пропед нс.pptx
- Количество слайдов: 15
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ “ АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК АО “МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА” БАЛАЛАР НЕВРОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ Орындаған: Тексерген : Топ: _________
Неврология (грек тілінде neuron — жүйке, logos — ғылым) — жүйке жүйесінің құрылымы мен функциясы туралы ғылым, жүйке жүйесінің даму заңдылықтарын, жастық салыстырмалы аспектіде зерттеу ерекшеліктерін, сонымен қатар балалардағы әр түрлі неврологиялық ауруларды оқытады. Балалар неврологиясы – салыстырмалы түрде жас дисциплина, бірақ клиникалық дисциплиналар жүйесінің ішінде маңызды орын алады.
Балалар неврологиясы невропатология мен педиатрияның негізінде дамыған, қазіргі нейрофизиологияның. Нейроморфологияның, психологияның және т. б. ғылымдардың заңдылықтарына сүйенеді. Баланың жүйке жүйесін тексеру мидың жастық эволюциялық құрылымы мен функциясына негізделеді. Жүйкелік қызметтердің күрделенуі ақырындап жүреді, бірақ жүйке жүйесі дамуының әрбір жастық кезеңі жүйке-психикалық қызметтердің қалыптасуының жаңы бір сатысы болып табылады. Реттелудің эволюциялық қалыптасқан түрлерінің негізінде баланың қоршаған әлеуметтік ортасының шарттарына сай бейімделудің күрделенген түрлері дамиды.
Ерте балалық жастағы рефлекстердің қайтарма дамуының тежелуі жүйке жүйесінің патологиясын көрсетеді. Балалар неврологиясының негізгі міндеті балалар жүйке жүйесінің онтогенезін, жүйке-психикалық функциялардың даму сәйкестігін және тежелулердің даму себебін зерттеу болып табылады. Балаларда әр түрлі жастық топтарда жүйке жүйесі ауруларының этиологиясы, патогенезі және клиникасын, балардың жасына тәуелді дифференцирленген жүйке жүйесі ауруларының алдын алу мен емдеу әдістерін зерттеу ерекше орын алады. Балалар неврологиясының міндетіне жоғарыдағылармен қатар әр түрлі патологиялық жағдайлардағы жүйке жүйесіндегі өзгерістерді, бала кезеңде көп қырлы аурулардың патогенезіндегі жүйке жүйесінің рөлін анықтау да кіреді.
Соңғы жылдары балалар неврологиясында айқын ілгерілеушілік байқалады. Мидың жастық эволюциясы, оның құрылымы мен функциясының қалыптасуы туралы маңызды мәліметтер алынды. Клиникалық практикада қазіргі заманғы нейрофизиологиялық зерттеу әдістерін ұсынады. Диагностикалық мүмкіндіктер кеңейді, балалардың жүйке жүйесінің ауруларын емдеу нәтижелірек бола бастады.
Кез-келген дәрігер-педиатр балалардың жүйке жүйесі ауруларының көп кездесетін түрлерін анықтай білуі керек — менингиттер, Энцефалиттер, эпилепсияны, бас миының ісіктері және т. б. Неврология негізіндегі білім комалық жағдайдың дифференциалды диагностикасы үшін, жүйке жүйесінің жарақаттарында бассүйекішілік қанқұйылуларды анықтауда және т. б. маңызды. Балалардың жүйке жүйесі жөніндегі білім дәрігердің клиникалық ойлау диапазонын, оның диагностикалық мүмкіндіктерін, емдеу мен алдын алуда рационалды әдістерді таңдауын кеңейтеді.
Нейронның анатомо-функционалдық құрылымы I – нейрон құрылымының сызбанұсқасы; 2 — аксон денесі II — нейронның тежелу механизмі 1 — аутотежелу, Б — реципрокты тежелу. 111 — синаптикалық байланыс Жұлын миы А. Жұлын миының сегменті
БАЛАЛАЛДЫҢ КӨРУ АНАЛИЗАТОРЫН ЗЕРТТЕУ Көру анализаторының әр түрлі бөлімдерінің зақымдалуында түрлі бұзылыстар көрініс береді. Көбінесе көз көргіштігінің төмендеуінен толық соқырлыққа дейін, түсті ажырату бұзылыстары, көру аймағы, көздегі терең бұзылыстармен көрінеді. Көрсетілген бұзылыстар оқшауланған түрде кездесуі мүмкін, сондықтан көздің әр түрлі функциясына бөлек зерттеулер жүргізу қажет. Көзқозғалтқыш жүйке жүйесінің зақымдалуымен байланысты басқа да көру бұзылыстарында III, IV және VI жұптарды қарап талдайды.
Көзқозғалтқыш жүйкелер 1 — көзқозғалтқыш жүйке ядросы; 2 — көзқозғалқыш жүйкенің қосымша ядросы; 3 — орталық құйрықтық ядро; 4 — кірпіктік түйін; 5 — блоктық жүйке ядросы; 6 — алшақтаушы жүйке ядросы; 7 — артқы ұзартылған түйіннің өзіндік ядросы (ядро Даркшевича); 8 — артқы ұзартылған шоғыр; 9 — адверсивный центр премоторной зоны коры больших полушарий; 10 — латеральное вестибулярное ядро; красным обозначены пути, обеспечивающие содружественные движения глазных яблок. Синдромы поражения: 1 а и 1 б — групноглеточного ядра глазодвигательного нерва; 11 — добавочного ядра глазодвигательного нерва; III — ядра IV нерва; IV — VI нерва; V — правого адверсивного поля; VI — левого мостового центра взора.
Схема иннервации мышц глаза и синдромы поражения глазодвигательного и отводящего нервов. 1 — иннервация мышц глаза; 2 — больной с поражением Ш нерва; 3 — больной с поражением VI нерва. При поражении парасимпатических ядер (Якубовича — Эдингера — Вестфаля и Перлиа) или их волокон развиваются: мидриаз — расширение зрачка вследствие паралича мышцы, суживающей зрачок, и функционального преобладания m. dilatator pupillae, расстройство аккомодации в результате паралича m. ciliarae, изменяющей кривизну хрусталика, 3) снижение реакции зрачка на свет (поражение эфферентной части дуги зрачкового рефлекса).
РЕНТГЕНОГРАФИЯ Жүйке жүйесінің патологиялық өзгерістерін рентген тәсілімен анықтау арқылы құнды мәліметтер алуға болады. Ол үшін алдымен бас сүйек рентгенограммасы арқылы шолу жүргізіледі. Краниограммалар қажетті деректерді бермесе, контрасттық тәсілдер (пневмоэнцефалография, пневмовентрикулография, ангиография), компьютерлік томография және магниттік резонанстық томография қолданылады. Краниография бұл – бас сүйек құрылымдарына шолу жасайтын рентгенография.
КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ Компьютернлік томография — неврологияны зерттеудің қазіргі заманғы тәсілдерінің бірі. Науқас басын сәулелендіргіш және тіркегіш аппараттар арасына орналастырады, сосын аппарат айналымның барлық стадияларында рентген сәулесінің әсерімен барлық өзгерістерді тіркей отырып дене осінің айналасымен толық айналым жасайды. Алынған мәліметтер компьютермен өңделіп дисплейге тіліктер суретін береді. Компьятерлік томографияда тек сүйектік құрылымдар ғана емес, жұмсақ тіндерді де көруге мүмкіндік береді. Компьютерлік томография көмегімен ми тығыздығындағы болмашы өзгерістерді де анықтауға болады (ісік, инсульт, гематома, киста, ісіну, абсцесс, атрофия, т. б. ).
МЕДИКО-ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС Тұқым қуалайтын жүйке жүйесін ауруларын зеттеуде маңызды. Генетикалық зерттеу аурудың тұқым қуалаушылық табиғатын, терапевтикалық шараларды бекітеді. Арнайы генетикалық зерттеу әдістерінен басқа (генеологиялық кесте, егіздік, цитогенетикалық, биохимиялық зерттеу әдістері), диагнозды нақтылау үшін клиникалық тексерулер (жиі дизэмбриогенетикалық стигмнің байқалуында) және кейбір параклиникалық тексерулерді жүргізеді.
ЭЛЕКТРОЭНЦЕФАЛОГРАФИЯ Мидың биотогын тіркеу құралы, мидың электрлік қуатын басының зақымданбаған сыртқы қабаты арқылы жазып зерттейді. ЭЭГ ми клеткаларының басым көпшілігінің электрлік белсенділігін жазып көрсетеді. ЭЭГ ми құрлымдарындағы патологиялық өзгерістердің мөлшерін, оның қызметінің бұзылуының көлемін, асқынуын, сондай-ақ мидың әр бөлігінде және тұтас алғанда электрлік белсенділігінің сипатын анықтауға мүмкіндік береді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР С. Қайшыбаев “Неврология” – 1 том Алматы 2008 жыл Б. Х. Хабижанов “Балалар аурулары” Алматы 1997 жыл Интернет желісінде www. google. kz www. yandex. kz
пропед нс.pptx