ақ тұр.
ГУБАН ТОМПИ.pptx