
1178__1201_lakhmet_Bolat.pptx
- Количество слайдов: 12
Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті Пропидевтика және ішкі аурулар кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Жіті сол қарыншалық жетіспеушіліктің диагностикасы және жедел жәрдем көрсету алгоритмі 2016 -2017 оқу жылы Қабылдаған: Алимбекова Л. Т Тапсырған: Құлахмет Б. М Тобы: Жм-304
Мақсаты: Барлық өмірлік маңызды жүйелер мен олардың қызметі және қалпын зерттеу
Зерттеу сұрағы: Анықтамасы Класификациясы Анамнез жинау Клиникалық көрінісі Қосымша диагностикасы
Анықтамасы: Бұл синдром төмендегідей аурулардың әсерінен пайда боладыдиффузды миокардит, қолқа ақауы, сол қарынша мен жүрекше аралық тесіктің тарылуы, гипертония ауруы, жүрек инфарктісі, шамадан тыс физикалық жүктемелердің әсерінен болады. Қауіп-қатер факторлары: 60 -тан асқан жас; қайталамалы миокард инфаркты және оның дамуының демікпелік нұсқасы; анамнезінде қан айналымының бұзылыстары, семіздік, созылмалы аурулар, миокард инфарктының дамуына дейін жиі стенокардия ұстамаларының болуы.
Клиникалық көрінісі: - ауа жетіспеу сезімімен кенеттен басталуы; - кейде тұншығуға өтетін, әртүрлі дәрежедегі үдемелі ентігу; - кейде Чейн-Стокс тынысы (қысқа кезеңді гипервентиляцияның тыныстың тоқтауымен кезектесуі ); - жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін - көпіршікті қақырық, кейде күлгін түске боялған; - науқас мәжбүрлі қалыпта отырады ( ортопноэ); - науқас қозған, тынышсыз; - тері жабындыларының боз және ылғалды болуы (суық тер), сілемейлі қабаттардың цианозы; - тахикардия ( 120 -150 рет минутына), протодиастолалық шоқырақ ырғағы; - мойын веналарының ісінуі; - АҚ-ның қалыпты немесе төмен көрсеткіштері;
Дифференциалды диагностика: Өкпенің альвеолярлы ісінуінде өкпенің барлық бетінен әртүрлі калибрлі анық, ылғалды сырылдар, қашықтықтан да естілуі мүмкін (бұрқылдаған тыныс). Ентікпе кезінде дифференциальды диагностиканы мыналармен жүргізеді: - спонтанды пневмоторакспен (ентікпе ауыру синдромымен бірге жүргенде); - орталық ентікпе (бассүйекішілік процесс); - психогенді ентікпе (тахипноэ); -стенокардия ұстамасымен.
Негігі диагностикалық шаралар тізімі : 1. Ентікпенің алғаш дамуы мен оның сипатын (кенеттен пайда болуы немесе үдемелі өршуі) анықтау, сонымен қатар пайда болу жағдайын (тыныштықта немесе физикалық күш түскенде) білу. 2. Қазіргі жағдайға әкелген симптомдарды анықтау (кеудедегі ауыру сезімі, гипертониялық криз эпизоды). 3. Науқастың қабылдаған дәрі-дәрмектерін және оның эффективтілігін анықтау. 4. Анамнез жинау 5. Жалпы жағдайын және өмірлік маңызды функцияларды бағалау: есін, тынысы, қан айналымы. 6. Науқастың қалпы: ортопноэ. 7. Визуальді бағалау: тері жабындыларын (боз, ылғалды), акроцианоздың болуы, мойын веналарының және кеуденің жоғарғы бөлігі веналарының ісінуі, шеткі ісінулер ( аяқ-қолдың, асцит). 8. Тыныс алу жиілігін (тахипноэ), пульсті (тахикардия немесе кейде брадикардия). 9. АҚҚ-ын өлшеу: САҚ-ның 90 мм с. б. төмен түсуі - шок белгісі; гипотония ( миокардтың ауыр зақымдануы кезінде); немесе гипертензия ( ағзаның стресстік жауабы кезінде). 10. Перкуторлы: жүректің абсолютті тұйықтығының солға немесе оңға ұлғаюы (кардиомегалия). 11. Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы және ұлғайған ауыру сезімді бауырдың болуы. 12. Жүрек аускультациясы: протодиастолалық немесе пресистолалық шоқырақ ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу. 13. Өкпе аускультациясы: ылғалды сырылдар
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: - I , II, a. VL, V 5 -6 әкетулерде Р тісшесінің екеуленуі және амплитудасының ұлғаюы - Р тісшесі амплитудасының екінші теріс фазасы ұзақтығының ұлғаюы немесе V 1 әкетулерде теріс Р тісінің пайда болуы; - Теріс немесе екі фазалы РIII - Р тісі енінің ұлғаюы - 0. 1 с жоғары
Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік Жүрек астмасы Өкпе ісінуі Ортопноэ, тахипноэ, бетінде цианоз жүреді, аускультация кезінде құрғақ сырыл, АҚҚ төмендейді, ол болмаса гипертониялық криз болады Синдромның алғашықы кезеңі бірнеше минуттан бирнеше сағатқа созылады, аралас ентігу, итахикардия, АҚҚ жоғарылауы. ЭКГ –Р пульмоналді инверсия Т- тісшесінің тегіс болып, ST -тісшесінің араласып кетуі Альвеолалық ісіну Ағымдары: Жедел-4 сағ. Дейін Орташа-4 -12 сағ. аралығында Созылмалы-12 саңбирнеше күн.
Қорытынды: Жүректің жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігінің диагностикасы екі түрде жүреді: негізгі және қосымша. Негізгілеріне аускультация, перкуссия пальпация, клиникалық көрінісіне және т. б. зерттеулер жатады, негізгі зерттеулерден алынған мәліметтердің қорытындысы бойынша диагноз қойылса , осы диагнозды нақтылау мақсатта қосымша зерттеулер жүргізіледі: ЭКГ, Эхо. КГ, рентгенография.
Пайдаланылған әдебиеттер http: //aktobe-skoraya. kz/kz/Dlja_personala/52. aspx -2007 ж https: //diseases. medelement. com/disease/view/MTM 0 Mjg%253 D/f. DB 8 2011 http: //lektsii. org/6 -38594. html-(29 қаңтар 2015, хаттама № 5)
1178__1201_lakhmet_Bolat.pptx