metody_diagnostiki_i_lech_kaz.ppt
- Количество слайдов: 66
Қазіргі уақыттағы қатерлі ісіктердің диагностикасы мен емдеу әдістері Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Онкология кафедрасы Дәріскер: м. ғ. к. Н. Ә. Кабилдина
Оқу дәрісінің мақсаты Студенттерді қатерлі ісіктерге диагноз қою және емдеудің қазіргі заманғы әдістерімен таныстыру
Дәріс жоспары • Қатерлі ісіктердің диагностикасының алгоритмі • Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды тексеру әдістері • Ісіктерді емдеу әдістері
Ісіктердің диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы және емдеуі өте қиын болып табылады. Әр ісік қатесіз диагноздану керек
Қатерлі ісіктерді емдеу табыстары көбінесе дәл диагностикасымен байланысты, оның негізін қатерлі процессті морфологиялық, иммунологиялық және генетикалық анықтау мен процесстің таралу дәрежесін айыру құрайды
Барлық диагностикалық шаралар анық жүйеленіп, әдістемеге сәйкес, ретімен, диагностикалық іздену бағдарламасына сәйкес жүргізілу керек
Тексеруге жатады: 1. Канцерофобиясы бар науқастар – ракпен ауырам деп қорқатындар. 2. Қауіп топтарына жататын науқастар (тұқым қуалаушылыққа бейімділік, өндірісте зиянкес факторлардың бар болуы, ракалды аурулар). 3. Әр түрлі жерде қатерсіз ісіктері бар науқастар. 4. Ракка күдерлі науқастар. 5. Қатерлі ісік бойынша емделген науқастар
Диагноз қою алгоритмі • 1 этап – физикалді тексеріс нәтижелерінің және шағымдардың сараптамасы. • 2 этап – инструменталді тексеру (рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық, т. б. ). • 3 этап – диагнозды мрфологиялық растау. • 4 этап – қатерлі ісік диагнозын растау. • 5 этап – зақымдалу таралуын бағалау. • 6 этап – емдеу тактиканын анықтау.
Диагностикалық шаралар жоспары: 1. 2. 4. 5. 6. 1. 2. 3. 4. 5. Улану симптомдары барын анықтап, анамнез жинау. Науқасты көріп тексеру, міндетті түрде барлық топтарымен қоса шеткі лимфатүйіндерді пальпациялау. Толық жасалған қан анализі және биохимиялық пробалар. Міндетті түрде барлық науқастарға кеуде қуысының рентгенографиясын өткізу. Іш қуысының және пальпация кезінде закымға күмән туғызған шеткі лимфатүйіндерді ультрадыбыстық зерттеу. Радиоизотопты диагностика Эндоскопиялық зерттеу Компьютерлі томография, магнитті-резонансты томография, позитронді-эмиссионді томография Морфологиялық зерттеу Өмірлік қажет мүшелердің, біріншіден өкпе мен жүректің функционалдық жағдайын анықтау.
Анамнез жинау бағдарламасында міндетті түрде болу керек 1. Ісік өсуін модификациялайтын факторлар жайында сұрақтар (тұқым қуалаушылық, созылмалы аурулар, зиянды әдеттер) 2. Жалпы шағымдарды анықтайтын және әр жерде орналасқан ісіктерді сипаттайтын симптомдар жайында сұрақтар 3. Ауру белгілерінің негізгі сипаттамасының бағасы (айқын білінгендігі, мерзімі, динамикасы)
Дәрігерді онкологиялық ауру бойынша келесі белгілер ойландыру керек: 1. 2. 3. 4. 5. Әдеттердің өзгеруі, тамаққа, иіске, т. б. жеркенушілік пайда болуы Еңбек пен тұрмыстың қалыпты тәртібінде қалының еш бір себепсіз өзгеруі Мұрыннан, сүт безі емізігінен, тік ішектен, т. б. мүшелерден патологиялық бөлінулердің пайда болуы Қуыстық мүшелердің өтімдігінің бұзылуы Теріде, ауыз қуысында, іш қуысында, т. б. бұрын байқалмаған ісіктердің пайда болуы
Ішкі мүшелердің ісікпен зақымдалу кезінде олардың функциясының бұзылуы ең маңызды белгі болып табылады
Онкологиядағы сәулелік диагностика әдістері 1. Ультрадыбыстық зерттеу. 2. Рентгендиагностика (рентгенография, флюорография, компьютерная томография). 3. Радио-нуклидті диагностика әдістері. 4. Магнитті-резонансты томография. 5. Позитронды–эмиссионды томография
Ұлғайған құрсақ арты лимфа түйіндерінің ультрадыбыстық суреті
Қуысты мүшелер рагінің негізгі R- белгілері • Ісік көлеңкесі немесе толу дефекті • Рельефтің бұзылуы немесе шырыш қабатының қатпарларының үзілуі • Зақымдалған аумақта перистальтиканың болмауы • Мүше контурының деформациясы
23
Науқас П. , 58 ж. РКТ оң жақ өкпеде көлемді түзілім анықталды
Ісік басқыншылықты анықтау үшін ПЭТ жасалды. ПЭТ кезінде ісікте препараттың белсенді жиналуы оның басқыншылық табиғатың растайды
Онкологияда диагнозды растау үшін келесі әдістер қолданылады Жарықоптикалық микроскопия (стандартты бояудан кейін цитологиялық және гистологиялық зерттеу) Электронды микроскопия Иммунологиялық зерттеу (иммунофлуоресценция, иммуноцитохимия және иммуногистохимия) Цитогенетика Молекулярлы биология
• Онкомаркерлер дегеніміз ісік клеткаларының құрамындағы арнайы белоктар, олардың қанда пайда болуы қатерлі ісіктің барын немесе ісіктің өсуін білдіреді
• 1 -2 ай ішінде онкомаркерлер деңгейінің екі есе өсуі — қатерлі ісік өсуінің нақты белгісі
Онкомаркерлердің негізгі түрлері • СА 15 -3 — сүт безі рагінің маркері • CA 19 -9 — ұйқы безі, өт шығару жолдарының ісігі және тоқ ішек рагінің маркері • СА-242 — асқазан – ішек тракті рагінің онкомаркері • СА-125 — ана безі, жатыр және эндометрий рагінің онкомаркері • РЭА — ракті-эмбрионалді антиген — тоқ және тік ішек ісіктерінде ең тиімді; оның деңгейі ісік сатысына сәйкес • ПСА – қуық асты безі арнайы антиген • АФП (альфа-фетопротеин) — бауырдың гепатоцелюлярлы рагіне, ата безі ісіктеріне • ХГЧ — адам хорион гонадотропині — жүкті әйелдердің плацента ісіктеріне 100% сезімталдығы бар маркер.
Қатерлі ісіктерді қазіргі уақыттағы емдеу әдістері
Онкологиядағы емдеу түрлері 1. Хирургиялық 2. Сәулелік 3. Химиотерапиялық 4. Гормонтерапиялық 5. Биотерапиялық 6. Фотодинамикалық терапия 7. Комбинирленген 8. Комплексті
Хирургиялық әдіс • Радикалді операциялар – ісік және оның метастаздары толық алынып тастайды. • Паллиативті – ісіктің көзге көрінетін немесе пальпация кезінде білінетін бөліктері қалады. • Симптоматикалық – зақымдалған мүшенің функцияларын орынына келтіретін операциялар.
• Операбельность – операциядан өткен науқастар санының осы ісіктермен ауруханаға жатқызылған науқастардың жалпы санына қатынасы. • Резектабельность – радикалді операция жасалған науқастар санының операция жасалған науқастар жалпы санына қатынасы.
Абластика принциптері 1. Операцияға жатқан мүшеде анатомиялықты және футлярлықты сақтау 2. Ісікті бұзбай, бір блокпен регионарлы лимфатүйіндермен коса алып тастау 3. Алдымен тамырды, сосын артерияны бойында байлап тастау 4. Канцероемияның алдын алу үшін алып тастап жатқан мүшені абайлап қозғау 5. Ісікті салфеткалармен шектелу 6. Операциялы жабдық жиі ауыстыру
Антибластика принциптері • 1. Операция кезінде: механикалық (жараны аспирациямен жуу), химиялық (ісікті ыдырататын заттар), физикалық (интраоперациялық радиотерапия). 2. Адъювантті химиотерапия және гормонтерапия • 3. Операциядан кейінгі тыртық аймағына және регионарлы метастаз беру жолдарына адъювантті сәулелік терапия
Сәулелік терапия • Сәулелік терапия иондаушы сәуленің ДНҚ-ны және клетканың басқа структураларын, олардың бөлінуге деген қабілетін бұзады және клетканың ыдырауына әкеледі. • Иондаушы сәуле клеткаларда бос радикалдардың қатысуымен цепті реакцияға себеп болады, ол қатерлі ісіктің ыдырауына әкеледі. • Сәулелік әсердің әдісін, ритмін мен дозасын таңдау ісіктің түрі және ерекшелігімен байланысты.
Сәулелік терапия • Ісіктің иондаушы сәулеге деген сезімталдығы гистологиялық құрамымен және клеткалардың дифференцировка деңгейімен байланысты. • Сәулелік терапияның тиімділігі гипертермия, сутегімен байытылған, кейбір химиопрепараттардың еңгізумен қоса жоғарлайды.
Сәулелік терапия әдістері • Дистанционді және контактті • Статикалы және ротациялы • Сәуле әсерінің аумағы – сәулелер түсетін дененің бөлігі. Жалғыз аумақты немесе көп аумақты сәулелік әсер.
Контактті сәулелік әсер • Аппликациялық әдіс • Қуыс ішті еңгізу • Тін ішті терапиясы
Қосымша - сәулелік емдеу дегеніміз, кей кезде дистанционды сәулелік әсер контактті әдіспен комбинацияланады.
Сәулелік әсердің түрлері • Дистанционды сәулелік әсер үшін – гамма- және рентген сәулелер, жылдам электрондар, протондар мен басқа радиоактивті бөлшектер. • Контактті үшін – гамма- сәулелер
Иондаушы сәулелік әсердің көзі • Гамма- және рентгентерапевтік аппараттар, бетатрондар, электрондардың тік жылдамдатқыштары, ядерлы реакторлар. • Ең көп тараған радиоактивті кобальтпен (60 Co) гамма- сәулелік әсер.
Сәулелік әсердің режимі және дозалары • Доза – сәулелік әсер алып жатқан тіндердің жұтқан иондаушы сәулесі (Грей). • Айырады: 2, 0 -2, 5 Гр. реттік дозасымен ұсақ фракциялау; орташа фракциялау – 3, 0 -4, 0 Гр ірі – 8, 0 -10, 0 Гр. • Гиперфракциялау – күніне 2 рет х реттік дозасы 1 -1, 25 Гр (4 -5 сағат интервалымен) сәулемен емдеу. • Динамикалық фракциялау – емдеу курсында реттік дозалар өзгеріп отырады
Сәулелік терапиянің түрлері 1. Радикалді 2. Паллиативті 3. Неоадьювантті (операция алды) 4. Адьювантті (операциядан кейін)
Химиотерапия • Ісіктерді тек қана хирургиялық операция арқылы алып тастауға мүмкіндік болса, операция орнына химиопрепараттарды қолданбайды. • Қатерлі ісік деген гистологиялық диагнозы жоқ науқастарға химиотерапия жасалмайды. • Химиотерапияның тиімділігі комбинацияланған препараттар қолданғанда артады. • Химиопрепараттардың ісік клеткаларына деген таңдамалы әсері жоқ.
• Химиотерапияның тиімділігі зақымдалған аумақтың концентрациясына пропорционалді өседі, брақ дозалары олардың организмге деген улы әсерімен шектеледі. • Химиотерапияның қалыпты әсері тек қана химиотерапияның қайталанған курстарында байқалады. • Химиотерапия кезінде және одан кейін науқас қадағалауда болу керек
Химиопрепараттар классификациясы • Алкилді препараттар (циклофосфамид, платина, нитромочевина туындылары) • Антиметаболиттер – 5 FU, фторафур, капецитабин, томудекс және басқалар. • Ісікке қарсы антибиотиктер – доксорубицин, блеомицин, эпирубицин • Өсімдік препараттар – винбластин, навельбин, колхамин, этопозид, иринотекан және топотекан, таксол және таксотер • Гормондар
Химиотерапия түрлері 1. Радикалді 2. Паллиативті 3. Неоадьювантті (операция алды) 4. Адьювантті (операциядан кейін)
Химиотерапияның асқынулары • Жалпы – лейкопоэздің, тромбоцитопоездің бұзылуі, асқорту жүесінің эпителиясына әсер етуі, алопеция. • Жергілікті – жүмсақ тіндердің флеботромбозлар және көк тамырларың тромбофлебиттер.
Таргетті терапия –клеткалардағы кейбір молекулярлы зақымдауларды кетіреді (target нысана) • Клеткалық рецепторларды блоктайтын препараттар – сурамин (қуық асты және аналық бездерінің қатерлі ісіктері). • С тирозинкиназа ингибиторлары – гливек (созылмалы миелолейкоз, леомиосаркомалар).
Биотерапия • • Цитокиндер Интерлейкиндер Интерферондар Моноклоналді антителолар (герцептин, мабтера, эдреколомаб) • Ісікке қарсы вакциналар
Назар салып тыңдағаныңызға рахмет!
metody_diagnostiki_i_lech_kaz.ppt