Гот Лекция для 3 ОЗ нов.pptx
- Количество слайдов: 71
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУҒА КІРІСПЕ Оқытушы Айтманбетова Ақмарал Аршабаевна
ДӘРІС ЖОСПАРЫ: Дәріс жоспары: 1. Қоғамдық денсаулық сақтау ғылымының анықтамасы және мақсаттары 2. Денсаулықтың деңгейлері. 3. Денсаулықтың компонентері. 4. Пәннің негізгі әдістері.
Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды.
Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.
Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ.
Денсаулық (Health) – ДДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948).
Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық.
Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай.
Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы, нақты жағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық іс-әрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай.
Әлеуметтік денсаулық (social health) – қоғамдағы адамның орны мен ролі бойынша анықталатын әлеуметтік бейімделу өлшемі.
Ауру (illness) – бұл сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен ағза құрылымы мен қызметінің зақымдалуымен жүретін өмір. Ауру ағзаның бейімделу-компенсаторлық (адаптациялық) мүмкіндігінен артатын ішкі және сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде туындайды.
Денсаулықтың 4 деңгейін ажыратады: - - - жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипаттамасының жиынтығы қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.
Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта (әлеуметтік және табиғи) факторларының кешенді әсерінің сипатын анықтау, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттеу жатады.
Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару ғылымының негізгі зерттеу әдістері: Тарихи; Статистикалық; Сараптау; Экономикалық; Тәжірибелік; Медициналық-әлеуметтік.
Қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы факторлардың кешенді әсер етуімен байланысты, оларды келесідей 4 негізгі топтарға бөлінеді:
1. Саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы саясат, денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілер және т. б. ); 2. Әлеуметтік-экономикалық (бір тұрғынға шаққандағы ІЖӨ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, тамақтану, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т. б. ); 3. Табиғи-климаттық, экологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы); 4. Биологиялық (жас, жыныс, тұқым қуалаушылық, ұлты, дене бітімі, жүйке жүйесі типі және т. б. б).
Түрлі аурулар кезіндегі әлеуметтік және биологиялық факторлардың ара қатынасы біртекті емес, дегенмен негізгі роль әлеуметтік компонентке: жағдайлар мен фактоларға беріледі. Әлеуметтік жағдайлар - бұл өндірістік қатынастардың көріну түрі, әлеуметтікэкономикалық құрылыс және қоғамның саяси құрылымы.
Әлеуметтік факторлар - әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т. б.
Қоғамдық денсаулық сақтаудың қол жеткізген жетістіктерінің ішінде медициналық-әлеуметтік және зпидемиологиялық зерттеулерді айта кету керек, осы зерттеулер нәтижесінде халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары) тобы және олардың үлесі анықталды.
Халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары): 1. Өмір сүру салты және жағдайлары – 49 -53%, барлық әсердің орташа 50% (темекі тарту, ішімдікті шамадан тыс қолдану, үйлесімсіз тамақтану, стресстік жағдайлар, зиянды еңбек жағдайлары, гиподинамия, нашар материальдық-тұрмыстық жағдайлар, наркотик қолдану, дәрі-дәрмектерді артық қолдану, семьяның тұрақсыздығы, жалғыздық, төмен мәдени және білім деңгейі, урбанизация және т. б. )
2. Генетикалық факторлар - 18 -22%, орташа 20% (тұқым қуалаушылық ауруларға бейімділік) 3. Қоршаған орта - 17 -20%, орташа 20% (климат, ауа, су, топырақтың зиянды заттармен ластануы, жоғары гелиокосмостық, радиациялық, магниттік және т. б. б сәулеленулер) 4. Денсаулық сақтау - 8 -10%, орташа 10% (профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, медициналық көмек сапасының төмендігі, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі).
ДДҰ тарихындағы ең ірі зерттеу проектісінің нәтижесінде (2002 ж) жалпы деңгейде халық аурулығы мен өлім көрсеткішінің деңгейін анықтайтын 10 негізгі қатер факторы белгіленді: 1. тамақтану жеткіліксіздігі, 2. темекі тарту, 3. артериялық гипертензия, 4. сумен қамтамасыз ету, 5. санитария,
жеке және тұрмыстық гигиенаның қанағаттанарлықсыз жағдайы, гиподинамия, кәсіби зияндылықтар, қауіпті жыныстық қатынас, ішімдікті артық қолдану, атмосфералық ауаның ластануы.
Қазіргі таңда зерттеушілер денсаулықтың қалыптасуы ғылыми түсінігінде медициналық -әлеуметтік жағдайлармен шектеліп қоймай, өмір салтын философиялық және әлеуметтік түсіндірулерді қолдана отырып кең түрде қоғамдық бағытта қарастыруда.
Өмір салты – тарихи нақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, немесе белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациямен анықталатын адамның күнделікті өмір сүруі ерекшелігін сипаттайтын түсінік.
Өмір салты 4 категориядан тұрады: өмір деңгейі – адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің қол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т. б. )
өмір сапасы - адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т. б. )
өмір стилі – жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез-құлық типін сипаттайтын, ұдайы өндірілетін ерекшелік, манера, дағдылар, ұнатушылық, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтікпсихологиялық категроия. өмір тәртібі – қоғамдық-саяси формацияда өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтікэкономикалық категория.
Өмір салты бойынша әр түрлі ауруларға бейім келетін әлеуметтік топтар ажыратылады, олар қатер топтары деп атайды. Осы қатер топтарының 5 түрін ажыратады.
1) Демографиялық: балалар, қарттар, жалғыз бастылар, жесірлер, мигранттар; 2) Кәсіби қатер: денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылар (ауыр машина жасау, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, транспорт және т. б. );
3) Функциональдық, патологиялық жағдайлар: жүкті әйелдер, дене салмағы аз шала туылған балалар, генетикалық қатері бар, туа пайда болған ақаулары бар адамдар, бала жастан мүгедектер;
4) Төмен материалдық деңгей: кедейлер, аз қамтылғандар, жұмыссыздар, жартылай жұмыс күнімен еңбек ететіндер, «тұрақты орны жоқтар» : 5) Девианттық мінез-құлқы бар, психопаттық, әлеуметтік-психологиялық адамдар: алкаголиктер, нашақорлар, токсикомандар, жезөкшелер, сексуальдық ауытқулары бар адамдар, психикалық денсаулығы және тәртібінде ақаулары бар адамдар; психикалық және физикалық ақаулары бар діни және т. б. сектанттар;
Дәрісімізді қорытындылай келе, денсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттің, жұмысберуші және әр азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады, ол халықтың тікелей белсенді араласуы арқасында сектораралық қарым –қатынас жолымен жүзеге асырылады.
ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! 10 МИНУТТЫҚ ҮЗІЛІС!
Медициналық статистика
Жоспар: 1. Медициналық статистиканың мақсаты мен міндеттері. 2. Медициналық статистиканың бөлімдері мен әдістері.
Медициналық статистиканың мақсаттары: 1. Халық денсаулығының өзгерушілігінің ерекшеліктерін анықтау және оған әсер ететін факторларды табу; 2. ЕПМ санын, жұмысының нәтижелерін, қызметінің тиімділігін, дәрігерлердің және басқа да медициналық қызметкерлердің жұмысын зерттеу; 3. Тәжірибелік, клиникалық, гигиеналық және лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін зерттеу
Медициналық статистиканың міндеттері 1) халық денсаулығын толығымен және оның бөлек топтарын зерттеу; 2) халық арасындағы аурушылдық пен өлімжітімнің қоршаған ортаның әр түрлі факторларымен байланысын табу; 3) медициналық ұйымдардың қызметі және кадрлары туралы мәліметтерді зерттеу;
4) жаңа дәрі-дәрмектердің биологиялық ағзаға және әлеуметтік ұжымға әсерінің тиімділігін бағалау; 5) халық денсаулығын жақсарту жолдарын іздеу үшін қолданатын емдеу-сауықтыру шараларының қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу; 6) медициналық ұйымдардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалауға жәрдем ету.
Статистикалық әдіс медициналық-әлеуметтік талдаудың негізгі әдісі болып табылады. Статистика – қоғамдық массалық құбылыстардың сандық жағын олардың сапалық ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейтін қоғамдық ғылым.
Медицина, гигиена және денсаулық сақтаумен байланысты сұрақтарды зерттейтін статистика медициналық немесе санитарлық статистика деп аталады.
Медициналық статистиканың бөлімдері: 1) қоғамдық денсаулық статистикасы; 2) денсаулық сақтау статистикасы; 3) ғылыми зерттеулер статистикасы, немесе теориялық медициналық статистика.
Құбылыстардың сандық жағын сипаттайтын статистикалық шамалардың көптігі дәл сол сапалық ерекшеліктерінің әртүрлілігімен түсіндіріледі. Статистика идеалды әлем мен реалды әлем жөнідегі түсінік арасында сәйкестік орнатады.
Абсолюттік шамалар жалпы жиынтықты сипаттауда (халық саны, елдегі дәрігерлердің жалпы саны және т. б. . ), сонымен қатар сирек кездесетін құбылыстарды бағалауда (аса ауыр жұқпалы аурулар саны, даму ақаулары бар адамдар саны) қолданылады.
Қорытынды шамалар қатыстық және орта болып бөлінеді. Қатыстық шамалар альтернативті белгілерді талдауда қолданылады.
Қатыстық шамалардаң түрлері: 1) экстенсивті коэффициенттер; 2) интенсивті коэффициенттер; 3) арақатынас коэффициенттері; 4) көрнекілік коэффициенттер.
Экстенсивті коэффициенттер бөліктің бүтінге қатынасын сипаттайды, яғни 100% деп қабылданған бүтіндегі бөліктің үлесін (үлес мөлшерін), пайызын анықтайды. Статистикалық жиынтықтың құрамын сипаттауға қолданылады. Мысалы: барлық аурулардың арасындағы тұмау аурушылдығының үлес мөлшері (үлесі); жұмысшылардағы жалпы жарақаттанулар арасындағы өндірістік жарақаттанудың үлесі (өндірістік жарақаттанулар санының жалпы жарақаттанулар санына қатынасын 100%-ға көбейту).
Интенсивті коэффициенттер құбылыстардың өздері тараған ортадағы жиілігін көрсетеді (таралу деңгейін). Практикада оларды халық денсаулығын, медициналық-демографиялық процестерді бағалау үшін қолданады. Мысалы: 100 жұмысшыға шаққанда уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушылдық жағдайларының саны; 100 тұрғынға шаққанда гипертониялық аурумен аурушылдық саны; 1000 адамға шаққанда туылғандар саны).
Арақатынас коэффициенттері екі дербес жиынтықтардың қатынасын сипаттайды. Медициналық көмекпен қамтуды (деңгейін және сапасын) сипаттау үшін қолданылады: 10000 адамға шаққанда ауруханалық төсектер саны; 10000 адамға шаққанда дәрігерлер саны; 1000 адамға шаққанда егулер саны (егумен қамтылғандар санының әкімшілік территориядағы халық санына қатынасын 1000 -ға көбейту).
Көрнекілік коэффициенті 100% деп қабылданған шамамен салыстырғанда қанша пайызға немесе неше есеге артатынын немесе кемитінін анықтайды. Құбылыс динамикасын сипаттауға қолданылады. Мысалы, 100% деп қабылданған 1994 ж. дәрігерлер санымен салыстырғанда 1995 ж. дәрігерлер саны (берілген жылғы мамандар санының алдыңғы жылғы мамандар санына қатынасын 100%-ға көбейтеміз).
Орта шамалар - бұл өзгермелі вариабельді белгілерімен біртекті жиынтықтың сандық жалпылама сипаты. Олар физиологиялық көрсеткіштерді (пульстің, тыныстың, АҚ орташа жиілігі), физикалық даму параметрлерін (18 жастағылардың орташа бой ұзындығы, дене салмағы), санитарлық-гигиеналық сипаттамаларда (бір адамға келетін орташа тұрғын алаңы, 1 мл-гі бактериялардың орташа саны), медициналық қызметтің сандық сипатын (сағатына келушілердің орташа саны, жыл бойғы орташа төсекті пайдалану) сипаттауда қолданылады.
Орта шамаларды есептеу үшін вариациялық қатар құру қажет. Вариациялық қатарлар былай бөлінеді: 1) жай және өлшемді; 2) топтастырылған және топтастырылмаған; 3) ашық және жабық; 4) бірмодальды және мультимодальды; 5) симметриялық және симметриялық емес; 6) дискреттік және үздіксіз; 7) жұп және тақ.
Орта шаманың негізгі қасиеттері: 1) жалпыландыратын шама болғандықтан абстрактілі сипатты болады; 2) қатардың ортасында орналасады (қатаң симметриялы қатарда); 3) барлық варианталардың орта шамадан ауытқуларының сомасы нөлге тең. Орта шаманың бұл қасиеті ортаны есептеу дұрыстығын тексеруге қолданылады.
Динамикалық қатар – бұл құбылыстың уақыт бойынша өзгеруін көрсететін біртекті статистикалық шамалар қатары. Динамикалық қатар абсолюттік сандардан (науқастар санының өзгеруі), орта шамалардан (аптадағы лабораторлық талдаулардың орта саны) және қатыстық шамалардан (туушылдықтың, аурушылдықтың, жарақаттанудың, дәрігермен қамтамасыз етілудің өзгеруі) тұруы мүмкін. Динамикалық қатарды құрайтын сандар қатардың деңгейлері деп аталады.
СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ Зерттеу жоспары мен бағдарламасын құрастыру (дайындық жұмысы) Статистикалық байқау (материал дайындау)) Материалды статистикалық өңдеу Талдау, қорытынды, ұсыныстар жасау
Статистикалық зерттеудің І кезеңі - зерттеу объектісін, бақылау бірлігін анықтау; - жұмысты жүргізу мерзімін белгілеу; - бақылау тәсілін және материалды таңдау әдісін анықтау; - кадрларды, техникалық, материалдық қамтылуларды анықтау; - материалды өндеу бағдарламасын құру.
II кезең – статистикалық материалдарды жинау - арнайы дайындалған құжаттарды тіркеу, толтыру (талондар, анкеталар, карталар және т. б. ). материалды жинау алдын ала құрастырылған зерттеу бағдарламасы және жоспарына байланысты жүргізіледі
III кезең - алынған мәліметтерді өңдеу 1) жиналған мәліметтерді бақылау; 2) топтастыру; 3) белгілеу; 4) статистикалық кестеге мәліметтерді енгізу; 5) статистикалық көрсеткіштерді есептеу және материалдарды статистикалық өңдеу.
IV кезең – алынған материалдарды талдау, зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныс беру
Статистикалық жиынтық – бұл белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында алынған, сапасы жағынан салыстырмалы түрде біркелкі элементтердің тобы
Статистикалық жиынтықтың 2 түрі бар: Жалпы Іріктелген
Статистикалық жиынтық бақылау бірліктерінен тұрады. Әрбір бақылау бірлігінің сипаттайтын белгілері болады. Барлық тіркелінетін белгілер 2 бөлінеді: 1. Атрибутивтік (сөзбен анықталынатын) – мысалы, жынысы, аурудың түрі, кәсібі, емдеу нәтижесі, тұратын жері және т. б. 2. Сандық (сан арқылы анықталатын) – мысалы, бойдың ұзындығы, салмағы, емделу ұзақтығы, түрлі зерттеулердің сандық нәтижелері.
Зерттеу жүргізгенде дәрігер зерттелінетін құбылысқа әртүрлі белгілердің әсерін анықтау қажет. Сондықтан белгілерді факторлық және нәтижелік деп бөледі. Факторлық белгілерге басқа бір белгінің нәтижесіне әсер ететін белгілер жатады. Мысалы: баланың жасына сәйкес бойы өседі (жасы – факторлық, ал бойы – нәтижелік белгі).
- Статистикалық жиынтықты сипаттайтын нышандар: таралуы; орта деңгейі; айырмашылығы (өзгерушілігі); репрезентативтілігі (тұлғалық маңызы); өзара байланысы.
Мәліметтерді өңдеу ережесін жасағанда статистикалық кестелердің нұсқаларын дайындалады.
1. 2. 3. 4. Статистикалық кестелердің мынадай негізгі құрамы болады: Кестелердің аталуы оның толық мазмұнын қамтиды. Статистикалық бастауыш – ол талданатын негізгі белгі. Кестенің жоғарғы сол жағынан бірінші орын алады. Статистикалық баяндауыш – зерттеудегі статистикалық жиынтықты толық сипаттау үшін қолданады. Барлық көлденеңінен және тік жазылған мәліметтердің қосындысы, кестенің дұрыс толтырылуын тексереді.
Статистикалық кестелердің 3 түрі бар: 1. Жай статистикалық кесте: бір статистикалық бастауыш болады, барлық мәліметтер бір белгімен алынады. 2. Топтастырылған статистикалық кесте: оның бір статистикалық бастауышы және бір – бірімен байыланысы жоқ белгілер статистикалық баяндауыштың құрамында болады. 3. Қисындастырылған статистикалық кесте: оның бір статистикалық бастауышы және бір – бірімен байланысты бірнеше белгілер статистикалық баяндауыштың құрамында болады.
ЖАЙ СТАТИСТИКАЛЫҚ КЕСТЕ а. Аурудың түрі Науқастардың саны Ісіктер 220800 Асқорыту ағзаларының аурулары 891122 Тыныс ағзаларының аурулары 202414 Барлығы 1314336
ТОПТАСТЫРЫЛҒАН СТАТИСТИКАЛЫҚ КЕСТЕ Емдеудің нәтижесі Жазылу Тузелу Өліммен аяқталу Барлығы Жасы 40 жасқа 41 -59 дейін жас Жынысы 60 жастан жоғары Ерлер Әйел дер Жина ғы
ҚИСЫНДАСТЫРЫЛҒАН СТАТИСТИКАЛЫҚ Емдеудің нәтижесі Жасы Өзгерусіз Өліммен аяқталу Барлығы 30 ға дейін 31 -59 ға дейін Ерлер Жазылу КЕСТЕ Ерлер Әйелде Ерле р р Әйелде р 60 тан жоғары Әйелде р Жи нағ ы
ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Гот Лекция для 3 ОЗ нов.pptx