1178_yzmettik_khattar.ppt
- Количество слайдов: 4
Қызметтік хаттар
Қызметтік хаттар – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т. б. да ресми мақсаттарда қолданылатын іс қағазының бір түрі. Қызметтік қаттарда адамның қызметіне байланысты ресми мәселелер ғана қарастырылады. Қызметтік хаттар өзіне тән ресми, кеңселік стильмен ғана емес, тұрақты қолданылатын, қалыптасқан сөздер, сөз тіркестерімен және өзіне тән терминдердің жиі қолданылуымен де ерекшеленеді. Қызметтік хатты сауатты жазу, сөздер мен сөз орамдарын орынды қолдану әркез есте болғаны жөн. Қызметтік хаттың көлемі 1 беттен аспауы керек, егер 1 беттен асса, онда бет нөмірі жоғары оң жағына қойылады. Қызметтік хаттың параметрлері: сол жағы – 2, 5 -3 см, оң жағы – 1 -1, 5 см, төменгі, жоғарғы жағы – 2 см. Қызметтік хаттың тақырыбын қою міндетті емес.
Ш Ш Ш Ш Жазылу мақсатына, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттар бірнеше түрге бөлінеді: ақпараттық хаттар, кепілдік беру хаттары, сұраныс хаттар, коммерциялық хаттар, шақыру хаттар, өтініш хаттар, құттықтау хаттар т. б. Қызметтік мәтіні үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі фактілер берілетін бөлім және қорытынды. Қызметтік хаттың негізгі мақсаты өзі көтеріп отырған мәселеге көңіл аударту, қызығушылық туғызу, сендіру, түсіндіру, іс-әрекетке шақыру болып табылады. Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Әдетте хат мынадай бөліктерден тұрады: хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты-жөні; кіріспе сөз; хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлік; негізгі мәтін; жіберушінің қызметі, қолы, аты-жөні. қосымшаға сілтеме (егер бар болса); құжатты дайындаушы туралы мәлімет.
Ақпараттық хат Қызметтік хаттардың ішінде ең кең тараған түрі – ақпараттық хат. Ақпараттық хат - өз мекемеңізде, ұйымыңызда болатын іс-шаралар туралы басқа мекемелер мен ұйымдарға алдын-ала хабар беру туралы іс қағазының түрі. Ақпараттық хатта іс-шараның тақырыбы, мекенжайы, өтілетін күні нақты көрсетіледі. Егер ақпараттық хатта ғылыми конференциялар, семинарлар өтілетіні туралы айтылса, онда сол туралы жазылған мақалаларға қойылатын талаптар қоса көрсетіледі.
1178_yzmettik_khattar.ppt