Банк.pptx
- Количество слайдов: 17
ҚР коммерциялық банктердің несие жүйесіндегі орны
Несие жүйесі Парабанктік ұйымдар Ұлттық Банк Коммерциялық банктер
Курстық жұмыстың мақсаты - несие жүйесінің мәні , маңызы және оның экономикадағы ролі, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие жүйесіндегі орынын анықтау. Курстық жұмыстың міндеті: несие жүйесі және оның құрылымы және оның мәні мен маңызын қарастыру, несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орнын қарастыру, Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуын қарастыру. Жұмыстың өзектілігі : Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және тағы да басқалармен сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезенге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады.
Курстық жұмыс 3 тараудан тұрады: 1. ҚР несиелік жүйесіндегі коммерциялық банктердің мақсаты мен қызметтері. 2. ҚР несиелеу жүйесіндегі «Темір банк» АҚ – ның қызметтерін талдау. 3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік қызметтерін жетілдіру жолдары. (Темір банкінің жетілдіру жолдары)
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі- несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі- несие-қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие - қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке жене заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді. Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және тағы да басқалармен сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезенге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Нарықтық экономикада несие - банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айрысулар мен төлемдерін жүргізеді, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтынкапиталға айналдырады, сондай - ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол нарықтық экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институтционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта-қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизімін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді. Бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие – финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымының күрделенуі, банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі, банктік істердің интернационалдануы, трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкелді. Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай үш негізгі буын бар: орталық банк, коммерциялық банк, маманданған несие-қаржы институттары. Несиелік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға ерекше монопольдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекеттік институттар болып құрылды. Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай рөл атқарады.
«Темір банк» АҚ 1992 жылы 26 наурызда пайда болды. Бас филиалы Алматы қаласында орналасқан. Банк Қазақстан аумағындағы тұрғындардың 50000 астам мөлшері бар қалаларда ғана қызмет етеді. Темірбанк” акционерлік қоғамы 1992 жылы 26 наурыз айында Қазақстан Темір Жол тарапына қызмет көрсетуге мамандандырылған банк ретінде құрылған. 1996 жылы 21 наурыз айында Қазақстан Республикасы заңына сәйкес ашық акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелген. Банк, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен берілген банктік лицензиясы бойынша шетел валютасымен және теңгемен операциялар жүргізу, бағалы металдармен жұмыс жасады. Осыдан басқа, банк костодиалдық, брокерлік және дилерлік қызмет көрсетуге, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша Ұлттық Комиссиясымен берілген лицензияға иемденеді. Қазіргі уақытта активтер көлемі бойынша Темірбанк Қазақстанның жеті ірі банктерінің қатарына кіреді. ҚЕХС (Қаржы есептілігінің халықаралық стандарты) бойынша аудиттелген шоғырландырылған қаржы есептілігіне сәйкес 2011 жылы Темірбанктің активтері 202, 9 миллиард теңгеден 333, 9 миллиард теңгеге дейін 64, 5%-ға өсті. Сатылатын бағалы қағаздар саны да 2013 жылы 1028149 мың теңгеден 2012 жылы 2675885 мың теңгеге дейін көтерілді, яғни 160%. Бұл сандар банк қызметін жағымды сипаттайды. Банктің ақша қаражаттар сомасына қажетті анықталған шек бар, яғни несие саласындағы банк қызметіндегі негативті сипаттама. Негізгі қаражаттар өсуі 2013 жылдың 2012 жылға қатынасы 5, 9% құрады. Бұл өсім жаға филиалдардың – Теміртау, Тараз, Өскемен қалаларында ашылуын түсіндіреді.
ҚЫЗМЕТТЕН ЖӘНЕ КОМИССИЯЛАРДАН ТҮСКЕН ТАБЫСТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ МЛН. ТЕНГЕ Көрсеткіштер 2013 жыл 2012 жыл 2011 жыл Банктік аударым 8756 8959 8184 Зейнетақы қоры және 16103 активтерді басқару Кассалық операциялар 3046 4642 6497 3598 3747 Тұтынушы шоттарына қызмет көрсету Пластикалық картшоттарға қызмет көрсету Берілген аккрдетив пен гарантия Тұтынушыларға зейнетақы төлеу Коммуналдық төлем жүргізу Басқа да 3340 2407 1433 3172 2386 1575 1904 1887 1424 2093 1710 1292 335 308 239 965 1311 1037 Жалпы 39714 27208 25428
«Темір банкі» АҚ тұтынушыларға жаңа тұрғын үй, автокөлік, жиһаз және тұрмыстық техника сатып алу үшін, шет елде дем алуға, түрлі салтанаттар өткізуге және сондай-ақ басқа да қажеттіліктерге несие беру бағдарламаларын ұсынады. Енді әр біреуіне тоқталатын болсақ мұндай бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады: 1. «Кезек күттірмейтін мұқтаждыққа» бұл барлық тұтынушылық мақсатқа беріледі. Табысыңызды құжаттамалық растау міндетті, бірақ тұрғын үй құнынан 50 пайыздан артық емес банк қарызын алатын болсаңыз, табысыңызды құжатпен растау қажет емес. Банктегі барлық несиелер теңгеде, АҚШ долларында және евро вадютасында беріледі. Қамтамасыз ету банк талаптарына сай келетін коммерциялық/коммерциялық емес иақсаттағы жылжымайтын мүлік, қолда бар автокөлік. 2. «Несие желісі түріндегі кезек күттірмейтін мұқтаждыққа» ерекшелігі несие желісінің әрекет ету кезеніңде қажет болған жағдайда әр түрлі ақшалай соммасын алу мүмкіндігі. Мерзімі 15 жыл. Сыйақы алынған транштың алынған соммасына ғана есептелінеді. 3. «Кепілдіксіз несие» бағдарламасы ерекшелігі жалақысын Темір банкі арқылы алатын тұлғалар үшін. Мерзімі 3 жыл. Мерзімінен бұрын өтеу айыппұл санкциясыз, қарыз алған соң 3 ай өткеннен кейін. Ерекше талаптары «Темір банкі ЖЗҚ» АҚ салымшыларына – сыйақының базалық мөлшерлемесі 1%-ға жеңілдік беріледі. 4. «Зейнетақылық несие» бағдарламасы айырықша ерешелігі зейнетақыны Темір банк арқылы алатын ағымдағы/карточкалық шотында бір жолғы түсімі бар тұлғалар үшін. Ең ұзақ мерзімі 2 жыл, қарыз өтеліп болатын мерзімде жасы 70 тен аспау керек. Ұсынылатын құжаттар жеке куәлік, СТН. 5. «Жалақы жобасына қатысушысы емес өзге жеке тұлғаның кепілдігімен берілетін несие» бағдарламасының айрықша ерекшелігі кез келген тұтыну мақсатында беріледі, несиені қайтарушы қарызгердің және кепілгер банкпен ынтымақтастық шартын жасасқан Компанияның қызметкері, жалақы жобасына қатысушы емес тұлға болып табылады. Заңды тұлғамен (жұмыс берушімен) ынтымақтастық туралы тиісті шарт болуы тиіс. Мерзімі 3 жыл. 6. «Заңды тұлғаның кепілдігімен берілетін несие» Кез келген тұтыну мақсатында беріледі. Қамтамасыз етуі заңды тұлғаның кепілдігі, банкке салынған депозит. Мерзімі 5 жыл. 7. «Білім алу несиесі» айырықша ерешелігі оқу орнындағы оқу ақысын төлеу үшін, негізгі қарызды төлеу үшін жеңілдік кезеңі бар. Мерзімі 10 жыл. Талапкерлер үшін үлгерімі ҰБТ 60 балдан кем емес. Ал студенттер үшін емтихан сессиясының қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі 3, 5 баллдан кем емес.
Осылармен сәйкес ипотекалық несие де беріледі. Жаңа пәтерге қол жеткізу үшін қарапайым қадам жасау ғана жеткілікті екендігін білсеңіз болғаны. Қазіргі уақытты көптеген банктер өз клиенттеріне ипотекалық несие ұсынуда Алайда банкпен жасалатын шарт бекітілгеннен кейін клиент банк тарапынан қойылатын бірқатар қосымша талаптарға әр түрлі банктік комиссиялар, сақтандыру және т. б үшін төлеу қажеттілігіне тап болады. Келесідей бағдарламалары бар: 1. «Пайдалануға дайын тұрған жылжымайтын мүлікті және жеке үй салуға жер телімін сатып алу үшін» бағдарламасы. Дайын баспана (пәтер, үй) сатып алу үшін. Бастапқы жарна несие соммасының кемінде 15% мөлшерінде. Мерзімі 30 жэылға дейін. 2. «Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін» бағдарламасы құрылысы жүріп жатқан үйден жылжымайтын мүлік сатып алу үшін беріледі. Қамтамасыз ету сатып алынатын, салынып жатқан және қолда бар, жеке тұлғаларға тиесілі коммерциялық , коммерциялық емес мақсаттағы тұрғын үйлік жылжымайтын мүлік. Мерзімі 30 жыл. 3. «Жеке тұрғын үй салу және тұрғын үйді жөңдеу үшін» бағдарламасы несие тұрғын үйлік жылжымайтын мүлік құрылысы (құрылысты аяқтау) және тұрғын үйді жөндеу үшін беріледі. Мерзімі 15 жыл.
КРЕДИТТІК ПОРТФЕЛЬ ҚҰРЫЛЫМЫ Көрсеткіштің атауы 2012 жыл млрд. теңге 2013 жыл Заңды тұлғаларға 5 012, 2 жиынтығында үлесі, млрд. теңге % 56, 5 5 692, 5 жиынтығында үлесі, % 61, 6 Басқа банктерге және банктік емес ұйымдарға Жеке тұлғаларға құрылысқа және тұрғын-үйді сатып алуға Жеке тұлғаларға тұтынушылық мақсатқа Өзге заемдар жеке тұлғаларға Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне «Кері РЕПО» операциялары Кредиттік портфель жиынтығында 178, 4 2, 0 173, 0 1, 9 850, 6 9, 6 807, 0 8, 7 1 054, 2 11, 9 926, 9 10, 0 333, 8 285, 8 3, 1 1 348, 2 15, 2 1 222, 9 13, 2 90, 9 1, 0 136, 4 1, 5 8 868, 3 100, 0 9 244, 5 100, 0
ТЕМІР БАНКІ» АҚ ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (МЛРД. ТГ) Міндеттеме 2013 ж 2012 ж 2011 ж 2013/2012 ж ауытқу 2012/2011 ж ауытқу Талап етілгенге дейін 225 713 256 366 148 843 30 653 107523 30 күн 208 162 166 241 149703 41 920 16 538 90 күн 51 991 113 016 27 941 61 025 85 075 180 күн 111 248 100 711 126 604 10 536 25 893 1 жыл 144 729 174 799 93 102 30 070 81 697 1 -3 жыл 84 796 80 024 41 981 4 772 38 043 3 жыл жоғары 40 750 44 267 9 758 3 517 34 509 867 391 935 428 597 935 68 036 337493 Жалпы
«ТЕМІР БАНК» АҚ НЕСИЕЛЕРІН ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ Р/с Көрсеткіштер 2011 млн. тг 1 Көтерме сауда 2 Ауыл шаруашылығы 3 2012 % млн. тг 2013 % млн. тг % 12964 10, 00 8449 4, 01 11712 4, 37 341 0, 22 1744 0, 63 1914 0, 71 Жеке тұлғаларға 102560 68, 99 201274 74, 19 170800 67, 19 4 Тамақ өнеркәсібі 742 0, 49 2065 0, 75 1757 0, 66 5 Құрылысқа 7342 4, 83 21486 7, 82 24680 12, 65 6 Транспортқа 2835 1, 87 3109 1, 13 2864 1, 07 7 Химия саласына 343 0, 22 866 0, 32 1038 0, 39 8 Энергетика саласына 6139 4, 04 80 0, 03 84 0, 03 9 Бөлшек саудаға 1897 1, 25 7848 2, 86 8167 3, 05 10 4036 2, 66 10584 3, 85 12599 4, 70 11 Жылжымайтын мүлікпен операцияға Кәсіпорындарға қызмет 782 0, 51 2932 1, 07 4389 1, 64 12 Қонақ үй бизнесіне 1465 0, 97 3267 1, 19 1876 0, 70 13 Қаржылық қызмет көрсету 1334 0, 89 1368 0, 50 3039 1, 13 14 Басқалар 4654 3, 06 4554 1, 65 4566 1, 71 Барлығы 147440 100, 00 269631 100, 00 249493 100, 00
Р/с «ТЕМІР БАНК» АҚ КЛИЕНТТЕРГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЫЗЫН ТАЛДАУ Көрсеткіштер 2011 млн. тг. 2012 % млн. тг. 2013 % млн. тг 1. Клиенттерге берілген несиелер 145946 99, 01 274471 % 99, 97 248796 8 4. Овердрафт Факторинг Барлығы 15 648 829 147440 0, 009 0, 42 0, 54 100, 00 10 113 - 269631 0, 12 362 3. Қаржы лизингі 0, 003 326 2. 99, 74 0, 13 249493 100, 003 0, 04 - 100, 00
«ТЕМІР БАНК» АҚ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН ЖІКТЕУ, МЛН ТЕҢГЕ Классификацияға сәйкес санаттар 2011 Негізгі борыш 2012 Стандартты Қалыптастырылғ ан провизиялар сомасы Негізгі борыш Күмәнді: 1 -санатты Қалыптастырылғ ан провизиялар сомасы - 67877 2013 Негізгі борыш - 244634 6744 2 -санатты 8112 3 -санатты 3232 4 -санатты 337 811 646 1727 5 -санатты 402 Үмітсіз 59347 9170 4815 91 120 072 1 548 19519 2 783 2065 7458 15613 397 1591 403 505 68747 1 548 397 201 505 1398 - 124694 431 Қалыптастырылғ ан провизиялар сомасы 11 260 403 8062 11 260 11267 Барлығы 16896 147440 122498 269631 16896 249493
«Темірбанк» АҚ несие саясаты мына принциптерді негізге алады: - қарызгердің қаржы жағдайына, оның төлем қабілеттілігіне, несие тарихына терең де жан жақты талдау жасау; - несие беру жөніндегі мәселені шешудегі алқалылық (банктің несие комитеті арқылы); - өтімділігі жоғары кепілге несиелер беру «Темірбанк» АҚ несиені тиімді беруі ең алдымен несиенің қайтарылуын талап етеді. Экономиканың нақты секторын несиелеуде банк оның кызметінің нәтижесіне әсерін тигізбей қоймайтын бірқатар проблемалармен соқтығысады: Біріншіден, коммерциялық банктер кәсінорындарға инвестициялық мақсаттарға-жаңа құрылысқа, өндірісін кеңейтуге, жабдықтарын ауыстыруға несие бермейді. Себебі бұл процесс ұзақ мерзімге созылатындықтан тәуекел деңгейі де жоғары болады. Екіншiден, несие нарығында бәсекелестіктің күшеюі жағдайында банктер несие бойынша сыйақылық ставканы бекіткеннен гөрі қабылдайды. Нәтижесінде коммерциялық банктердің сыйақылық ставкасы қарыз алушы несиені кайтаруы және басқа кредиторға көңіл бөлмеуі үшін жеткілікті деңгейде төлем болып табылады. Өз кезегінде банктер клиенттерді және ресурстарды тарту мақсатында депозит бойынша жиi жоғары процент төлейді. Нәтижесінде банк үшін пайыздық маржа шамалы ғана. Үшіншіден, несиені бере отырып, банктер несие тәуекеліне байланысты ссуда бойынша мүмкін жоғалтуларға резервтер құруға міндетті және банктерге ссуда бонынша шығынға жазумен байланысты пайда көлемінің өзгермеуінен көмектеседі. Төртіншіден, көптеген қазақстандық орта және iрі кәсіпорындар каржылық жағдайы (төлем қабілеттелігі, табыстылығы, баланс өтімділігі, ақша ағымдарының жеткіліктілігі) нашар, несие кабілеттілігі жоқ болып табылады. Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты коммерциялық банктердің иесиелеу көлемі осы банктің шоттарында және басқа да есептік шоттарында нақты қозғалыстағы ақша құралдары бар және несие қабілеттілігі жоғары тұрақты клиенттерін және акционерлерін несиелеумен тұйықталады. Банктердің жаңадан құрылған, кіші және орта бизнес кәсінорындарын олардың бастапқы капиталын қалыптастыру мақсатында несиелендіруінен нәтиже болған жоқ.
СОНЫМЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ МЫНАДАЙ ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ: несиені беру, несие көлемін ұлғайту немесе азайту, несиені бермеу шешімі, клиенттің қаржылық жағдайын талдау, оның қызметі туралы мәліметтер жинақталатын несиелік құжаттамада сапалы жүргізілуі тиіс; берілген несиенің қайтарылуының кепілі ретінде берілген кепілдік мүлікті маманданған несие инспекторымен жан-жақты бағалауды талап етеді; несиелік келісім және клиентке несие беру несиелік операцияның аяқталғандығы емес, әр уақытта несиелік тәуекелді жоғарылатпас үшін бақылап отыру қажет; әрбір клиент бойынша жауапты несие қызметкері тағайындалуы қажет; - сапасын арттыру үшін шетелдік несие қызметкерлерінiң жұмысын тиімді етуде арнайы программалардың құрылуы қажет; - білімді мамандар даярлау семинарлар жүргізу; - жұмыс орындарын автоматтандыру[23]. Несиелеудің жолдарын жетілдіру мақсатында банктер қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың оңтайлы жолдарын карастыруы қажет. Несиелеу механизмінің тиімділігін және сапасын арттыру үшiн шетелдік несиелеу тәжірибесіне сүйену қажет. Шетел тәжірибесіне келетін болсақ. Американдықтардың көп бөлігі қарыз алумен өмір сүреді. Несиелік карточка алу олардың жоғары табыстылығымен түсіндіріледі. Табыстылығы жоғары болған сайын несиелің карточкалары да көп болады, сәйкесінше қарыз ұлғаяды, бірақ бұл қарыз мұқият өтеледі. Мысалы, 30 мың доллардан аспайтын табысы бар АҚШ тұрғындарының 40% несиелің карточкалары жоқ. Жылына 75 мың доллар табыс алатын тұрғындар 2% құрайды.
Банк.pptx