
Создание шаблона.ppt
- Количество слайдов: 9
ҚР аурушандық көрсеткіші 2009 жылдың 1 -тоқсанындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру шаралары туралы
2009 жылдың бірінші тоқсанында жұқпалы және паразиттiк аурушаңдық бойынша эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлықтай деп бағаланды. 2008 жылдың iспеттес кезеңiмен салыстырғанда жіті ішек жұқпасымен, сальмонеллезбен, ротовирустық энтеритпен, менингококтық жұқпамен, қызамықпен, «А» және «В» вирустық гепатитпен, эпидемиялық паротитпен, жiтi респираторлық вирустық жұқпамен, тұмаумен, қышыма қотырмен аурушаңдық деңгейі төмендеген. 2
Жалпы аурушаңдық деңгейінiң төмендегеніне қарамастан, сальмонеллез ауруы бойынша облыстық көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 35%-ға, жiтi iшек жұқпалары - 28%-ға, соның ішінде бактериалдық дизентерия- 23%-ға, «В» вирустық гепатит – 42%-ға, жiтi респираторлық вирустық жұқпа 1, 5 есеге, тұмау 3, 5 есеге артқан. Жалпы жіті ішек жұқпаларымен аурушаңдық деңгейі төмендегенімен, бактериялық дизентерия 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2, 5 есеге өскен. Бактериялық дизентерия аурушаңдығының көпжылдық талдау қорытындысы бойынша 2004 -2007 жылдар аралығында аурушаңдыққа тән циклдік төмендеу анықталса, 2008 жылдан бастап көтерілуі байқалған, 2009 жылы да аурушаңдық деңгейі ары қарай көтеріледі деп болжануда. Аурушаңдықтың таралу факторында Шигелла Флекснер (93, 1%) басым болғандықтан, бактериялық дизентерияның су арқылы таралу қаупі бар. Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Шемонаиха, Жарма аудандарында бактериялық дизентерия ауруының деңгейi өскен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдықтың тiркелуi өзекті мәселенің бірі болып отыр. Жалпы жiтi iшек жұқпалары ішінде балалар аурушаңдығының үлес салмағы төмендеп, 63, 4%-ды құраған, ал 2008 жылдың iспеттес кезеңінде ол 70% болған. 3
2 жасқа дейінгі балалар арасында жұқпалы ішек аурушаңдығы 2008 жыл деңгейiнде қалған және жалпы аурушаңдықтың 51, 8%-ын құраған. Зайсан, Катонқарағай, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Семей және Өскемен қалаларында осы жастағы балалар арсында дизентерияның бірлі-жарым жағдайлары тіркелген. Балаларды өз жасына сай тамақтандырмау және жеке бас тазалығы ережелерін сақтамау аурудың негiзгi себебi болған. Сальмонеллезбен аурушаңдық деңгейі 32, 5%-ға төмендеген. Аурушаңдықтың ең жоғарғы деңгейі Өскемен қаласында (жалпы аурушаңдықтың 39%ы), Семейде (жалпы аурушаңдықтың 19%-ы) тіркелген. Аягөз, Зырян, Шемонаиха, Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласында жалпы аурушаңдық деңгейі төмендегенімен, сальмонеллездің деңгейі өскен. Глубокое, Зырян, Катонқарағай аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларында аурушаңдық облыстық көрсеткіштен артқан. 4
2008 жылдың iспеттес кезеңімен салыстырғанда жіті вирусты гепатитпен аурушаңдық 2, 9 есеге төмендеген, соның iшiнде «А» вирусты гепатитпен аурушаңдық 3, 5 есеге төмендеген. Жалпы гепатиттердiң iшiнде АВГ-тiң үлес салмағы 59, 7 %-ды құрады. 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы аурушаңдықтың үлес салмағы жоғары болып отыр және 59, 1%-ды құрайды, ал 2008 жылы 53, 5% болған. Ауру көбінесе оқушылар мен ұйымдастырылмаған балалар арасында тіркелген. Тарбағатай, Үржар, Аягөз, Катонқарағай аудандары мен Риддер, Семей қалалары АВГтiң таралу және пайда болу қаупі жоғары аумақтар. Көбінесе ине және жыныстық қатынастар арқылы жұғатын парентералдық гепатиттер ( «В» және «С» вирусты гепатиттерi) 35, 3%-ды құрайды. Облыс аумағында 2009 жылдың 1 -тоқсанында карантиндік жұқпалар, күйдіргі, құтырма аурулары тіркелген жоқ. ШҚО аумағында адамдар арасында құтырма ауруы тіркелмегенмен, жануарлар арасындағы эпизоотиялық жағдай шиеленіскен, әсіресе Үржар, Абай, Аягөз, Тарбағатай аудандарында. 2009 жылдың өткен кезеңiнде жануарлардың тістеуiнен зардап шеккендер саны 24, 5%ға өскен. Зырян, Бородулиха аудандарында қаңғыбас жануарларды жою шараларына қаржы бөлу қарастырылмаған, 1 -тоқсанда қаңғыбас жануарлар ауланбаған. 5
2008 жылмен салыстырғанда туберкулез аурушаңдығы 5, 1%-ға төмендедi. Өскемен қ. аурушаңдық 13, 2%-ға төмендеген. Абай (44, 2), Аягөз (36, 1), Глубокое (41, 2), Көкпектi (33, 7), Ұлан( 33, 9), Үржар (31, 3), Шемонаиха (34, 4) аудандарында және Семей қ. (37, 0) аурудың облыстық көрсеткiштен жоғары екендiгi байқалды. Ауруханаішілік жұқпалар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда. Дегенмен, нәрестелер арасында аурушандықтың 1, 5 есеге немесе 34, 2%-ға өсуі байқалды. Аурушандық Семей және Өскемен қалаларында 33, 3%-ға өскен, Бородулиха, Аягөз, Зайсан аудандарында және Риддер қ. аурудың бірлі-жарым жағдайлары тіркелген. Барлық жағдайлар жұқпаны бақылау комиссиясы отырыстарында талқыланды (35 отырыс). Облыстың босандыру мекемелеріндегі аурушандық облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармасының 2 алқа отырысында, 5 медициналық кеңесiнде талқыланды. Микробиологиялық көрсеткіштері бойынша ауыз су сапасының мониторингі облыс бойынша 107%-ға орындалған. Жарма - 31%, Шемонаиха - 55% аудандарының көрсеткiштерi облыстық көрсеткiштен төмен. 2008 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сай келмейтiн сынамалар 0, 5%-дан 1, 5%-ға дейін нашарлаған. Осы көрсеткіш Ұлан (7, 1%), Аягөз (6, 7%) аудандарында, Семей қаласында (4%) облыстық көрсеткіштен жоғары. Санитарлық-химиялық көрсеткіш - 1, 7% құрады (2008 ж. бірінші тоқсанында. - 1%). Осы көрсеткіш бұрынғыдай Ұлан ауданында жоғары болып отыр 33% (2008 ж. -42%). Қадағалаудағы нысандарды тексеру санының азайғанына қарамастан, сапасыз деп танылып сатудан алынған өнiмдер – 22065 кг құрады (1 кв. 2008 ж. - 611 кг). 6
7
8
9
Создание шаблона.ppt