default.pptx
- Количество слайдов: 14
ҚР ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ Орындаған: Мырзақұл Оразбек ЭА-442
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т. б. ) біріктіретін аса маңызды саласы. өндіруші өнеркәсіп – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т. б. ; өңдеуші өнеркәсіп– қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т. б.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2014 жылы республикада 18 531, 8 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 0, 3% -ға жоғары. Өндірістің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Астана қаласында тіркелді.
Өңірлер бойынша өнеркәсіп өнімі көлемдерінің өзгеруі
Соның ішінде: Тоқыма өнеркәсібі – даму келешегі бар жеті саланың бірі екенін көрсетті. Бұл - еліміздегі тоқыма секторын жаңартуға және дамытуға түрткі болды, бұл өз кезегінде көпжылдық тоқыма дәстүрі мен тұрақты дамып тұратын нарықтық сұраныстың үйлесуі арқылы осы саланың динамикалық дамуы мен өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Тоқыма өндірісінің шикізатты дайындаудан бастап, иірілген жіпті, матаны және киімді дайындауға дейінгі барлық сатыларына 2009 жылдан бері инвестицияның құйылуы өндіріс қуатын төрт есеге арттырады.
Тоқыма өнеркәсібі дамуының маңызды әлеуеті Оңтүстік Қазақстанда. Тек осы аймақта қоза мен мақта талшығын өндіреді. Шардара ауданында американдық жабдықтармен жабдықталған жаңа заманауи мақта өңдеу зауытын ашу жоспарлануда. Ол бұған дейінгі зауыттарға қарағанда түбегейлі түрде басқаша болады. Ең маңыздысы, тоқыма өнеркәсібі үшін аса маңызды талшықтың сапасындағы айырмашылық, бұл енді Оңтүстік Қазақстанның тауарлық маркасы болуға дайын. Бұған қоса, бүгінгі күннің өзінде екі маңызды тоқыма жобасын жүзеге асыру басталып кетті және жақын арада осы өңірде алты ірі тоқыма компаниясы жұмыс істейтін болады. Ресейлік компаниялардың тарапынан сұранысқа ие бола отырып, киім өндірісі қарқынды дамуда. Осының барлығы Оңтүстік Қазақстанда жаңа тігін цехтары мен фабрикаларының пайда болуына әкеледі. Ал тұрақты тігін өндірісінің болуы – бұл мата мен иірілген жіпке деген сұраныстың кепілі. Егер бастапқы жоспар қозаны жинап, содан кейін оны өңдеуден, дайын тауар өндірісіне дейінгі желіні құру болса, бүгінгі таңда нарықтың талабын ескере отырып, жұмысты кері бағытта жүргізу таңдалды.
Тоқыма бұйымдары өндірісі дамуының оң үрдісі тоқыма саласының дамуына байланысты. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша тоқыма өнеркәсібі 2012 жылы 291, 7 млн АҚШ доллары көрсеткішіне жетсе, өнімнің нақты көлемінің индексі 2011 жылғы осы кезеңдегі 116, 7 млн АҚШ доллары көрсеткішімен салыстырғанда 108, 3% құрады (өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 107, 1 %). Егер жекелеген секторлар бойынша қарасақ, киім 147, 1 млн АҚШ доллары (өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 109, 2 %), былғарыдан жасалған бұйымдар - 27, 9 млн АҚШ доллары (өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 120, 2%). Осыншалықты өсудің негізгі көзі – мақта -мата жіптері мен матаның, трикотаж маталардың, сырт киімдердің, кепештер мен құлақшындардың, свитерлердің, водолазкалардың, кардигандардың, желеткелердің, спорттық киімдер мен ілеспе бұйымдардың өндірісі. Оң үрдіс 2013 жылғы 1 -тоқсанда да сақталды: 2012 жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 2013 жылғы қаңтарнаурыз айларындағы тоқыма өндірісінің жалпы көлемі 149, 1% құрады. Осы кезеңдегі өсу қарқыны барлық санаттарда көрініс тапты. Өткен жылғы баламалы кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда былғары және ілеспе бұйымдар көлемінің өсуі - 130, 5%, киім өндірісі - 116, 8%.
.
Тоқыма өнеркәсібі – Қазақстанның өнеркәсіптік инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басымдығы жоғары салалардың бірі. «Жол картасы - 2020» бағдарламасының мәліметтері бойынша 2012 жылы жалпы сомасы 18, 3 млн АҚШ доллары көлемінде 23 тоқыма жобасына қолдау көрсетілді. Экспортты ынталандыру ұлттық бағдарламасының шеңберінде мақта-мата материалдарынан, жүннен, былғарыдан жасалған тауарларды экспорттауға, балалар мен ересектерге арналған аяқ киімді, іш және сырт киімді экспорттауға қолдау көрсетілді.
• – «Универсал» ЖШС – полипропилен қаптарды өндіру зауыты; • – «Атамекен МК» ЖШС – медициналық мақта өндірісі; • – «Имажанов Нуржан» ЖК – киім тігу фабрикасы. • Қарастырылып жүзеге асырылуға рұқсат етілген 3 жоба: • – «Glasman» ЖШС –жұмыс істеп тұрған «Glasman» ЖШС тігін өндірісін жетілдіру ; • – «Нурибал» ЖШС – тоқылмаған мата өндірісі ; • – «Новолек» ЖШС – полипропилен қаптар өндірісін жылына 1, 5 млн қап өндіру қуаттылығына дейін жетілдіру.
Экспортты шолу Маталар мен былғары бұйымдар – тоқыма өнеркәсібін экспорттаудағы негізгі нысандар. Олар тоқыма бұйымдардың жалпы экспортының 75% құрайды. 2012 жылы Қазақстандағы тоқыма саудасының көлемі 2011 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артты: мата сату - 60%, аяқ киім - 75, 5%, қайыс тері 34%. Мата экспорты - 3%, ал қайыс тері экспорты - 25% төмендеді. Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www. export. gov. kz
Жеңіл өнеркәсіпке мынадай мамандықтар жатады: иіруші, тоқымашы, конструктор - модельер, суретші - модельер, пішуші, тігінші, 1. Пішуші – қажетті бұйымның кескінін жасаушы. 2. Конструктор – бір нәрсенің конструкциясын жасаушы, құрастырушы. 3. Модельер – сәнді модельді заттың үлгісін жасайтын маман. 4. Иіруші – жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушы.
Галантерея – ұсақ-түйек бұйымдар шығаратын фабрика. Трикотаж – жіптің тұзақталып, өзара айқасуы арқылы тоқылған тоқыма мата.
default.pptx