през.pptx
- Количество слайдов: 18
ҚРДСжӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Биохимия, биология және микробиология кафедрасы Тақырыбы: Туберкулез, алапес қоздырғыштары, актиномицеттер, хеликобактер, жіктелуі. Негізгі биологиялық қасиеттерінің сипаттамасы. Патогенді факторлары. Актиномикоздар қоздырғыштарының этиологиялық және патогенездік рөлі. Зертханалық диагноз қою негіздері, арнайы алдын алуы және емдеуі. Орындаған: Жүсіпова А. Б. Тобы: 102 МІҚб Қабылдаған: Қонысова Х. С. Шымкент-2016
ЖОСПАР: Кіріспе Негізгі бөлім Туберкулез, алапес қоздырғыштары, актиномицеттер, хеликобактер, жіктелуі Патогенді факторлары Зертханалық диагноз қою негіздері, арнайы алдын алуы және емдеуі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Бактериялардың таяқша тәріздес түрі. Mикробактериялардың екі маңызды түрі адам организмінде туберкулез бен алапесті, ал басқа түрлері ірі қара мен адамдарда туберкулез тудырады. Кейбір микробактериялар шіріген органикалық қалдықтарда мекендейді, ал басқалары паразит болып саналады. Еркін қозғалатын бактериялардың көбі топырақ пен суда немесе ауру жануарлардың ұлпаларында мекендейді. Микробактериялар тудыратын инфекцияларға қарсы күрес жүргізу үшін түрлі антибиотиктер қолданылады.
Туберкулез қоздырғышы *1882 ж Р. Кох туберкулез қоздырғышын ашқан. Туберкулез ауруы көп таралған. ДБҰ болжамы бойынша алдынғы 10 жылдарында туберкулезбен 90 млн жұқтырады, 30 млн адам өледі. Қазақстан туберкулез ауруы таралуы бойынша, барлық ТМД елдерінің ішінде бірінші орында. *M. hominis, bovis, avium, africanum — сәл иелген таяқшалар, спора, капсула тузбейді, қозғалмайды. *Орталарға талапшыл – картоп, глицерин, сары ұызды талап етеді, баяу өседі 30 -45 тәулік. *Элективты орталар — Левенштейн –Йенсен ортасы, Бучин ортасы, Петраняни ортасы. *Тығыз орталарда –R пішінді колониялар тузеді – ірі, әжімделген, сары түсті, құрғақ.
* Инфекция көзі ауру адам, жануарлар. * Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы. * Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады. * Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы — өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады
Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері. Ø Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан, сарсу т. б. Ø Зерттеу тәсілдері: микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік) микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу) биологиялық серологиялық (сирек қолданылады) аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары) Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ). ПТР (ПЦР) Микробиологиялық диагностика * Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды. * Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. * Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі).
Емдеу *Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады. *Алдын алу – БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады. *Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі.
*Алапес - адамдарда болатын генерализацияланған бірінші реттік созылмалы ауру. Клиникасы және жоғары тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатының гранулематозды зақымданулары және жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың бұзылыстарымен сипатталады. * Аурудың аталуы грекше lерrоs - қабықшалы, бұдырлы сөзімен байланысты. Алапестік зақымданулар - негізі-туберкулездегідей спецификалық гранулема болып табылады. . Мусоbасtеrіum lерrае -тік немесе иілген, жұмырланған таяқшалар. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша туберкулез қоздырғышына ұксас. Грам оң, спора түзбейді, микрокапсуласы бар. Қозғалмайды. Қоздырғыштың ерекшелігі қышқылға, спиртке тұрақты, сондықтан Циль-Нильсен әдісімен ғана боялады. Антилепроздық препараттар әсері морфологиялық өзгерістер пайда болады және де қышқыл мен спиртке тұрақтылығы жойылады. Мусоbасtеrіum lерrае тіндік макрофагтардың жасушаішілік облигатты паразиттері және де тері аймақтық жүйке жүйесі жасушаларына (лемоциттер) жоғары деңгейдегі тропизмділігі бар (арнайы зақымдау).
*Ену қақпасы - жоғары тыныс алу жолдарының кілегей қабаты және зақымданған тері. Солар арқылы енген қоздырғыш лимфагематогенді жолмен тарал ып, тері жасушаларын және жүйке жүйесі леммоцитгерін зақымдайды. Себебі қоздырғыш фибронектин байланыстырушы ақуыз боледі. Осы арқылы олар жасушаға өтеді. Алдын алуы Алапеске қарсы арнайы сақтандыру препараттары жасалмаған, тек қана эпидемиялық аудандарда ВСС вакцинасы қолданылады. Оның құрамында А лепромин және ВСG бар. Вакцинаны егу алдында лепромин сынамасы қойылады. Теріс нәтижелі Мицуда реакциясы бұндай адамдардың микобактерия жұқтырғанын, аурудың жасырын кезеңінің дамуын көрсетеді. Сондықтан оларға жоспардан тыс ВСG вакцинасы егіледі.
Микробиологиялық диагноз қою * Зерттеу материалы-тері мен мұрын кілегей қабықшалары бөлшектері, қақырық, лимфа пунктаттары т. б. Зерттеу үшін бактериоскопиялық, серологиялық әдісі қолданылады. Жедел әдісі бактериоскопиялық. Жағындыны Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Қорытынды диагноз кою үшін тері және кілегей қабаттарын гистологиялық зерттеулермен толықгырады. * Серологиялық диагностикасы - фенолды гликолипидке қарсы антилипидтерді ИФТ көмегімен анықтау. * Қосымша зерттеулері - аурудың иммундық статусын анықтау, фенолды гликолипид лейкоциттердің бласттрансформация реакциясын және лепроминді сынама қою. * Аллергологиялық аса сезімталдықты анықтауға лепроминмен сынама қойылады. Лепроминді сынама - Фернандес және Мицуда реакциясы арқылы жүргізіледі.
Емдеуі Алапеске қарсы емдеуге арналған негізгі препараттар: сульфон препараттары, дапсон солюсульфон, диуцифон. Сонымен қатар, рифампицин, клофазимин, фторхинолондар қолданылады. Емдеу үзаққа созылады (3 -10 жылға дейін). Бірақ алапес қоздырғыштары жүйке жүйесінде, бүлшық еттер сақталуы мүмкін. Алапесті әдетте емдеп жазуға болады, бірақ оның дәрілерін ұзақ жылдар бойы қабылдау керек. Аурудың ең жақсы емі римфампин мен клофазиминді қосып пайдалану. «Лепра реакциялары» пайда болған жағдайда (қызу болу, бөріту, аяқ пен қолдың ісуі, көздің ауыруы немесе көруі нашарлауы) дәріні қабылдауды жалғастырыңыз, бірақ дәрігерге керіну керек
*Актиномициттер - сәулелі саңыраукұлақтар бактериялардың және сілбілі саңырауқұлақтардың қасиеттерін үйлестіруші бір жасушалы микроағзалар. Актиномициттер микроағзалардың шынайы бактериялар және саңырауқұлақтар арасындағы өтпелі топты кұрайды. Актиномициттер қатарында адам, жануарлар және өсімдіктер үшін зиянды түрлері бар, сонымен қатар белсенді дамушы антибиотиктер (стрептомицин тетрациклин және т. б. )
*Патогенезі. Актиномикоз-аэробты және факультативті анаэробты актиномициттер тудыратын адам және жануарлардың созылмалы оппортунистік инфекциясы. Актиномициттер ауыз қуысы мен ішектің қалыпты микрофлорасының құрамына кіретіндіктен эндогенді инфекция дамуы мүмкін. Түрлі ағзалар мен тіндерде қабыну ошақтарыактиномалар түзіледі. Оппортунистік инфекция тудырады. Алғашқы актиномицеттік зақымданулар олардың орналасқан жерлерінде пайда бола бастайды. Содан соң біртіндеп тері асты шелмайлар, байланыстырушы тін, лимфа және қан арқылы бүкіл ағзаға таралады. Міне соның салдарынан эндогенді инфекция ретінде дамиды. Емдеуі. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен фунгицитдық препараттарға тұрақты. Алдын алуы қарастырылмаған, бейспецификалық сақтандыруы адамның иммундық статусын жоғарлатуға бағытталған.
*Хеликобактериоз диагнозын қою тәсілдері: *І. Инвазивті (биопсия қажет)+ гистологиялық бактериоскопиялық бактериологиялық биохимиялық (уреаза тесті) * ІІ. Инвазивті емес Серологиялық ПТР – полимеразды тізбекті реакция Тыныстық Нр антигенін нәжісте анықтау (ИФА) *1. Гистологиялық әдіс хеликобактериоз диагнозының “алтын стандарты”. Нр гематоксилин-эозинмен немесе арнайы бояулармен анықтайды. *2. Бактериоскопия – биоптаттан шыныға цитологиялық жағынды жасалады. Нр жайылуының 3 дәрежесін анықтайды: * І дәреже жеңіл – көру аймағында 20 -ға дейін микроб денелер * ІІ –орташа – 20 -50 -ге дейін, * ІІІ – жоғары – 50 -ден аса микроб денелер *3. Бактериологиялық – арнайы ортада Нр өсіру. Себуді биоптаттан жүргізеді. *4. Биохимиялық – биоптат мочевина мен индикатор бар ортаға қойылады. Биоптатта Нр уреазасы болса, мочевина СО 2 мен аммиакқа ажырайды, соңғысы индикаторға әсер етеді
*Нр (Хеликобактер пилори) эрадикациясы *Үштік ем: (Протондық насос ингибиторы +2 антибиотик қолданылады) І қатар ПНИ + амоксициллин + кларитромицин ПНИ + амоксициллин + метронидазол ПНИ + кларитромицин + метронидазол *Төрттік (квадро ем) ем (Протондық насос ингибиторы+ 2 антибиотик+ коллоидтық висмут препараты) Де-нол + ПНИ + амоксициллин + метронидазол Пилорид + кларитромицин + метронидазол Ем тиімділігіне 4 апта өткен соң баға беріледі
*Қорытынды *Микобактериялар –қышқылға төзімді бактериялар, грам он таяқшалар. Микобактериялардың құрамында 7080% майлы қышқылдар бар. Цил-Нилсен бояу әдісі арқылы анықтайды. Осы тұқымдасқа туберкулез және алапес қоздырғыштары жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер *Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы * «Қазақстан» : Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , VIII том *Жоғарыға көтеріліңіз↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі. - Ақтөбе.
през.pptx