Tema_3.ppt
- Количество слайдов: 18
ҚОЗҒЫШ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Жоспары: Қозғыш ұлпалардың жалпы қасиеті Қозғыштықтың кезеңдері Қозғыштықтың өлшемдері Биопотенциалдар Жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизімі Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері Синапстардың физиологиялық қасиеттері
Қозғыш ұлпалардың жалпы қасиеті Тірі организмде ұлпаларды -Қозғыш -Қозбайтын деп екіге болінеді. Қозғыш ұлпаларға: жүйке, қаңқа, жүрек, бірыңғай салалы еттер, сөл бөлетін бездер; Қозбайтын ұлпаларға: дәнекер ұлпа, шеміршек, тері эпителийлері жатады; Қасиеттері: 1)Қозу 2)Қозу процесін өткізу 3)Ет ұлпалары үшін жиырылу, ширығу, қатаю.
Қозғыштықтың кезеңдері 1 -кезең Абсолюттік рефрактерлік 2 -кезең Салыстырмалы рефрактерлік 3 -кезең Супернормальдық кезең 4 -кезең Субнормальдық кезең
Қозғыштықтың өлшемдері Әсердің пайдалы уақыты. Тітіркендіргіш күші мен әсердің ұзақтығы арасындағы байланысты Дж Гоорвег пен М. Вейсс қисық сызық арқылы көрсетті. Ол ‘’күш пен уақыт’’ сызығы деп аталады. Хронаксия деп ұлпаны қоздыратын реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады. Аккомодация жылдамдығы. Аккоммодация (лат. бейімделу). Аккомодация жылдамдығы ұлпаның қозғыш дәрежесін анықтайды. Лабилдік (лат. -құнақылық, тұрақсыздық ). Лабилділік деп тітіркендіру санына сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы санын айтады.
Биопотенциалдар Мембраналық потенциалдар Локальді жауап потенциалы Әрекет потенциалы Із потенциалы Постсинапстық қоздыру потенциалы Тежеуші потенциалдар
Мембраналық потенциал
Әрекет потенциалы деп - белгілі бір ұлпада тітіргендіргіштің әсерінен қозу процесі пайда болган сәтте туатын потенциал. Ұлпа қозған мезгілде мембранлық потенциалдың мөлшері біртендеп төмендеп барып жоғалып кетеді де, потенциалды тіркейтін аспап “ 0”-ді көрсетеді. Мембрананың сыртындағы заряд қарама-қарсы өзгеріп потенциал қайта пайда болады. Заряды өзгерген потенциал күшейіп, ең жоғары “шың”, “спайк” дәрежесіне жетеді. Одан әрі потенциал қайта төмендеп МП бастапқы қалпына келеді. Осыған орай ӘП-ын мембраналық потенциалдың ұлпа қозған сәттегі өзгеруі деп те атайды. ӘП пайда болғанда клетка мембранасының сыртқы беті теріс, ал ішкі беті оң зарядталады.
Әрекет потенциалының кезеңдері Мембраналық потенциалдың, жоғалып барып қайта көтеріліп “шың” дәрежесіне жету кезеңін әрекет потенциалының деполяризация кезеңі деп атайды. Бұдан соң ӘП-ы төмендеп, біртіндеп МП мөлшері мен заряды бұрынғы қалпына келеді. Бұл мерзімді ӘП-ның реполяризация кезеңі дейді. Көбінесе жүйке талшықтарындағы әрекет потенциалының реполяризация кезеңінде “із” потенциалдары байқалады. Із потенциалы “теріс” және “оң” болып екіге бөлінеді. Реполяризация аяқталуға жақындаған сәтте әрекет потенциалының әрі қарай төмендеуі тоқтап белгілі бір деңгейде 15 мс-тей кідіреді. Бұл мезгілде потенциал мөлшері МП-дан төменірек, яғни мембрана аздап деполяризация жағдайында болады. Сондықтан бұл потенциалды теріс із потенциалы деп атайды. Бұдан әрі реполяризация аяқталып мембраналық алғашқы қалпына жетеді де, оның оң заряды біраз уақыт 15 мв шамасындай күшейеді. Осы реполяризация кезеңінің соңында потенциалдың күшеюін гиперполяризация дейді. Гиперполяризациядан соң МП қайтадан алғашқы қалпына келеді.
Әрекет потенциалы және туындау механизмі
Жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизімі Қозуды өткізу - мембрананың қызметі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес. Миелинсіз талшықта қозу процесі оның тітіркендрген жерінен қасындағы жерге, одан әрі қарай үздіксіз, өте жай жылжиды. Ал миелин қабығы бар жүйкеде теріс заряд бір Ранвье үзілісінен екіншісіне секіріп өтеді. Миелинсіз талшықтан қозу процесінің өтуін талқыласақ, алдымен тітіркендіргіш әсері орнында қозу процесі (ӘП)деполяризация пайда болады. Бұл жердегі мембрананың Na+ ионына өтімділігі күшейгендіктен сыртқы беті теріс зарядталады да, ішкі беті оң зарядқа ие болады. Жүйке талшығының қозбаған жеріндегі мембрана әдеттегідей сыртқы бетіндегі оң зарядын, ішкі жағындағы сол зарядын сақтап қалады.
Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері Ет қозғыш ұлпалардың бірі. Қасиеттері: қозуды өткізу, қозғыштық және жиырылу. Ет ұлпасының қозғыштық дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анықталады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. бірыңғай салалы еттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол еттің қозу табалдырығы бәрінен де жоғары болады. Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшаңдығы сомалық жүйке талшықтарінікінен көп төмен. Қозу процесы ет талшығы сарколемммасын бойлай әртүрлі жылдамдықпен, атап айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3, 5 -14 м, жүрек етінде 0, 91 м, бірыңғай салалы 0, 5 мм-ден 5 -10 см-дей жылдамдықпен тарайды. Ет ұлпасы созылғыш келеді. Оның созылғыштығы резенкеге қарағанда шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастапқы
созбай тұрғандағы қалпына келеді. Еттің негізгі қызыметі және физиологиялық қасиеті-жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркенгіштік әсерінен берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы. Жүрек еті мен кейбір бірыңғай салалы, яғни ішек лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті сомалық жүйке жүйесімен , оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті адам өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді.
Еттің жиырылу түрлері Жиырылғын сәтте ет қысқарып, осыған орай оның тонусы күшейсе, мұны ауксоониялық жиырылу деп, қысқарғанымен тонусы өзгермесе, он изотониялық жиырылу деп атайды. Ал ет қысқармастан тек қатаятын болса, оны изотермиялық жиырылу дейді. Белгілі бір тітіркенгіш жалғыз асер етсе, оған ет бір рет жиырылып жазылады. Мұны жеке жиырылу деп атайды. Ал етті жиі-жиі тітіркендірсе, сіресіп қалады. Осыған орай ет жиырылуы жеке және сіресіп жиырылуы болып бөлінеді.
Синапс Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор - делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік. Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.
Синапс құрылысы
Синапстардың физиологиялық қасиеттері 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. Қозу синапс арқылы көбінесе медиатордың қатысуымен өтеді. Синапста қозу бір-ақ бағытта - пресинапстық мембранаға дейін өтеді. Қозу синапстан баяу өтеді, синапста 0, 2 -0, 5 мс-тей қозу кідіреді, мұны синапстық кідіру дейді. Синапс әрекеті ұзаққа созылмайды, тез аяқталады. Синапс тез қажиды. Қажу медиатор санының азаюына байланысты. Синапстың қозғыштық қасиеті жүйкеге қарағанда көп төмен, лабилдігі төмен, рефрактерлік кезеңі ұзақ. Синапста алғашқы қозу толқыны келесі қозудың өтуін жеңілдетеді, жол салады, із қалдырады. Синапстардың қай-қайсысы болса да кейбір химиялық фармкологиялық заттарға, мәселен ганглиоблокаторларға сезімтал келеді.
Синапстар
Tema_3.ppt