Турысбеков Дулат 13 апта.pptx
- Количество слайдов: 7
Қылмыстың криминалисти калық сипаттамасы Орындаған: Турысбеков Дулат Тобы: СКК-302 Тексерген: Нуркеева Д. Р
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз нақтылы қылмыстық әрекетті ғылыми талдаудан өткізу нәтижесі, оның белгілері мен ерекшеліктерінің жинағы.
Қылмыстық істердің бөлек санаттары бойынша анықтауға жататын жағдайлар қылмыстық кодекстегі қылмыс құрамын суреттеу негізінде анықталады, сондай – ақ қылмыстық іс жүргізу ғылымының қағидалары, дәлелдеу заты мен шегі арқылы айқындалады қылмыс оқиғасы; қылмыс жасаудағы айыпталушының кінәсі және қылмыс жасау ниеті; айыпталушы жауаптылығының сипаты мен дәрежесіне әсер ететін жағдайлар сондай – ақ оның жеке басын сипаттайтын басқа да жағдайлар. Қылмысты жасауға және жасыруға себеп болған жағдайлар. Қылмыс нәтижесінде келген зардап мөлшері мен сипаты.
Тергеушінің анықтау органымен , басқа да қызмет және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен өзара әрекеттесуі дегеніміз тергеушінің басқарушы рөлі мен субьектілердің өзара әрекеттесуі құзыретін қатаң сақтай отырып қылмыстарды тергеуге қатысатын құзыретті органдардың бірлескен мақсатты қызметі. Өзара әрекеттесу қағидалары : бірлескен қызметтің заңдылық талаптарына сәйкес келуі : өзара әрекеттесу субьектілерінің құзыреттерін қатаң сақтау , өзара әрекеттесудің жоспарлы болуы және оның тергеудің барлық кезеңдерінде іске асырылуы ; Өзара әрекеттесу субьектілері ретінде алдын ала тергеу және анықтау органдары , басқа да құқық қорғау органдары прокуратура , ішкі істер , ұлттық қауіпсіздік комитеті , қаржы полициясы , кеден қызметі Қазақстандағы интерполдың орталық бюросы жүреді. Өзара әрекеттесу нысандары: процессуалдық және процессуалдық емес.
Өзара әрекеттесудің процесуалдық нысаны өзіне бірлескен қызметтің төмендегідей түрлерін қамтиды : - тергеулік және іздестірушілік әрекеттерді жүргізу туралы нұсқаулар мен тапсырмаларды анықтау органымен орындау : - бөлек тергеу әрекеттерін жүргізуде анықтаушы органымен тергеушіге көмек көрсету : - тергеу әрекеттерін жүргізуде маманның қатысуы ; - тергеуші тапсырмасымен сарапшының сот сараптамасын жүргізу; Өзара әрекеттесудің процесуалдық емес өзіне бірлескен қызметтің түрлері нысаны - тергеуді толық немесе бөлек тергеу әрекетін бірлесе отырып жоспарлау ; - тергеулік - жедел іздестірушілік топты құру және онда жұмыс жасау ; - өзара әрекеттесу субьектілерімен алынатын ақпаратпен жүйелі түрде алмасу ; - қылмыстық іс бойынша жүргізілген жұмыс барысы мен нәтижелерін бірлесе отырып талқылау.
Қылмысты тергеуде жұртшылықты қатыстырудың негізгі бағыттарына қылмысты әшкерелеу және оны жасаған тұлғаға іздеу салу , сондай - ақ қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдайларды анықтау. Қылмысты тергеуде жұртшылықты қатыстыру кезінде тергеуші мынадай принциптерді басшылыққа алу керек ; - қылмысты тергеуде жұртшылықтың қатысуы өз еркімен болуы керек ; - тергеушімен алдын ала тергеу құпиялығын сақтауды қамтамасыз ету ; - қылмысты тергеуде ат салысып жүрген жұртшылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ; - қылмысты тергеуде ат салысып жүрген жұртшылықтың өз еркімен тергеу әрекеттерін жүргізе алмайтындығы.
Турысбеков Дулат 13 апта.pptx