1240_lemdik_dinder_islam_khristian_budda.ppt
- Количество слайдов: 36
Қазіргі замандағы әлемдік діндер Әлемдік діндер: ислам, христиан, будда
Жоспар: 1. Діннің пайда болуы. 2. Будда дінінің пайда болу тарихы. 3. Христиан дінінің пайда болу. 4. Ислам дінінің пайда болуы.
Дін және мәдениет O Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. O Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Діннің бастаулары Дін (религия) (латынның сөзі religio тазалық, қасиеттілік, құдайға сенгіштік) құдайдың бар екендігіне негізделген дүниетаным мен тәртіптер жүйесі. Бірте бірте адамдар арасында адамның жаны оның денесінен бөлек өмір сүреді деген сенім қалыптасты, оны анимизим деп атайды Кейінірек феодалдық қоғамның нығаюы нәтижесінде аса ірі діни жүйелер буддизм, христиан және ислам діндері қалыптасты.
O Діннің ең алғашқы түрі фетишизм (француз тілінен fetich идол, тұмар). Ол жансыз дүниеге табыну нәтижесінде пайда болды. O Діннің ең ежелгі түрі анимизим (латын тілінен anima жан) жанның болатынына сендірсе, тонемизм адамдар мен жануардың туыстығын дәлелдеуге тырысты. O Қоғамның одан әрі дамуы ұлттық халықтық діндерді – политеизмді тудырды. Ұлттық халықтық діндердің қатарына иудаизмді, индуизмді, синтоизмді, конфуций ілімін жатқызуға болады.
Діндер: Діндер Әлемдік діндер : Буддизм, Христиан, Ислам Халықтық діндер : Иудаизм, Синтоизм Діни конфессиялар: Протестантизм, Даосизм
Будда діні O Үндістанда Бихар штатында б. д. д VI V ғасырда құл иеленушілік қатынастар үстемдігі негізінде пайда болды. Будда дінің алғашқы кезеңінде адамдардың ауыр тұрмысын, олардың әлеуметтік жағдайларына қарамастан, рухани теңдік жолымен түзетуге тырысушылық тән болған еді. O Алғашқы Солтүстік Үндістанда көптеген секталардың бірі болып қалыптасқан будда діні, кейін бүкіл Үндістанға, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азияға кеңінен тарады.
Будда діні O Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір — азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету
Будда – будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа.
O Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстырады. Аңыз бойынша будда дінінің негізін салушы Сиддхартх Гаутама. Діннің аңыз бойынша Гаутама Индияның солтүстік шығысындағы макья тайпасы патшасының баласы, оны Санья Муки депте атайды. Гаутама қүрдастарынан ерекше ақылды, қабілетті жігіт болып өсті.
Үйленді, балалы болды. 29 жасында патша сарайынан шығып, алғашқы рет денесін ойық жара басып кеткен адамды көреді, одан кейін әбден қартайған жарым жанды шалды көреді, одан кейін жерлеу шеруін кездестіреді, ақырында терең ойға батқан такуа адамды көреді. Сөйтіп өмірде бақытсыздық ауру, өлім барын біліп, өмір тек қана азап шегушілік деп түсінеді Осы кезден бастап Гаутама кенеп киіп, дүниеден безіп, өмірдің мәнін ойластыру үшін оңаша жер іздеп кетеді. Сөйтіп 7 жыл өтеді. Бір күні Бодха түбінде отырған Гаутамаға "ақыл келеді", ол буддаға айналады /даналық/. Оның көз алдынан өмір акиқаты ашылады.
Буддизм діни ілімнің өзегі - "азап шегушілік" туралы төрт игілікті ақиқат: O "Өмір сүру - азап шегу". Бұл "ақиқат" бойынша адамның туғаннан бастап өлгенге дейінгі өмірі - азап шегу тізбегі. O "Азап шегудің себебі - құмарлық". O "Азап шегуден құтылу үшін - құмарлықтан құтылу керек деп түсіндіреді. O "Азап шегуден құтылу жолы - Будда ілімінде қолдану. Сонымен адам өмірінің негізгі мақсаты - құмарлықты жойып, дүниеден безіп нирванаға жету.
Нирванаға жету үшін сегіз сатылы жолды өту керек. Ол жол мынау: O 1) Түзу көзқарас, яғни "игілікті ақиқатқа" негізделген. O 2) Түзу батылдық, яғни ақиқат үшін ерлікке дайын болу. O 3) Түзу сөз, яғни шын, адал, мейірімді сөйлеу. O 4) Түзу жүріс-тұрыс, яғни ешкімге қиянат жасамау. O 5) Түзу тұрмыс қалпы, яғни таза, адал, бейбітшіл. O 6) Түзу күш салу, яғни өзінұүстай білу, өзі-өзін тәрбиелеу. O 7) Түзу ықылас, яғни сапалық жинақталу - белсенді қырағылығы. O 8) Түзу жұмылдыру, яғни ықшамдалу мен пайымдаудың дұрыс әдісі.
Христиан діні n n n Христиан діні (грекше Χριστός, Khristos, cөзбе сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік, әлем бойынша ең көп таралған дін. Б. д. д. I ғасырда ол құлдар мен кедейлердің, Рим империясына бағынышты халықтарының арасында тарады. Христиан дінің басты идеялары Иисус Христостың күнә кешу қызметі, Христостың адамдар арасында екінші рет оралуы, Азапты сот, аспанға жалбарыну, аспан патшалығының орнатылуы.
Христиан дінінде көңіл бөлерлік мәселе - Иисус Христос туралы мифтің қалыптасуы. Иисус Христос туралы евангелиеде былай баяндалады. Палестинаның Назарет деген қаласында тұратын Мария деген қызға "Қасиетті рухтың" лебі тиіп, қыз жүкті болады" - мыс. Оның аяғы ауырлап дүниеге ұл келеді, есімін Иисус қояды. Оны отыз жасында Иордан өзенінде Иоанн шоқындырады. Бала түрлі керемет істерді орындап, халыққа өз дінін үйретеді. Кейін ол өзін "құдай баласымын", "Иудей патшасымын" деп жариялайды. Мүны естіген Иерусалимнің дін басылары оны тұтқынға алып, сот үкімімен крестке керіп өлтіреді. Үш күннен кейін Иисус қайтадан тіріліп, өзінің шәкірттеріне келеді, өсиетін айтады да ғайып болып, аспанға ұшып кетеді. Ал Христостың өлімі мен қайтадан тірілуі адамдардың туғаннан бергі күнәларын өтеуі делінеді.
Христиан діні Христиан біздің дәуіріміздегі I ғ. Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болған. Рим жаулап алушыларының дәуірінде бағынған шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері кетті. Құлдар мен басқа елдердің халқына, торыққан миллиондаған адамдарға римдік ұлттық көңілдеріне жұбаныш әкеле алмады. Сондықтан, барлығына түсінікті жарқын дін керек болды. Христиан этникалық ерекшеліктеріне бөлмейтін барлық адамдарға тең дін ретінде пайда болды. Христиан да басқа діндер сияқты түксіз жерде пайда бола салған жоқ. Оған діндарлар ғана емес, сонымен бірге шығыс халықтарының көптеген философ өкілдері әсер етті. n n
Негізгі құндылықтары: Сенім Үміт Сүйіспеншілік
Католицизм Христиан діні Провославие Протестанттық
ПРАВОСЛАВИЕ Шығыс империяның шіркеуі грек православие шіркеуі деп аталды. Шығыс шіркеуі алғашқыда төрт патриархтан; Александрия /Египет/, Антиохия /Сирия және Ливан/, Иерусалим /Палестина/, Константинополь /Туркия/ патриархтарынан құрылады. Грек православие шіркеуінің басшысы Константинополь патриархы болып саналады. Қазірде біріне тәуелсіз 15 православие шіркеуі бар: Константинополь /Туркия/, Алек сандрия /Египет/, Антиохия /Сирия, Ливан/ Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия /Югославия/, Румын, Болгар, Кипр, Эллада /Греция/, Албан, Поляк, Чехославак және Американдык /соңғы шіркеу 1970 жылы орыс шіркеуінен бөлінді/. Бұлардан басқа үш автономдық шіркеулер бар /Синай, Финн және жапондық/ бұл шіркеулер жарым жартылай": біріншісі Иерусалим, екіншісі Константинополь, үшіншісі Орыс шіркеулеріне бағынады.
O КАТОЛИЦИЗМ. Христиан дінінің әлемге кең тараған екінші бір ағымы католик діні. Католик шіркеуі бір орталыкқа бағындырылған ұйым, оны Рим папасы басқарады. Оның қолында шексіз өкімет билігі мен байлық бар. Ол басты католиктік иерархтарды кардиналдарды, епископтарды тағайындайды. Кардиналдар коллегиясы Конклав өз орталарынан папаны сайлайды. Рим папасының резиденциясы Ватикан, Ватикан 44 гектар жері бар папалық мемлекет. Католик шіркеуінің негізгі қағидасы: шіркеуде Римнің діни басшысы папа негізгі роль атқарады, ол Христостың жер үстіндегі "күнәсіз" өкілі, дін жөнінде онымен ешкім таласа алмайды дейді. Католик шіркеуі "тазартқыш" дегенді ойлап шығарған. Шіркеу ілімі бойынша өлгеннен кейін адамның жаны "тазартқышқа" түседі.
O ПРОТЕСТАНТИЗМ. XVI ғасырда Батыс Европа капи талистік қатынастар тууымен байланысты феодалдық құрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папа шылдыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси реформация деп аталған қозғалыс туды. O Реформацияға байланысты Европа елдерінде христиан дінінің бір ағымы ретінде протестант діні пайда болды. O Барлық протестанттық ағымдар мен шіркеулер ілімі тек "қасиетті жазуды" /свешенное писание/ негіз" етіп алады да, басқадай түрлі діни аңыздарды, Рим папасының беделі сияқты католик дінінің көптеген үйретулерін, уағыздарын қабыл алмайды. Протестантизм католик дінінің иконаға, әулиелерге, Мария кыздың аруағына сиыну сияқты догмаларын мойындамайды. Бұл жағдайлар протестантизмнің феодалдық қоғам тәртіптері мен католик шіркеуіне карсы бағытталғанын көрсетеді.
Ислам діні Ислам (араб. : ﻡ — ﺇﺳﻼ әлемдік монотеисттік ибраһимдік дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік» , (Аллаһтың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» . Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Ол б. д VII ғасырында Аравияда басқа діндерден бөлек әлеуметтік жағдайда қалыптасқан еді. Ислам Азия мен Африка халықтарының арасында кеңінен тарады. Ислам монотеистік дін болып табылады. Негізгі ұстанымдары Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс амалдары(сүннеті).
Деректер бойынша, хазірет Мұхаммедке (с. а. с. ) пайғамбарлық ақыл ойы кемелденген 40 жасында қонған. Елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жәбірейіл періште жеткізген делінеді. Періштенің жеткізген аяндары «уахи» деп аталған. Тауда үңгір ішінде отырған бір сәтінде Жәбірейіл періште хазірет Мұхаммедке (с. а. с. ) өз бейнесінде көрініп, алғашқы аяттарды түсірген. Алғашында бұл оқиғадан хазірет Мұхаммед (с. а. с. ) қатты қорыққан. Кейіннен өзіне елшілік міндеті берілгеніне нақты көзі жеткенде, түскен әмірлерді қалтқысыз орындай бастаған. Жәбірейіл періште арқылы, Алла тағаладан аян түсуі өмірінің соңына дейін үзбей жалғасқан. Исламда адамның ең үлкен жауы шайтан мен нәпсі болып табылады.
Ислам дінінің бес парызы: 1. Куәлік сөзін айту; 2. Намаз оқу; 3. Ораза ұстау; 4. Зекет беру; 5. Қажыға бару.
Қағба-Ислам дінінің қасиетті мекендерінің бірі. Дүние жүзіндегі барлық мешіттердің михрабтары осы жаққа бағытталған. Қағба-тас мәрмәрлардан жасалынған 15 метрлік биіктіктегі кубтан тұрады. Ораза-арнайы ниет ете отырып, таңның атысынан кештің батуына дейінгі уақыт аралығында, тамақ ішуден бас тарту және басқада шариғатта көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді. «Зекет» сөзі-араб тілінде көбею, өсу, тазалық деген мағыналарды білдіреді. Ол мұсылмандардағы тек дәулетті, бай кісілерден талап етілетін салықтың түріне жатады. Қажылық- қасиетті жерге зиярат ету дегенді білдіреді. Мұсылмандар қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласына сапар шегеді.
Иман шарттары. /иманның 6 шарты/ 1. Алла тағалаға сену; 2. Періштелерге сену; 3. Кітаптарға сену; 4. Пайғамбарларға сену; 5. Ахирет күніне сену; 6. Жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне, тағдырға сену.
Алла тағалаға сену. Ислам діні бойынша Жататушы жалғыз болып табылады. Осы тұрғыда ол монотеистік діндер қатарына жатады. Төрт үлкен періштелер: 1. Жәбірейіл-Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші. 2. Микәйіл-табиғат құбылыстарына, өсімдіктер әлеміне жауапты. 3. Исрафил- қиямет күнінің тууы мен адамзаттың қияметте қайта тірілуі үшін қызмет атқарады. 4. Әзірейіл- ажалы жеткендердің жанын алушы.
Негізгі құндылықтары: O Бейбітшілік. O Татулық. O Тыныштық. O Кешірімділік. O Мейірімділік. O Адамгершілік. O Тазалық. O Әділдік
O Ислам дінің негізін салушы, есімі көзінің тірісінде аңызға айналған – Мұхаммед пайғамбар O Ол өзінің шәкірттеріне айтып отырып, мұсылман діні қағидалары мен ережелерін жинақтаған «Құранды» жазғызды.
Ислам дініндегі басты қасиетті кітап – Құран Кәрім Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.
«Лә иләһә илл Аллаһ» куәлігі жазылған байрақ O Бұны барша мұсылман білуге міндетті
Қағба Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан.
Сұраққа байланысты түсіндіруді қажет ететін ұғымдар: 1. Ислам - ілім /учение/ бағыну, бас ию, нану /покорность/. 2. Мұсылман алланың нағыз – құлы. 3. Хиджера - жаңаша мұсылманша жыл санауының басы. 4. Алла - күреншит руының жеке құдайы. 5. Күреиш - Мұхаммедтің шыққан руының аты. 6. Политеизм - көп құдайлы дін. 7. Монотеизм - бір құдайлы дін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. http: //www. iim. kz/kaz/index: Дінислам. Кз сайты 2. https: //kk. wikipedia. org/wiki: Әлемдік_діндер 3. http: //sunna. kz/kz/post/viewid
1240_lemdik_dinder_islam_khristian_budda.ppt