
1178_ona_1179__1199_y_lektsia10.pptx
- Количество слайдов: 20
Қонақүйдің жұмысын қамтамасыз ету жүйесі
Орналастыру қызметінің негізгі жұмыстары: • Қонақтың тұруын рәсімдеу; • Қонақ үйде тұру барысында қонаққа қызмет көрсету; • Қонақты шығарып салуды рәсімдеу.
Нөмірлік қорды пайдалану қызметі – бұл маңызды бөлімшенің бірі болып табылады. Мұнда нөмірлерді жинау және т. б. ішкі тұрғын орындардағы техникалық жағдайын қадағалау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, нөмірлерге жоспарлы түрде эксплуатацияға беру үшін тексеру, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл қызмет бойынша менеджер негізгі қорлардың жөндеу жұмыстары, қызмет көрсетуі жөніндегі топты, горничныйларды, еден жуушыларды, консьержлерді және т. б. басқарады. Менеджердің қызметі – қонақ үй мен нөмірлердің тазалығына жауапты болу.
Нөмірлерді брондау жүйесі – бұған барлық электро кешенімен байланысты қызметтер кіреді. Сондай-ақ, бұл жүйеде қонақ үйдегі локальдік міндеттер де шешіледі: клиенттермен есеп айырысу жүйесі автоматтандырылған болуы мүмкін, жалпы негізгі қорларды жоспарлау, персоналдардың жалақысын төлеу, бухгалтерлік есеп жүргізу, есеп беру, мысалы, әлемдік қонақ үй желісі бойынша брондаудың біртұтас жүйесі қалыптасқан. Ол мына қонақ үйлерде қолданылады «Сабре» , «Амадеус» , Галелео» .
Коммерциялық қызмет – маркетингтік зерттеу жүргізу. Нарық коньюктурасын анықтау, оған талдау жасау, бәсекелестердің іс-әрекетін болжау және жалпы шаруашылық жургізу саясатын анықтау.
Әкімшілік қызмет – Қонақ үйдің бөлімшелерін басқарады және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын дирекциясы – бұл ең жоғарғы басқару органы болып табылады. Ол стратегиялық, опертивтітактикалық міндеттерді шешеді ( ассортиментті жоспарлау, қызмет сапасын қамтамасыз ету, қонақ үйді басқару жүйесін жасау, қызметтердің ассортиментін және позициясын анықтау, кәсіпорындағы өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету ).
Қонақ үй кәсіпорнындағы ең басты тұлға – генеральный директор. Оның алдында 3 негізгі міндет тұрады: • Қонақтың барлық тілек- талабын қанағаттандыру және орындау, сол арқылы қонақтардың қонақ үйге қайтадан келуіне жағдай жасау; • Қонақ үйдің жоғарғы пайда алуын қамтамасыз ету; • Қонақ үй персоналының еңбек жағдайының және демалысының толыққанды болуын қамтамасыз ету.
Қонақжайлылық индустриясында әрекет ететін қандай да болсын менеджер өз жұмысын да 5 негізгі операцияны орындайды: • Мақсаттарды анықтайды және әрбір топтың нақты міндеттерін айқындайды; • Ұйымдастырушылық фунцияны атқарады, яғни кәсіпорын қызметіне талдау жасайды және алға қойған мақсатқа жету үшін шешімдер қабылдайды; • Ұжымда әрдайым коммуникация болуын қамтамасыз етеді; • Кәсіпорынның әрбір қызметтерінің жұмысының нәтижесін талдап, бағалап отырады; • Өзінің және басқа да персоналдардың өсуіне жағдай жасайды.
Басқару принциптері адамдардың саналы іс-әрекетінің ережесі ретінде обьективті заңдармен байланысты. Ал, әдістер алдыға қойған мақсаттарға жету үшін басқарылушы обьектіге әсер етудің принциптерін жүзеге асыру тәсілі болу керек. Принциптің сипатына төмендегілер кіреді: 1. Ғылымилық; 2. Жоспарлылық; 3. Кешенділік және жүйелілік; 4. Үздіксіздік; 5. Нормативтілік; 6. Үнемділік; 7. Қызығушылық; 8. Жауапкершілік;
Басқарудың әдістерінде төмендегілерді ажыратады: 1. Ұйымдастырушы-әкімшілік әдіс; 2. Экономикалық; 3. Әлеуметтік- психологиялық.
Қонақ үй персоналына қойылатын талаптар
1. Біліктілігі, Қонақ үй кәсіпорнының персоналдары дерлік даярлықтан өтуі керек. Даярлық деңгейі көрсетілетін қызметтердің дәрежесіне сәйкес болуы қажет. Әр персоналдың біліктілігіне байланысты тілдерді білуі. Жұлдыздық жүйе бойынша: - 1* - қонақ үй персоналы халықаралық деңгейдегі бір тілді білсе жеткілікті. - 2* - жоғарыдағы талаптар қойылады. - 3* - барлық персоналдар кем дегенде екі халықаралық тілді білуі керек. - 4* - 3*-ға ұқсас, бірақ тілді жетік меңгеру керек. - 5* - үш шет тілін еркін меңгеру қажет.
2. Персоналдардың іс-әрекеті және мінез-құлқы. Кез келген кәсіпорын персоналдары қонақ үйде қонақжайлылық атмосферасын орната білу керек және кез келген уақытта барлық тілек-талаптарын ескеруге және орындауға, сондайақ қонақтарға қатысты шыдамдылық және сыпайылық таныта білуге міндетті.
3. Медициналық талаптар. Қонақ үй персоналдары медициналық қараудан өтуі керек, яғни барлығында санитарлық кітапша болуы керек және қажетті мерзімде жаңартылып отырады.
4. Униформа, Қонақ үй персоналдарының барлығы фирмалық киімде болуы керек, кейде персоналдардың кеудешелерінде бейджігінде персоналдың аты-жөні жазылады немесе значок түрінде болады.
Назарларыңызға рахмет!!!
1178_ona_1179__1199_y_lektsia10.pptx