Zhambas_aya_1179_arterialary.pptx
- Количество слайдов: 24
Қолқаның төменге бағытталған бөлігінің артерия қан тамырлары
• Қолқаның доғасы арқаға және солға бағытталып, сол бронхтан өткенде оның төменге бағытталған бөлігіне өтеді. Қолқаның төменге бағытталған бөлігі кеуде және іш бөлігінен тұрады. Қолқаның көкетке дейінгі бөлігі — көкірек колқасы болып аталады. • Қолқаның көкірек бөлігі (грудная часть аорты, pars thoracica aortae). Көкірек қолқасы артқы көкірек аралығында, омыртқаға жанасып, тақ вена және кеуде лимфа ағымымен қатар жатады.
Көкірек қолқасынан екі тармақ шығады: • • • Ішкі тармақ Қабырғалақ тармак. Ішкі тармақтардан бірнеше артериялар шығады. 1. Бронхиал тармақ— бронхтармен бірге өкпеге кіріп көптеген анастамоздар құрайды. Олар өкпені, кеңірдекті, бронхтарды қанмен қоректендіреді. Өңеш тармағы — өңешті канмен қоректендіреді. Медиастиналь тармақ - көкірек аралықта орналасқан мүшелерді қанмен қоректендіреді. Перикардиал тармақтар перикардты (жүрек қабы) қанмен қоректендіреді. Қабырғалық тармақтар: Жоғарғы көкет артериясы көкеттің жоғарғы бетін қанмен қоректендіреді.
• Артқы қабырға аралық тармақ III-ХІІ қабырғалар аралығындағы артерия қан тамырлары, бұлардың әрқайсы медиаль, латераль тері артерияларына тармақталады. Олар қабырға аралық бұлшық етті, іштің тік бұлшық етін, сүт безін қанмен қоректендіреді. Арканың артериялары оның бұлшық еттерін, терісін, жұлынды қанмен қоректендіреді. Көкірек қолқасы көк еттен өткеннен кейін іш қолқасы болып аталады. • Іш қолқасы (брюшная часть аорты, pars abdominalis aortae) омыртқа жотасының алдыңғы бетінде орналаскан. Оның оң жағынан төменгі қуыс вена өтеді. Іш колқасы екіге тармақталады.
• I. Ішкі мүшелер тармақтары (внутренностные ветви брюшной аорты). • ІІ. Іш қуысының қабырғасын қанмен қоректендіретін артерия қан тамырлары (пристеночные ветви брюшной аорты). • Іш қолкасының ішкі мүшелерге тармақталған артерия кан тамыр жұпжәне тақ болып бөлінеді. Тақ тармақтар: • іш бағаны (чревный ствол, truncus coeliacus); • жоғарғышажырқай артериясы (верхняя брыжеечная артерия, a. mesentеrica supеrior); • төменгі шажыркай артериясы (нижняя брыжеечная артерия, a. mesentеrica infеrior).
• 1 ш бағаны (чревный ствол, truncus coeliacus) — іш қолқасынан ХП кеуде омыртқасыныңтұсынаншығады, өте қысқа. Одан үш тармақбасталады. • а. Сол жақтағы асқазан артериясы асқазанның кіші иірімін қанмен қоректендіріп, оң асқазан артериясымен косылады. • б. Жалпы бауыр артериясынан (общая печеночная артерия) бірнеше тармақтар шығады: • асқазан-он екі елі ішек артериясы (гастродуоденальная артерия) асқазанды, он екі елі ішекті, ұйқыбезінің басын қанмен қоректендіреді; • жоғарғы ұйкы безі-он екі елі ішек артериясы (верхняя панкреатодуоденальная артерия) ұйқыбезін, он екі елі ішікті қанмен қоректендіреді; • бауырдың меншікті артериясының (собственно печеночная артерия) оң жағынан асқазан артериясы шығады, асқазанды қанмен қоректендіреді.
• Бауырдың меншікті артериясы өт қабына тармақшығарады, кейін қақпа венасымен бірге бауырдың қақпасы- арқылы оның ішіне кіреді. Бауырдың ішінде оң және сол бөлік артерияларына, кейін сегменттердің, бөлікшелердің және бөлікше аралық артерияларға тармақталып, бауырды канмен қоректендіреді. • Сонымен қатар іш бағанынан іш қуысынын жоғарғы бөлігіндегі тақ мүшелерді: асқазанды, бауырды, өт қапшығын, көк бауырды, ұйқыбезін, он екі елі ішекті қанмен қоректендіртін тармақтар шығады. • Оң жақтағы асқазан артериясы 3 тармаққа бөлінеді: алдыңғы және артқы гастродуоденаль артериялар. Олар асқазан асты безін, он екі елі ішекті, ал оң асқазан шарбы артериясы үлкен шарбы мен асқазанды қанмен қоректендіреді.
• Көкбауыр артериясы (селезеночная артерия, a. lienalis) ұйқы безінің денесін жағалап өтіп, тармақтарға бөлінеді, көкбауырдың қақпасы арқылыпаренхимасына кіріп, оны қанмен қоректендіреді. Көкбауыр артериясынан асқазанды, шарбыны, ұйқы безін қоректендіретін қысқа қан тамырлары шығады. Олар қысқа асқазан артериясы, асқазан-шарбы артериясы, осылармен аттас мүшелерді қанмен қоректендіреді. • II Жоғарғы шажырқай артериясы (верхняя брыжеечная артерия, а. mesentеrica supеrior) іш колқасынан XII кеуде, І-ші бел омыртқасының тұсындаіш бағаны артериясының төменінен басталып, төменге және оңға қарап бағытталады. Олұйқыбезінің денесімен, 12 елі ішектіңтөменгі бөлігінің арасынан өтіп, жіңішке ішектің шажырқай майынын арасына кіріп, оңжақтағы мықын шұңқырына жетеді. Өзінің өткен жолында тармақтар шығады. • Төменгі 12 елі ішек ұйқыбезі артериясыұйқыбезімен 12 елі ішекті қанмен қоректендіреді.
• Ащы ішек артериясы 15 -20 артериялардан тұрады, олар жінішке ішектің, ащы ішек және оның мықын бөлігінқанмен қоректендіретін тік артериялар, олар бір-бірімен қосылып “ішек артерия доғасы" пайда болады. • Мықын — он жақ тоқ ішек артериясы соқыр ішектіоныңқұртқа ұксас өсікшесін, аш ішектің мықын бөлігін, өрлеме ток ішекті қанмен қоректендіреді. • Оңжақ тоқ ішек артериясы өрлеме ток ішекті қанмен қоректендіреді. • Орталық тоқ ішек артериясы өрлеме тоқ ішектің жоғарғы бөлігін, көлденеңтоқ ішекті қанмен қоректендіреді. • Орталық тоқ ішектің оң жақтағы артериялары оңжақ, тоқ ішек артерияларымен, ал сол жақтағылары тоқ ішектің бойымен бағытталып, сол жақтағы тоқ ішек артериясымен қосылғанда анастомоздар пайда болады.
• Ш. Төменгі шажырқай артериясы (нижняя брыжеечная артерия, a. mesenlеrica infеrior) іш қолқасынан П бел омыртқасының тұсында, жоғарғышажырқай артериясының төменгі жағынанбасталады. Шарбының сыртымен солға және төменге бағытталып, үш тармаққа бөлінеді. • Сол жақ ток ішек артериясы - көлденең тоқ ішектің сол бөлігін, төменге бағытталған тоқ ішекті қанмен қоректендіреді. • Қима артериясы — қима тәріздес ішекті қанмен қоректетшіреді. • Жоғарғы тік ішек артериясы - тік ішектің жоғарғы және орта бөліктерін канмен қамтамасызетеді. Жоғарғы тік ішек артериясы кіші астаудағы ішкі мықын артериясының тармақтарымен қосылғанда анастомоздар пайда болады.
• Іш қолқасының, тақ артерия қан тамырларынан басқа, осы қуыстағы жұпмүшелерді қанмен қоректендіретін, жұптамырларбасталады. • Олар: • а. Орталық бүйрек үсті артериясы іш қолқасынан I бел омыртқасының тұсындабасталады, бүйрек үсті безін қанмен қоректендіреді. • Бүйрек артериясы - І-ІІ бел омыртқасының тұсынанбасталып, бүйреқтіңқақпасынан кіріп, оны қанмен қоректендіреді.
• Ен (яичковая артерия) немесе аналық без (яичниковая артерия) артериясы қолқадан бүйрек артериясынан төменіректенбасталады. Олар жыныс бездерін қанмен қоректендіреді. Ерлерде шәует жолыныңқұрамында шат өзегіарқылы, умаға өтіп аталықбезді, оның қосымшасын қанмен қоректендіреді. Ал әйелдердебұл артерия жіңішкерек, жатырдың жалпақ байламының ішімен жатырға, оныңтүтігіне барады. • Іш қолқасының қабырғалық (париетал) артерия қан тамырлары: • Төменгі көкет артериясы көк еттін төменгі бетін қанмен қоректендіреді. • Бел артериялары - 4 жұп болып іштің, арқаның бұлшық еттерісін, жұлынды қанмен қоректендіреді. • Аяқтың артерия қан тамырлары:
• Іш қолқасы IV бел омыртқасының тұсындаоң және сол жалпы мықын артериялары болып екіге тармақталады. (44 -сурет). Ал іш қолқасының кіші астау үшін жалғасы орталық сегізкөз артериясы. • Орталық сегіз көз артериясы (срединная крестцовая артерия) іш қолқасының екі мықын артериясына бөлінген жерінен басталып сегізкөз, құйымшақ аймағындағы бұлшық еттерді қанмен қоректендіреді.
Іш қолкасы. • 1. Іш қолқасы. • 2. Он және сол жалпы мықын артериялары. • 3. Ішкі мықын артериясы. • 4. Сыртқы мықын артериясы.
• Оң және сол жалпы мықын артериялары (правая и левая общие подвздошные артерии, a. iliaca communis) іш қолқасының тікелей жалғасы, сегізкөз-мықын буынының тұсындаішкі жәнесыртқы мықын артерияларына тармақталады. • Ішкі мықын артериясы (внутренняя подвздошная артерия, a. iliaca intеrna) - белдің бұлшық етініңбойымен төменге бағытталып кіші астауға кіреді, оның қабырғасын, ондағы мүшелерді канмен қоректендіретін алдыңғы және артқы тармақтар шығарады.
• Ішкі мықын артериясының ірі тармақтары: • Кіндік артериясы - несеп ағар тутігін, қуықтың жоғарғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді, одан шәует қауақшасын, оның жолдарын, ұрық безінің қосымшасын қанмен қоректендіретін тармақтар шығады. • Жатыр артериясы - жатырды, оның қынабын, түтікті, аналық жыныс безін қанмен қоректендіреді. • Орталық тік ішек артериясы - тік ішектің төменгі бөлігін, қуық алды безін, шәует қауақшаларын қанмен қоректендіріп, жоғарғы және орталық тік ішек артерияларының тармақтарымен қосылады, анастомоздар құрайды.
• Ішкі жыныс артериясы кіші астаудан шығып, отырықшы сүйектің кішкене тесігі арқылы отырықшы-тік ішек шұңқырына өтеді. Ол уманы, сыртқы жыныс мүшелерін, несеп шығырушы түтікті, жыныс аралығының бұлшық етін, тік ішектің төменгі бөлігін қанмен қоректендіреді. • Ішкі мықын артериясынан кіші астаудың қабырғасына төмендегі тармақтар шығады: • Мықын-бел артериясы үлкен бел бұлшық етінің артқы шетімен өтіп, арқаның бел бөліміндегі және іштің бұлшық етін қанмен қоректендіреді. • Мықын латераль артериялары құйымшақты, жұлынды, арқаның және іштің төменгі бөлігіндегі бұлшық еттерді, құйымшақ аймағының терісін қанмен қоректендіреді.
• Жоғарғы және төменгі бөксе артериясы кіші астаудан алмұртша бұлшық ет (надгрушевидное) тесігі арқылы шығып, бексенің үлкен, орта, кіші бұлшық еттерін, санның, жыныс аралығының, жамбастың бұлшық еттерін жартылай және жамбас-сан буынын, бөксенің терісін қанмен қоректендіреді. • Жапкыш артериясы кіші астаудың бүйір қабырғасымен жапкыш тесігіне барады, сол тесік арқылы санға шығады. • Бұл қан тамырдан жамбастың, санның бұлшық еттерін, ұршық буынын, отырықшы, суйекті жыныс аралығын, сыртқы жыныс мүшелерін қанмен қоректендіретін_тармақтар шығады.
• Сыртқы мықын артериясы (наружная подвздошная артерия, а. iliaca extеrna) аяқты қанмен қоректендіретін тармақтар шығаратын еңірі қан тамыр. • Ол жамбастың үлкен бұлшық етінің шетімен шат байламына дейінжетеді. Одан жамбас пен іштің бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді және сыртқы жыныс мушесіне тармақтар шығады. Оныңнегізгі тармақтары: • Төменгі баған үсті артериясы — іш қуысының алдыңғы қабырғасының артымен бағытталып, іштің тік бұлшық етін қанмен қоректендіреді. • Мықын сүйегін opayшы, терең артерия - мьіқын сүйегінін қырын бойлап, жамбастың бұлшық етін қанмен қоректендіреді. • Сыртқы мықын артериясы — шат байламының астынан еткеннен кейін сан артериясы деп аталады.
• Сан артериясы (бедреная артерия, a. femoralis) санды бүгуші және санды жақындатушыбұлшық еттердіңарасымен, саннан төменге бағытталады. Тақымға келгенде беткейге шығады. Сан артериясы жолында бірнеше тармақтар шығарады. • Беткейдегі баған үсті артериясы жоғарыға, іштік алдыңғы қабырғасына көтеріліпоныңтерісін, қиғашбұлшық етін қанмен қоректендіреді. • Мықын сүйегін ораушы беткейдегі артерия — шаттың бұлшық етін, терісін және лимфа бездерін қанмен қамтамасыз етеді.
• Сыртқы жыныс артериялары шат аймағын, еркекте уманы, әйелде жыныс еріндерін канмен қоректендіреді. • Шат артериясы - шаттың терісін, лимфа түйіндерін қанмен қоректендіреді. • Төменге бағытталған тізе артериясы - тізенің буынын қанмен қоректендіреді. • Тереңдегі сан артериясы шат өзегінен 3 -4 см төменде сан артериясынанбасталады, медиаль және латераль артерияларға тармақталады. • Тереңдегі сан артериясының медиаль және латераль тармақтары жамбас белдеуін, санның бұлшық еттерін, терісін қанмен қоректендіреді. Ал санның тереңдегі артериялары санныңартқыбетіне өтіп, санды бүгуші бұлшық еттерді, ұршық буынын, сан сүйегін қанменқоректендіреді.
• Сан артериясының тікелей жалғасы тақым артериясы. • Тақым артериясы (подколенная артерия, a. poplitea) тақымның шұңқырында орналасқан. Балтырдың камбалаға ұқсас бұлшық етінің шетінде артқы және алдыңғы асық жілік артериясына тармақталады. • Алдыңғы асық жілік артериясы (передняя большеберцовая артерия, a. tibialis antеrior) балтырдың асық жілісі мен оның шыбығының арасынан балтырдың алдыңғы бетіне өтіп, бұлшық еттердің арасымен төменге бағытталады. Ол балтыр-табан буынның тұсындааяқ үстінін артериясына жалғасады. Алдыңғыасық жілік артериясы өзінің жолында тізе буынына, балтырдың алдыңғы топтағы бұлшық еттеріне, балтыр тобық буынына тармақтар шығарады.
• Аяқ үсті артериясы аяқ басының үстіндегі терісін, майда бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етіп, аяқтың үстінде “табан алды артерия доғасына” айналады. • Артқы асық жілік артериясы (задняя большеберцовая артерия, a. tibialis postеrior) - балтырдың артқы топтағыбұлшық еттерініңарасымен төменге бағытталып, өкше сіңірінін ішкі, медиалтұсынан өтіп, табаннын медиал және латераль табан артериялары болып тармақталады. Артқы асық жілік артериясы балтыр сүйегіне, бұлшық еттерге, тізе, балтыртобық буынына тармақтар шығарады. • Бұл артерияның еңүлкен тармағы асық жілік шыбығының артериясы. Ол осы жілікті, оның бұлшық етін және балтыртобык буынын канмен қоректендіреді.
• Ішкі және сыртқы табан артериялары аяқ басы сыртқыжәне ішкі шетімен өтіп, табан сүйектерін, терісін, бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді. • Ішкі табан артериясы (медиальная подошвенная артериях, aplanlaris medialis) — аяқ басының ішкі бетімен табанға өтіп, бакайларға тармақтар шығарады. • Сыртқы табан артериясы (латеральная подошвенная артерия, а. plantaris latеralis) табанның сыртқы бетінің бұлшық еттерін, терісін қанмен қоректендіреді, аяқ басының сыртқы артериясымен қосылып, табанныңтереңдегі артерия доғасына (глубокая подошвенная дуга) айналады. Бұл доғадан төрт табан тармақтары, ал олардың әрқайсынан бақайларды қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.
Zhambas_aya_1179_arterialary.pptx