Қызметтік хаттың түрлері өте көп. Олар: 1. ресми хаттар 2. жеке хаттар 3. ұсыныс, кепілдеме хаттар 4. сұрау салу хаттары 5. шағым хаттар 6. жолдама хаттар.
Қызметтік хаттар баспада дайындалған арнайы бланкаларда жазылады. Бланк форматы - А 4 210 x 297 мм. Кейде A 3 және А 5 форматтары (210 x 297 мм және 210 x 135 мм) да қолданылады. A 3 форматы мм қызметтік хаттарға үлкен көлемді қосымша немесе иллюстрация, таблица берілген жағдайда қолданылады. Бұл форматтың (A 3) көлемі стандарт форматтан (А 4) екі есе үлкен болады.
Ал А 5 (жарты) A 3 форматынан екі еседей кіші көлемде, бірінші кезекте жолдама хаттар жазу үшін, анықтама жазу үшін қолданылады. Қызметтік хат жазуда кең тараған формат түрі А 4 болый қала береді. Төмеңде осы формат түріне жазылатын хат түрлеріне тоқталамыз. Қазіргі кезде хаттарды машинкамен басудан гөрі, компьютерлік техника қолдану белең алды. Қызметтік хаттар ды басып шығару технологиясы өзгергенімен, оларды жазу әдісі, безеңдірілуі, хат мазмұнын беру тәсілдері оңдаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрінен көп өзгерген жоқ
Қызметтік хаттың құрылымы 1. Тақырыбы 2. Датасы 3. Хат долданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты- жөні 4. Кіріспе сөз 5. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлік. 6. Негізгі мәтін 7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайгершілік сақтау сөздері 8. Жіберушінің қолы 9. Қосымша берілетін болса, оған сілтеме 10. Қосымша 11. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет 12. Постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін - P. S. таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер )