Галымжан.pptx
- Количество слайдов: 6
Қоғамның саяси жүйесі қызметі
Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі. Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. «Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы» К. Маркс
Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады. 1) Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері. 2) Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т. б. саяси жүйелер. 3) Демократиялық саяси жүйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т. б. 4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т. б. саяси жүйелер. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды» К. Маркс
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында. Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т. б.
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады. Саяси жүйенің төрт бағыты болады. - институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды: - реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т. б. ; - функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе; - идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!
Галымжан.pptx