Британ аралдары.pptx
- Количество слайдов: 12
ҚР Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты Елтану кафедрасы Британ аралдары Орындаған: Шәмшідин Г. (ГЭК, 3 -курс Тексерген: оқытушы Бейкитова А. Н.
Жоспары: • Географиялық орны • Физико-географиялық жағдайы
Британ аралдары -Атлан мұхиты мен Солтүстік теңіз аралығындағы Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан архипелаг. Британ аралдары аумағында Ұлыбритания мен Ирландия және британ корольдігі қарамағындағы аумақ кіреді. Арал ауданы - 315, 1 мың км 2. Материктік бөліктен Па-де. Кале және Ла-Манш бұғаздарымен бөлініп жатыр. Құрамына Ұлыбритания, Ирландия, Гербид, Оркней, Шетланд, Англси, Мэн, Уайт, Арран және т. б. аралдар кіреді. Франция жағалауында жатқан Норман аралдарын да қосады. Шеткі нүктелері: солтүстік — Херма-Несс м — 61° с. е. 1° б. б. шығыс — Лоустофт м — 52° 30′ с. е. 1° 30′ ш. б. оңтүстік — Лизард м — 50° с. е. 5° б. б. батыс— Слайн-Хед м — 53° 30′ с. е. 10° 00′ б. б. Солтүстіктен оңтүстікке қарай — 1000 км, ал батыстан шығысқа қарай — 820 км созылып жатыр.
Орографиясы. Аралдың орташа биіктігі - 200 м. ең биік нүктесі - 1343 м (Ұлыбританиядағы Бен-Невис тауы). Ең төмен нүктесі - 4 м (Фенланд). Скандинавия тауындағындай солтүстік-шығысында өзен аңғары, көл қазаншұңқыры бұйратты, Ұлыбритания аралының солтүстік-батысы таулы, оңтүстік-шығысы жазықты болып келеді. аралдың солтүстік-батысы аласа және орта биіктіге таулы үстірттер, таулар, бірақ шығысына қарағанда батысы биік болып табылады. Жағалық сызықтарының қалыптасуында теңіз абриазиясы үлкен рөл атқарады. соның арқасында биіктігі 40 м террасалар (гроттар, үңгірлер) пайда болған (Фингал гроты). Биіктігі жағынан Шотланд таулы үстірті ерекшеленеді. Ол Орталық Шотланд ойпатын Солтүстік-Шотланд таулы қыратын Грампиан тауымен (Бен-Невис 1343 м) және Оңтүстік-Шотланд қыратына ( 840 м) бөліп жатыр. Ұлыбритания оңтүстік-батысы жазықты, Лондон алабы деп те атайды. Өзен эрозиясы жазықты куэстовый сілем мен балшықты аралыққа бөледі. Куэстовый бедері аралдың қиыр оңтүстігіне Даунстың солтүстігіне және оңтүстігіне тән.
Скай аралы. Шотландия Уайт аралы Ирландия аралы Англси аралы
Климаты. Британ аралдары қоңыржай белдеуде орналасқан, теңіздік климат тән. Жазы салқын, қыссы жылы, қалыпты жауын-шашын мөлшерімен және тұрақсыз қар жамылғысымен ерекшеленеді. Күн радияциясының мөлшері 3200 МДж/(м 2*жыл). Қаңтарда бұл көрсеткіш нөлге тең. Шілдеде 500 МДж/(м 2*жыл). Климаттың қалыптасуында жылдың барлық маусымында қоңыржай ауа массалары ыұпал етеді. Қысқы мезгілде солтүстік бөлігі Исландия максимумы, ал оңтүстігі Солтүстік-Атлант максимумы ықпалында, ал Британ аралдарының барлығында жазғы мезгілде жоғары қысым Солтүстік-Атлант максимумының ықпалы нәтижесінде болады. Аралдарда ауа температурасы жыл мезгілдерінде өзгерісі айқын байқалады. Жазғы температура +16 °C, қысқы +8 °C тең. Жаз мезгілінде ауа температурасы +30 °C дейін көтеріуі де мүмкін. Жылдық жауын-шашын мөлшері аралдар аумағында әртүрлі. Батыс жағалауында 1500 мм/жылына, шығысында 700 мм. Барлық маусымда біркелкі түседі. Бірақ қысқы уақытта циклондардың белсенділігінен көбеюі мүмкін.
Сулары. Ірі өзендері: Шаннон (368 км), Темза (334 км), Северн (354 км). Ірі көлдері жоқ, кішігірім көлдері — Лох-Несс, Лох-Ломонд и Лох-Дерг, Лох-Ней. Жазықты аумағында көлдер жоқ, бірақ жасанды су қоймалары бар. Жерасты сулары бұрыннан халықты ауыз сумен қамтамасыз етеді. Ең ірі жерасты су алабы 30 мың км 2. Англия мен Уэльс қолданатын судың 2/5 осы жерасты қоры береді. Өзен сулары жауын-шашынмен, қар суымен қоректенеді. Көлдері. Лох-Несс - сызықтық созылған тұщы су. Теңіз деңгейінен 16 м биікте орналасқан. Ауданы 56 км 2, ұзындығы 40 км, ені 1, 4 км, тереңдігі 230 м. Мұздықтан қалыптасқан, жағасы жарлы. Көлден Несс өзені ағып шығады. Лох-Ломонд - Грампиан тауының оңтүстік-батысында, тектоникалық аңғарда орналасқан. Теңіз деңгейінен 7, 6 м, Ауданы 71 км², ұзындығы 97 км, ені 8 км, орташа тереңдігі 37 м, ал ең терең жері 190 км. Ливен өзені ағып шығады.
Британ аралдары екі табиғат зонасында орналасқан, 56°с. е. қылқан жапырақты орман, ал қалғаны (Ирландия аралымен қоса) жалпақжапырақты орман. Арша, қарағай, қайың, жаңғақ, балқарағай. Шқптесін шалғындар табиғат ресурстарының маңызды өлігі болып табылады. Жалпақжапырақты ормандар 300 -400 м, ал қылқанжапырақтылар 500 -600 м биіктікке дейін өседі. Орман фаунасы қазіргі таңда жойылып кеткен. Қазіргі таңда 22% жері қорғаудағы аймақ болып табылады. Аралдардың фаунасы адам әрекетінен өте қатты зардар шеккен. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 56 түрі, олардың ірілері бұғы, елік. Түлкі, қоян, сусар, сасыққүзен сиқыталыр да бар. Британ аралдарын тұрақты мекендейтін құстардың 130 түрі бар. Англия символы - красногрудая зарянка. Ең көп тарағаны - торғай, қараторғайлар, қарғалар, шапақтар, ақсағалдар.
Британ аралдары.pptx