Редакция.pptx
- Количество слайдов: 21
Қызыл-шаруа шағын орталықты орта мектебі 11 сынып Науан Гүлнұр
Ғылыми жоба тақырыбы: “Құлан таңы” газетінің тарихы және басылым бетінің ішкі тіршілігі
Жұмыстың мазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім: -Тұрар Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің тарихы - Шығармашылық және техникалық топ өкілдерінің көтерер жүгі - Басылымның басшысы – Бас редактор Тұрсынхан Жаманбаев ІІІ. Қорытынды
Жұмыстың сипаттамасы Жұмыстың мақсаты: Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің шығу тарихын зерттеу. Газет журналистикасының ішкі құрылымын анықтап, басылымның жай-күйімен таныстыру; Жұмыстың гипотезасы: Басылым бетінің бағыты жайлы баяндау. Газет журналистикасы жайлы жалпы мағлұмат беру;
Жұмыстың кезеңдері 2013 ж. (қазан)-2014 ж. (наурыз) 1 кезең: (қазан-қараша) Ғылыми жоба тақырыбын анықтап, жалпы журналистика жайлы ғаламтор саиттарынан, газет-журнал, кітаптардан мағлұмат жинадым; газет журналистикасы жайлы әлеуметтік желілерде білікті тілшілермен хат алмасып, пікір жазыстым; Т. Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің тарихын білу мақсатында аудандық мұражайға барып, газеттің өткен сандарынан құрылған тігінділерді ақтарып, тарихи шолу жасадым;
2 кезең: (желтоқсан-қаңтар) «Құлан таңы» газетінің шығармашылық және техникалық топ өкілдерімен жүздесіп, жеке-жеке сұхбаттасып, әр маманның мойнына жүктеген жауапты қызметтерін көзбен көріп , талдау жұмыстарын жасадым; Мерзімді басылымның Бас Редакторы Тұрсынхан Жаманбаевтың жеке өмірінен және журналистік зерттеулерін сараптадым.
3 кезең: (ақпан-наурыз) Ауданымыздың жарар жаңалықтарын жеткізуші «Құлан таңы» газетінің шығу процесін көзбен көріп, редакция қызметкерлерінің жұмысын сараптап, бейнекадр жасап, Бас Редактор Тұрсынхан Жаманбаевпен бейнесұхбат түсірдім.
Кіріспе Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалықөндірістік процестердің ұйымдастырылу, ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына т. б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — ГАЗЕТ.
Осыдан 74 жыл бұрын іргесін қалаған ауданымыздың өз басылымы 1940 жылдың мамыр айынан бастап шығарыла бастаған болатын. Уақыт өз белгісін көрсетпей қалмайды. Кеңестік кезеңдегі шаруашылық газет қазір саяси-әлеуметтік сипат алды. «Толқынды толқын қуады» демекші тарих тізбегінің белгілі кезеңдерінде журналистердің буыны алмасып, газеттегі шығармашылық топ жаңарып отырды. 2000 жылға дейін газет қолмен терілетін станокта басылып келді.
1940 жыл мен 1980 жылдар арасында газет басшылары алмасып отырды. Олар: Константин Арбузов, Анатолий Деридович басқарды. 1981 -2000 жылдары: Сағат Арынов, Оспанбек Қатиев, Өсер Уәзиев, Тұрсынхан Жаманбаев бас редактор болды. 2000 -2002 жылдары: Москау Нохрабеков жетекшілік етті. 2006 -2011 жылдары Мұратбек Арыстанбеков басшылық жасады. 2011 жылдан бері қарай аудан газетінің тізгіні Тұрсынхан Жаманбаевтың қолында.
Қазақстан журналистикасына сүбелі үлес қоса алған Рахметілда Құдабаев, Сағат Арынов, Есен Төреқұлов сынды қаламы ұшқыр, ойы қырағы журналистер редакцияға жемісті еңбек етті. Ауыл шаруашылығының бөлім меңгерушісі Рахмаш Сүлейменов; Нұртас Адамсопиев баспахана меңгерушісі; Әлібек Бақытов орыс тіліндегі аудармашы; Рыскүл Құрманбаева корректор; Әбіғали Бейсенбин, Мұрат Ахалиев, Әбжақ Туғанбаев журналист; қаруіп теруші Бата Ерходжаев; Өксен Керімбеков, Қайрат Баймұқанов, Қали Қалжыровтар газет басушы болып қызмет атқарды.
«Құлан таңынан» түлеп ұшқан талантты тілшілер қазіргі таңда облыстық, республикалық басылымдарда қызмет атқаруда. Республикалық «Ақиқат» журналының жауапты хатшысы Қыдырәлі Қойтай
Облыстық «Ақ жол» газетінің тілшілері: Сейсен Қожеке, Ардақ Үсейінова.
Облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің тілшілері Табиғат Абаилдаев , Қамар Қарасаева сынды ұлқыздарымызға «Құлан таңы» газеті алғашқы мектеп болған.
Газеттің жаңашыл жаңалықтарымен келген Рая Сакаева, Сұлушаш Исаметқызы әлі күнге дейін газетте қызметте. Қазіргі таңда Тұрсынхан Жаманбаевтың басшылығымен шығып жатқан басылымының тағылымды тілшілері Фатима Қарасаева, Мереке Ержанұлы, Асқар Әлпеисовтармен толықты. Газетіміз аудан жұртының жарар жаңалықтарын жеткізуші бірденбір «құрал» болып отыр.
Қорытынды Жаңалықтың жаршысы болып отырған, ауданымыздың мерзімді баспасөзі «Құлан таңы» газеті тарихын зерттеудегі нәтиже: Қазіргі таңда оқып жүрген газетіміз 1940 жылы құрылған. Негізгі редакторлары: 1940 жыл мен 1980 жылдар арасында газет басшылары алмасып отырды. Олар: Константин Арбузов, Анатолий Деридович басқарды. 1981 -2000 жылдары: Сағат Арынов, Оспанбек Қатиев, Өсер Уәзиев, Тұрсынхан Жаманбаев бас редактор болды. 2000 -2002 жылдары: Москау Нохрабеков жетекшілік етті. 2006 -2011 жылдары Мұратбек Арыстанбеков басшылық жасады. 2011 жылдан бері қарай аудан газетінің тізгіні Тұрсынхан Жаманбаевтың қолында.
Екінші, қызметкерлерін зерттеуім бойынша мынандай қорытындыға келдім: Көпшілігіміз газетті қолға алып оқығанда оның сыртқы безендірілуі мен ішіндегі ақпараттары оңай жазылып, сызыла салатын дүние көрінеді. Ал негізінде мақала мың сүзгіден өтіп, дизайнер тоқсан түрлі әдісті пайдаланып, он жол жазу он рет өңделеді. Әріптен қате кетсе, «әріптестер» халық алдында жауап береді.
Ал, бас редактор Т. Жаманбаев туралы айтар болсам: Құлан топырағынан шыққан талантты да талапты, арынды да ардақты ағамыз өзінің том-том болған зерттеулері, деректі фильмдерге жазған сценарилері әлі де болса жеке зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Халықтың көзі, тілі, һәм құлағы болып отырған ауданымыздың айнасын ұстап, тізгіндеп, басшылыққа алу, жаңалықтың жаңылмай, уақытысында шығуын қадағалау, осындай өр тұлғалы, кең жүректі, шын дарынның қолынан келеді.
Газет жанры үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов: «Газет әдебиет тобына жататын нәрсе болғандықтан, жазылған сөздер көңіл жағынан қонымды, мағына жағынан толымды, сын алдында сымдай болуы тиіс» деп нақты ұсыныс қалдырған. Баспасөздің бүкіл мән-мазмұнынан алар ұлағат, үйренер тәлім аз емес. Оқырманннан алты сағат алда жүрер журналистердің, халықты жаңалықпен сусындырар газетке сый көрсетейік! Жерде жатса жоғары көтеріп қадірін білейік!
Ы Ң РЫ ! А Т Л Р Е ЗА АХМ А Н Р А ЗҒ
Редакция.pptx