Кулахметова Х.pptx
- Количество слайдов: 25
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Балалық шақтағы қан жасау органдарының визуальды диагностикасының ерекшеліктері. Тобы: ЖМ-308 Орындаған: Кулахметова Х. Қабылдаған: Убайдаева А. Б
Жоспар Ø Кіріспе Ø Негізгі бөлім Балалық шақтағы қан жасау органдарының қызметі Ø Балалардың қан өндіру қабілетінің сыртқы және ішкі орталықтары Ø Қан жасау жүйесінің жас балаларда жиі кездесетін аурулары Ø Зертханалық зерттеу әдістері және аспаптық зерттеу әдістері Ø Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезеңде қан сары денеге, бауырда, көк бауырда және сүйек кемігінде өндіріледі. Ұрықтық мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2 -3 апталық кезеңінде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады
Бауыр ұрықтың 3 -4 апталық өмірінде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3 -4 жаста бауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4, 33%-ына тең болса, ересек адамда ол 2, 85% ға тең. 8 -10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2 -3 жаста 3 есе артады.
Ұрықтық кезде бауырдың қан өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Ұрықтың 5 апталық өмірінде ол қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бұл қызметі тоқталады. Дегенмен бала туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі әлсіз болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады. Ұрықтың 14 апталық өмірінде көк бауырда қан өндіру басталады. Ұрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған сәбидің көк бауырының салмағы баланың денесінің жалпы салмағы мен ұзындығына байланысты болады.
Сүйектің қызыл кемігі ұрықтың мерзімнің 4 -ші айында қызмет ете бастайды да 6 –шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек “майына” толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан тұрады. Тек 3 -4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жілік майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады.
Сүйек қызыл кемігіндегі қан өндірілу қызметі 3 жаста, 7, 10 және 13 жаста маңызды орын алады. Қан өндіру мүшелері қанды қан клеткаларымен қамтамасыз етеді және бірінің қан өндіру қызметі бұзылса, басқа мүшелер оның орнын басады. Қан өндіру мүшелерінің бәрі құрамындағы фагоцитарлық қасиеті бар ерекше клеткалардың көмегімен қанды бактериялардан , өлі клеткалардан т. с. с. тазартады. Бұған қоса, қан өндіру мүшелерінде өздері арқылы өтетін сұйықты жинау қабілеттері болады, қажет болған кезде сол сұйықты қан айналысына құяды.
Балалардың қан өндіру қабілеті сыртқы және ішкі орталардың жағдайларына байланысты болады. Тамақ, оның құрамындағы витаминдердің мөлшері, ауру, дене шынығу қалпы, сыртқы ортаның экологиялық жағдайларының қан өндіру қызметіне әсері күшті. Сүйектік жас білезік сүйектердің ренгеногроммасында 4 -5 айдан асқан балалардан бастап анықталады. Қыз балаларда бұл құбылыс тез дамиды.
Қан түзу жүйесінің балаларда ең жиі кездесетін аурулары Анемия – қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің , жиі олардың сапалық өэгерістерімен қабаттасатын, мөлшері азаюын айтады. Кейде эритроциттердің саны азаймауы мүмкін (мысалы, теміртапшылықты анемия, талассемия)
Зертханалық зерттеу әдістері Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын бағалайды: эритроциттердің саны мен оның құрамындағы гемоглобин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды
Аспаптық зерттеу әдістері 1928 жылы М. И. Арикин стерналды пункцияны ұсынған болатын. Әдісті жүргізу техникалық жағынан қарапайым болғандықтан күні бүгінге дейін кеңінен қолданылады. Теріні , тері асты қабатын және сүйек қабығын дәрімен жансыздандырғаннан кейін екінші және үшінші қабырға аралықтары тұсында , төс сүйегінің үстіндегі жұмсақ тіндерді теседі, одан кейін 5 мм белгі қойып, төс сүйегінің сыртқы пластинкасынан өтеміз
Сүйек майының құрамы туралы анық мәліметті трепанобиопсия береді. Арнайы троакар инемен жамбас сүйегінің қырына еніп, сүйек майы тінінің кесіндісін кесіп алып, одан гистологиялық препарат дайындайды. Бұл жерде қанның қоспасы жоқ, сондықтан сүйек майының құрылысын толық зерттеуге болады.
Лимфа бездерін инемен тесу Бұл әдіс арқылы бездің клеткалық құрамын зерттеумен , әсіресе лимфа бездер жүйесі ауруларының (лимфолейкоз, лимфагранулематоз, лимфасаркоматоз) қатерлі ісік метастаздарын анықтауға болады.
Рентгенологиялық зерттеу Рентген әдісімен кеуде қуысында үлкейген лимфа бездерін, сүйектердегі өзгерістерді анықтауға болады (миелоидты ауру кезіндегі деструкция ошақтары, лимфасаркомада сүйектердің құрылымының бұзылуы, остеомиелосклерозда сүйектердің тығыздалуы). Сүйек тініндегі өзгерістер рентгенограммада жақсы көрінеді. Көк бауырдың тамырларын спленопортография жасалынады.
Радиоизотоптық зерттеу Көк бауырды сканерлеу кезінде науқастың өзінің эритроциттерін радиоактивті хроммен немесе алтынының коллоидты ерітіндісімен белгілеп, қанға енгіземіз. Бұл әдіспен талақтың өлшемдерін және зақымдану ошақтарын анықтауға болады. Цитохимиялық әдіспен лейкоциттерді зерттеу. Бұл әдіс ісік клеткаларын анықтауда қолданылады. Науқастардың қанын лейкоциттердің құрамындағы пероксидазаны, сілтілік фосфотазаны, эстеразаны анықтайды. Цитогенетикалық зерттеу әдісімен клеткалардың хромосомасының морфологиялық немесе сандық ауытқуларын табады.
Қорытынды Қанның дің жасушаларынан тимуста Т-лимфоциттер жетіліп, одан соң көкбауыр мен лимфа түйіндерінде көбейіп маманданады. Дің жасушалар барлық қан жасушаларына ортақ, олардың бастама ізашар жасушалары. Олар құрылысы мен мөлшері жағынан кіші лимфоциттерге ұқсас.
Эритроциттердің, гранулоциттердің, қан табақшаларының түзілу процестері сүйектің қызыл кемігі майында, ал В-лимфоциттердің бастама жасушалары алдымен сүйектің қызьл кемігі майында түзіліп, онан соң жетілу, көбею, мамандану процестері көкбауыр мен лимфа түйіндерінде жүреді
Пайдаланылған әдебиеттер! 1. Мазурин А. Н. , Воронцов И. М. Пропедевтика детских болезней: учебник / И. М. Воронцов, А. В. Мазурин. - 3 е изд. , доп. и перераб. - СПб. : Фолиант, 2009. - 883 с 2. Капитан, Татьяна Владимировна. Пропедевтика детских болезней с уходом за детьми: учебник / Т. В. Капитан. 3 -е изд. , доп. - М. : МЕД. пресс-информ, 2009. - 704 с 3. Пропедевтика детских болезней: учебник / ред. Н. А. Геппе. - М. : ГЭОТАР Медиа, 2008. - 464 с. 4. Уход за здоровым и больным ребенком : учеб. пособие / ред. А. С. Калмыкова. - Ростов н /Дону: Феникс, 2008. - 208 с. (Медицина для вас).
Назарларыңызға рахмет
Кулахметова Х.pptx