Lek_12_Zhappay__1179_yryp_zhoyatyn__1179_aru.ppt
- Количество слайдов: 26
Қазіргі заманғы жаппай қырып-жоятын қарулар. Жаппай қырып-жоятын қарулардың түрлері, олардың ерекшеліктері және оны қолданудың салдары.
Жаппай қырып жою қаруларына түсінік. Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.
Жаппай қырып – жоятын қарулардың түрлері. 1) Химиялық. Ең алғаш рет 1 -ші дүниежүзілік соғыста қолданылған. Бұл жаппай қырып-жоятын қарудың жақсы дамыған әрі арзан, бірақ аз қолданбалы түрі. Бұл қарудан қорғанатын құралдар да жеткілікті деңгейде дамыған. 2) Бактериялық. Халықты түрлі аурулармен жоқ қылу. 3) Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т. б. мақсаттар үшін қолданылады.
Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады: 1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит); жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан); тұншықтыру әсері (фосген, фифосген); психикаға әсері (ВZ); тітіркендіру әсері (СS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен )
2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген); ұзақ сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
3. Зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады. 4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер(әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген. 5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.
Жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ: Зарин, заман, VX (ви — икс), . Зарин- түссіз не сарғыш зат. Иісі жоқ, қыста қатпайды. Қай қатынаста болсын сумен, органикалық еріткіштермен араласады, майларда жақсы ериді. Заман қасиеттері жағынан зарин мен ви – икс аралығындағы жағдайда. Ағзаға қай әдіспен түскенде де адамды зақымдайды. Ви – икс (VX) –ұшпалы емес, түссіз сұйық, иісі жоқ, қыста қатпайды. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім- 6 айға децін зақымдайды. Негізгі ұрыстық күйі ұсақ дисперсті аэрозрль.
Олар бу тәрізді және тамшы – сұйық күйде болуы мүмкін, ағзаға тыныс органдары, тері, асқазан – ішек жолы арқылы тамақпен және сумен бірге түседі, жүйке жүйесін зақымдайды. Тұрақтылығы жазда – қыста бірнеше апта не бірнеше ай. Бұл УЗ ең қауіптілері: адамдардызақымдауға өте аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Жеткізу құралдары: артиллерия, ракеталар және тактикалық авиация.
Зақымданғандық белгілері: түкірік тоқтамау, қарашықтың таралуы (миоз), тыныстаудың қиындауы, жүрек айну, құсу, іш өту, паралич, қорқыныш және естен тану сезімі, бірнеше сағатқа созылып сіңірлердің тартуы. Жекелей қорқыныш құралдары ретінде противогаз, қорғаныш киім және пана. Зақымданғанда алғашқы көмек көрсету үшін противогаз кигізіп, шприц – сықпа арқылы антидат енгізеді. Асқазанға түскен жағдайда құстыру керек, мүмкіндігі болса 1% ас содасы ерітіндісімен не таза су ішкізіп шаю қажет, көз зақымдалса, 2% ас содасы ерітіндісімен не таза сумен жуу керек.
Тері – іріңдік әрекетті УЗ: иприт, люизит. Иприт – аздап сарғыш не қара – қоңыр, сарымсақ, не қыша иісі шығып тұратын, органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін сұйық. Иприт төңіректі жазда 2 тәулікке дейін, қыста 2 – 3 апта зақымдай алады. Иприттің тән ерекшелігі білдірмей әрекет ететін кезеңі болады (зақымдану бірден емес, біраздан соң, 2 сағ. және одан да көп өткеннен кейін білінеді).
Белгілері: тері қызарады, ұсақ қалдырғандар шығып, кейін тұтасып барып жарылады да, жазылуы қиын жараға айналады. Иприт буы әсіресе көзге зиянды. Көзге әсері әуелде бірдеңе түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп қатты былшықтанады. Асқазан – ішек жолына түссе, 30 -60 м. кейін асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді.
Тұншықтырғыш әрекетті УЗ: фосген, дифосген. Фосген – түссіз газ, ауадан 3, 5 есе ауыр, қызған шөп не шіріген жеміс иісі шығып тұрады. Суда нашар ериді және онда тез ыдырайды. Ұрыстық күйі – бу. Төңіректегі тұрақтылығы 30 -50 миннут, орлар мен сайларда 2 -3 сағатқа дейін тұрып қалуы мүмкін. Фосген ағзаны онымен тыныс алғанда ғана зақымдайды, ондайда көз қабығы тітіркенеді, жас ағады, ауыз жылымшы татиды, аздап бас айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде қысылалы, жүрек айнйды.
Биологиялық қару — адамдарды, жанжануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы. Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.
Семей ядролық полигонында табылған бомба.
Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. v Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20 т (1950 жылдар) v Атом бомбасы — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.
Осы оқиғадан кейінгі жылдары обыр және басқа да ауруларға шалдығу мен радиоактивті заттардың адам бойына әсер ету салдарынан қаза болған жандардан басқа. Жарылыстан бірнеше жыл өткен соң мыңдаған кемтар, мүгедек сәбидің дүниеге келуі мен өмірін қайғы-дертпен өткізулері осы оқиғаның тағы бір бөлімі болып табылады.
Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларының атомдық бомбамен бомбалануы тарихи оқиғасында 200 мың адам қаза тапты.
Хиросима мен Нагасакидегі жарылыс және оның салдары
Ядролық қару орталығы Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қаруды қолдану кезіндегі екпінді толқын. Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1, 6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4, 5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1, 4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3, 5 км-де ауыр дәрежедегі, 3, 8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.
Ядролық қаруды қолдану кезіндегі өтпелі радиация. Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1, 7 км-де ауыр дәрежедегі, 1, 9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.
Ядролық қаруды қолдану кезіндегі электр-магниттік импульс Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40 -жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.
Радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаларға әсері Жануарлар мен өсімдіктердің сәулелену сипаты сыртқы, ішкі, аралас болады. Сырткы сәулелену түрінде, сәуле көзі ағзадан тыс болады. Ең негізгі сыртқы космостық сәулелену, рентгенді альфа сәулелер болып табылады.
Ядролық қарудың салдары. Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталықядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.
Lek_12_Zhappay__1179_yryp_zhoyatyn__1179_aru.ppt