2_lektsia_KBU.pptx
- Количество слайдов: 13
«Қонақ үй бизнесі» модулі «Қонақ үй бизнесін ұйымдастыру» пәні бойынша № 2 Дәріс
№ 2 Дәріс Қонақжайлылық индустриясының мәні және ерекшеліктері
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Қонақжайлылық: мәні және мазмұны 2. Қонақ үй шаруашылықтар мен орналастыру құралдарының типологиясы 3. Әр түрлі елдердегі қонақ үй шаруашылықтарының жіктелуі 4. Халықаралық қонақ үй ұйымдары
Жеке бизнес құру кезеңдері Өз күші мен мүмкіндіктерін бағалау Бизнес-идеяны қалыптастыру Болашақ бизнесінің техникалық-экономикалық негізін құру (Бизнес-жоспар) Жеке бизнесін құру турлы шешімі Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік Жекеменшік түрін таңдау Заңды тіркеу
1. Қонақжайлылықтың мәні және мазмұны Қонақжайлылық — бұл кәсіпорын, осы кәсіпорында көрсетілген қызмет, персоналдың және туристердің адамгершілік қатынастары туралы клиентке белгілі бір сапада, сипатта белгілі бір дәрежеде оң пікірдің қалыптасуы
Қонақжайлылық саласындағы іскерліктің басты мақсаты – клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, содан соң ғана кәсіпорын табысын жоғарылату. Жоғары табыс – қонақ үй бизнесінің дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесі Жоғары табыс Стратегиялық маркетингтің тиімділігі Жоғары қызмет сапасы Тегін және тікелей жарнама
2. Қонақ үй шаруашылықтары мен орналастыру орындарының типологиясы Дүниежүзілік туристік ұйымының (ДТҰ) анықтамасы бойынша, жайғасу орны дегеніміз – туристерге үнемі немесе кезеңдермен түнеуге мүмкіндік беретін кез келген нысан. Қазіргі таңда олар мынадай белгілерге ие: қосымша қызметтердің ассортименті болуы міндетті қызметтер жиынтығы (бөлмелерді санитарлық тазалау, төсекті күн сайын жинастыру, қосымша қызмет көрсету) болуы минимумнан асатын бөлмелік қордың болуы
Басқалар Туыстар мен таныстард ікіне жайғасу Жеке агенттерд е жалданға н орындар Жеке үйлердегі жалдамал ы бөлмелер Жеке баспана Басқалар Альпотал ь Лашықтар Ботель, флотель Ротель Еңбек және демалыс лагерлері Транспор ттық жайғасты ру құралдар ы Емдеу қонақ үйлері Басқалар Бунгало Әлеуметтік туризм кәсіпорынд арыы Туристік қонақ үйлер Жастарға арналған қонақ үйлер Туристік ауылдар (топтастыр ылған жеке үйлер) Туристік базалар Басқа Қонақтар үйі пансионатт ар Бөлмелері бар клубтар Мотельдер Жағажай қонақ үйлері Қонақ үйлер Туристер мен саяхатшыларды жайғастыру орындары Қонақ үйлер және ұқсас кәсіпорындар Коммерциялық және әлеуметтік жайғастыру құралдары Арнайы жайғастыру құралдары Жеке меншік жайғастыру құралдары
3. Әр түрлі елдердегі қонақ үй шаруашылықтарының жіктелуі Елдер Франция Қолданылатын жүйелері ****+ (Grand Deluxe) **** ***+ *** ** * жұлдызсыз «Жұлдызды» шарттарына сәйкестігі 5 4 жоғары санатты 3 2 1 төсек жабдығы мен таңғы ас
«Жұлдызды» шарттарына сәйкестігі Елдер Қолданылатын жүйелері Греция, Черногория Deluxe A B C 5 4 3 2 Қытай «Жүзім шырынды үйлер» мен «туристік қонақ үйлер» «Қонақтар үшін үйлер» 4 -5 2 -3 Мальдивия құрлықтары Deluxe Superior Standart 5 4 3 АҚШ, Израиль S. Dlx. (Super Deluxe) Dlx. (Deluxe) S. F. C. (Superior First Class) F. C. (First Class) S. T. C. (Superior Tourist Class) T. C. (Tourist Class) Suite hotel, Guest house 5+ 5 4+ 4 3+ 3
Неміс жіктелімі кәсіпорын типіне тәуелсіз міндетті 22 критерийдің орындалуын талап етеді: 1. Қабылдау қызметінің жұмысы (ресепшн); 2. Таңғы ас беру сервисі; 3. Сусындар сервисі; 4. Тамақтану сервисі; 5. Бөлмелердің телефон байланысымен қамтылуы; 6. Телефондардың жұмыс істеуі; 7. 75% бөлмелердің минималды ауданы (дәретхана ауданын қосып санағанда); 8. Санитарлық ыңғайлылық (дәретханалардың жалпы қамтамасыз етілу пайызы); 9. Санитарлық түйіндердің керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі; 10. Сюит-бөлмелердің (аппартамент-бөлмелері) болуы; 11. Бөлмелердің жиһаздалуы және жабдықталуы; 12. Бөлмеде радиоқабылдағыш және теледидардың болуы; 13. Қонақтарға арналған сыйлықтардың болуы; 14. Киім жуу және үтіктеу қызметінің болуы; 15. Сейфтердің болуы; 16. Ақшасыз төлем жүйесінің болуы; 17. Холлдардың болуы және жағдайы; 18. Телефакстың болуы; 19. Қонақ үй барларының саны және жұмыс режимі; 20. Мейрамханалардың саны және жұмыс режимі; 21. Конференциялар мен банкеттер ұйымдастыру мүмкіндігі; 22. Қосымша қызметтер саны.
4. Халықаралық қонақ үй ұйымдары Әлемдік туристік нарықта қонақ үй бизнесінің ең сәтті өкілдерін біріктіруді мақсат тұтатын бірлестіктер бар. Мысалы 1928 жылдан бері әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлерін анықтайтын халықаралық корпорация «Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері» ( «The Leading Hotels of the World» ) қызмет атқаруда. Ол жыл сайын ең жақсы кәсіпорындар туралы мәлімет береді жинақтап әлемге жария етеді. Бұл ұйымның мүшесі атану үшін қонақ үй барлық жағынан қатаң стандарттарға сайкес болуы тиіс. Мүшелікке тапсырыс беретін қонақ үй міндетті түрде қатаң тіркеуден және тексеруден өткізіледі. Әр қонақ үйдің бекітілген талаптарға сәйкестілігі кезең-кезеңмен инспекцияланып отырады. Осы ұйымға ТМД елдерінің төрт қонақ үй мүше: «Балчуг Кемпински» (Мәскеу), «Гранд-отель Европа» және «Астория» (Санкт. Петербург) және «Риксос-Астана отелі» (Астана). Осындай жұмысты 30 жыл бойы «Әлемнің басым отельдері мен курорттары» халықаралық ұйым атқарып келеді.
1968 жылдан «Әлемнің ең тыныш қонaқ үйлері» халықаралық қонақ үй ассоциациясы қызмет етіп келеді. Оның штаб-пәтері Парижде орналасқан. Бұл ассоциацияға кіру үшін қонақ үйлер үш критерий бойынша бағаланады: табиғи және жағымды қоршаған орта, қонақжайлылық, керемет асхана. Еуропадағы қонақ үй тізбектері мен ассоциацияларының іс-әрекеттерін бағыттау және реттеу мақсатында Еуропалық одақтың қонақ үй және мейрамхана индустриясының комитеті қызмет атқарып келеді (Committee of the Hotel and Restaurant Industry in the European Community).
2_lektsia_KBU.pptx