kazirgi_kazak_adebieti - копия.pptx
- Количество слайдов: 46
Қазіргі қазақ әдебиеті және Баққожа Қазіргі қазақ әдебиеті және Баққожа Мұқайдың “Өмірзая” романы
Тәуелсіздік - ұлт мұраттарының жарқын да Тәуелсіздік жасампаз көріністері болса, ал оның руханият ісіндегі сыр - сипаттары әдебиет әлемінен, тақырып пен идея бірлігінен, жанрлар жүйесі мен көркемдік - эстетикалық құндылықтардан, заман шындығы мен көркемдік шешімнен, уақыт бедері мен тұлға табиғатынан, тілдік стильдік ерекшеліктерден айқын аңғарылады. Жаңа уақыт тынысы, ел өмірі мен қоғамдағы азаттық пен еркіндік рухы ақын жазушылар шығармашылығынан жаңашыл бағыт, іргелі ізденістер арқылы кең көлемде көрінісі тапты. Алайда, тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің даму бағыт бағдары, идеялық - эстетикалық қырлары, стильдік сипаттары әлі де жан жақты айқындалып, қалың көпке қаз қалпында жетпегені анық. Кезең, құбылыс ретінде де қалыптасқан жоқ.
“ХХ ғасырдың өн бойында қазақ әдебиеті өз даму тарихында үш шоқтықты басынан кешті. Бірінші кезең - ұлы Абай бас болып, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді ақын жазушылардың туған әдебиетімізді жазба әдебиеттің классикалық деңгейіне көтерген ширек ғасырлық өнім жемісін қамтиды.
Қазақ кеңес әдебиеті саналатын екінші кезең – 1991 жылдың Қазан 1991 төңкерісінен басталып, 1991 жылға дейін созылады. Жиырмасыншы жылдары ол ұлттық демократиялық әдебиетпен бәсекелесе қатар дамыды да, отызыншы жылдардан жылға дейін жеке дара қркендеді. ХХ ғасырдың бас шеніне дейін бірқатар жанрға әлі қол арта қоймаған әдебиетіміз енді көркем сөздің барлық жанрын игеріп, саналы, толымды, толайымды табыстарға қол жеткізді. Қазақ әдебиетінің ең үздік туындылары әлемдік аренаға шықты. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әбдіжәміл Нүрпейісов, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов есімдерін білмейтін өркениетті ел кемде кем. “Абай жолы” роман эпопеясы “басқа әдебиеттерге, оның ішінде шетел әдебиеттірне әсер тигізе алатын қазіргі заманның ең көрнекті шығармасы деген биік дәрежеге ие болды”.
Үшінші кезең қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік тұсын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады. Бұдан басқа Ә. Қайырбеков “…Өлеңді қайтып қоярсың” мақаласында: «Мерзімдік баспасөзде көрінген Т. Молдағалиевтің, С. Иманасовтың, Е. Дүйсенбайұлының, Р. Ниязбековтың, Н. Оразалиннің, И. Сапарбайдың, Иран Ғайыптың, Ж. Бөдешұлының, Қ. Шолақтың, Т. Сарыбайұлының, Ж. Ерманның, Ұ. Есдәулеттің, З. Елгондинованың, А. Әлімнің, Ғ. Жайлыбайдың, Қ. Бегмановтың, Б. Жақыптың, Ә. Қайранның, Е. Жақыпбековтің тұшымды жар топтамаларын атап өткен ләзім» .
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы- бұл кеңес империясының бұғауынан құтылып еліміз өз еркіндігін алып, өз тағдырын өзі шешетін, өзінің келешегін өзі жобалап, өз еліне, өзінің материалдық және рухани байлығына билік етіп, өзі баға беретін жылдарда жарық көрген қазақ поэзиясы. Тәуелсіз қазақ поэзиясының осы жиырма жылдан астам даму бағыты, негізгі идеялық тақырыбы, әдебиетке келген ақындар, жаңа шығармалар, жаңа жанрлық- көркемдік ерекшеліктері, стильдік іздену, жаңа бағыттары, жаңа тенденцияларын зерттеу казіргі қазақ поэзиясының даму бағытын анықтауда ең өзекті мәселе болып есептеледі.
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясы бұл партияның қалағалауын білмейтін, ойды еркін айта алатын, таптық көзқарастан біржола арылған, мүлде жаңаша ой саумалдап, еркін тебіреніп, еркін толғай алатын дәуірдің поэзиясы. Ал, бұл сарын осы дәуірде әдебиетке келген жас ақындардың шығармаларындағы негізгі бағыт болып отыр. Тәуелсіздік дәуірінде қазақ поэзиясы бұрын болмаған жаңа әуені, тақырыптық, идеялық мазмұн байлығы, халық тағдыры, халықтың келешегі үшін күшті тебіреніп жырлай алатын, жаңа шығармашылық ізденістер, жаңа көркемдік түрлер, жанрлар мен байып отыр. Ол қазақ поэзиясының ұлттық дәстүрлерін дүние әдебиетіндегі жаңа дәстүрлермен жалғастырған, еркін дамыған жаңа поэзия.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының басты ерекшелігі - қазақ әдебиеті тарихында әдебиеттің идеяларға тола, еркіндік сарынын барынша жүрегін толқытқан барлық рухани күшімен жырлаған поэзия. Тәуелсіздіктің қуанышын ғасырлар бойы тәуелді болған халық ғана біледі және оны өз мазмұнында, өзіне лайық әуенмен жырлай алады. Сондықтан болар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы идеялық жаңашылдығы, тақырыптық ерекшелігі, лирикалық кейіпкерлері, көркемдік сарындары жағынан бұрын қазақ поэзиясында болмаған жаңа парақтарды ашты.
Н. Оразалиннің "Құралайдың салқыны", Иран Ғайыптың "Жыр әлемі", И. Сапарбайдың "Махаббат пен ғадауат", Н. Айтұлының "Рухымның падишасы", С. Тұрғынбекұлының "Жерорта", Ж. Бөдешұлының "Жұлдызға орнын Ай бермес", Ұ. Есдәулеттің "Киіз кітап" атты туындылары идеялық, көркемдік ізденістерінің өзгешелігімен жаңа қоғамдағы жаңа әдебиеттің талаптарына сай келетін деңгейде назар аудартады. Бұл кітаптар тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы адам және қоғам, адам жөне уақыт, лирикалық кейіпкер және дәуір аясында ойсанадағы күрделі өзгерістер атаулыны жан-жақты қамтуымен де ерекшеленеді деп арнайы қарастырылған зерттеу еңбектер де аз емес.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Қазақ прозасының бұл кездегі өкілдері туралы пікір көп. Тәуелсіздікпен таласа есік ашқан жас дарындардың аздығын көп әңгіме қылады. Соның алдында ғана болашағынан үміттендірген бір топ жас қаламгерлердің көбі қазір аталмайтынын айтып қынжылады. Жастық ғұмырлары қысылтаяң шаққа тура келген бұл буын – жоғалған таланттар. Яғни, күнкөріс қуып, қым-қуыт тірлікке жұтылып кеткендер. Десе де, бұл кезде мойындалу тұрыпты, атағы арыға кеткен ағалар мен аталар аттан түсе қоймаған. Алды жетпістің қыр желкесінде, бірі елуді еңсеріп отырған бұл кісілер жорғасынан жаңыла қоймапты. Одан кейінгі қырықты төңіректеп жүрген қамал алушылар да қарап жатпапты.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты.
Ш. Мұртазаның шағын жанрды ұмыт қалдырмай, оған өзіндік үлес қосып жүргендігін «Алапар мен Динго» , «Бұршақ» , «Тәуекел той» сықылды әңгімелері растайды. «Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы бүгінгі күннің шындығы.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясы
Қазақ ұлттық драматургиясы – бүгінгі күні жан жақты даму үстіндегі жанр. Арнайы зерттеу нысанасына алынып және жекелеген белгілі қаламгерлеріміздің шығармашылықтарын қарастыруда да бірнеше құнды еңбектер жазылған. Қазақ драматургиясы өзінің даму жолын, сатысын – әлем, батыс драматургиясының озық шығармаларынан үлгі алып, сабақтастырады.
қай шығармаларымыз қандай й қазақ Ә. Сыға бағытта өрбіп, ол драматургиясыныңмуының мәселелер қалыптасуы мен дакөрсетіп, көтеру керек деген орынды абиғи негізін ашып уалға кезігеріміз т жерде са драма жоқ сын заңдылық. Дің айланы – театр – әдебиет бейді: «Қазақ театр өнерін рмасы – былайша суретт ғұмыры ұзаққа ба я театр драматургиясын аксиома. Драматурги және ырып, қалыптаст асты у өміріндегі ең . б ге түсір оны сара сүрлеу іне, ел шешуші құрал үшін эпос сюжет н аңыз Яғни, театр негізі – әдебиет. арасына кең тараға үңіліп, Драматургия – әдебиет хикаялар төркініненелсіздік жанры» тәу бүгінгі кезеңіндегі
Жаңа ғасыр күшіне мініп, еркіндік туымыз желбіреген сәттің өзінде де талай қайшылықтар мен жетістіктерді бастан кешіріп келеміз. Өмір талқысы мен тұрмыс тауқыметі ешкімді де айналып өткен жоқ. Соған қарамай, қазақ әдебиетінде тарих беттеріндегі азаттықты аңсау көріністері намысты қайрап, рухты оятып, жігерді жанитын шығармалардың дүниеге келуіне себепші болды. Атап айтқанда, өткен ғасырдың сүбелі туындысы М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» , І. Жансүгіровтің «Исатай – Махамбет» , Т. Ахтановтың «Ант» , Қ. Бекхожиннің «Ұлан асу» драмаларымен қатар тәуелсіздік кезеңінің шығармалары, М. Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері» , С. Жүнісовтің «Абылай хан» киносценарийі, Ш. Құсайыновтың «Томирисі» , Ә. Кекілбаевтың «Абылай ханы» , Р. Отарбаевтың «Сырым батыр» секілді тарихи шығармалар ұрпақтар мұрасынан қомақты орын алады.
Драматург-жазушылар С. Жүнісовтің «Абылай хан» киносценарийі, Ә. Кекілбаевтің «Абылай хан» , М. Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері» , Р. Отарбаевтың «Сырым батыр» атты тарихи драмаларда Абылай хан, Сырым батыр заманы – қасіреті мол, қазақ халқы үшін жаугершілік зобалаңы көп кезең болып суреттеледі. Атақты елбасы, қолбасы, дипломант, терең ойдың иесі Абылай тарыдай шашыла қоныстанған қазақ халқының басын біріктіріп, тұтастықта ұстау үшін жарғақ құлағы жастыққа тимеген әрекеті шығармалардың негізгі оқиғасына айналып, азаттық үшін алысқан халық қаһарманы ретінде, азап шеккен, оң жол іздеген, үмітке сенім артқан ірі тұлғасы ретінде баяндалған. Драмалардағы көңіл аударарлық жай – Абылайды жөн- жосықсыз шашпауын көтере аспандата дәрiптейтiн мiнезден аулақтық. Ал Сырым батырдың бейнесі тарихта өзіндік сөйлеу мектебін қалыптастырған Шешен, бір ауыз төрелігімен дүйім елді бітістірген Би, алыс-жақын шет елдермен келісім жасасқан тұңғыш Дипломат, он төрт жыл бойы орыс патшасының езгісіне қарсы күрескен алғашқы батыр, ардақты тұлға ретінде білеміз.
Тәуелсіздік жылдарындағы поэмалар
Тәуелсiздiк жылдары қазақ ақындары өлең өлкесiнiң өрелi жанры – поэмаға құлаш ұруын үдете түстi. Ел көгiнде желбiреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты. Поэма жанрының әр дәуiрдегiдей, ең басты көркемдiк ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының бәрi де өз туындысында өзi өмiр сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесiн жырлауды басты нысана етiп ұстайтыны аян. Тәуелсiздiк жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзектi, көкейтестi мәселелердiң көркем суретке айналғанын байқалады.
Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи ақиқат. Тәуелсiздiкке ғасырлар бойғы ерлiк күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. Мiне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi. Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың “Желтоқсан”, Зәбира Сүлейменқызының “Желтоқсан ызғары”, Несiпбек Айтұлының “Мұқағали–Желтоқсан” атты дастандары. Бұл поэмалар сюжеттi шығармалар емес. Олар жанрдың лирико-публицистикалық саласына жатады
Тәуелсіздік жылдарындағы деректі әдебиет
Соңғы жылдары туған әдебиетiмiзде, халқымыздың iзденiссұраныс салтында, күллi қоғамымызда күрделi құбылыстар мен өзгерiстер, елеулi жаңалықтар жүзеге асып жатыр. Күнi кеше есiмiн ауызға да алғызбайтын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрiм Құдайбердиев, Мiржақып Дулатов, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқаев, Мұхаметжан Тынышбаев сынды талай-талай тарихи тұлғалар қайта тiрiлiп, туған жұртымен, ұрпақ-жұрағатымен қауышып жатыр. Олардың бiр кезде ұмыт болған шығармалары том-том болып жарыққа шығуда. Өмiрбаяны мен тағдыры, бастан кешкен қияметтерi мен арпалысқа толы ғұмыры жайлы мақалалар, эсселер, естелiктер, жекелеген кiтаптар, аңыздар жарық көруде.
Бұрынғы аталуға рұқсат етiлгенiмен, толыққанды материал жазуға мүмкiндiк берiлмеген елiмiздiң әйгiлi бiртуар қайраткерлерi, атап айтқанда, Қорқыт пен Асан Қайғы, Абылай мен Бұқар жырау, Әйтеке, Қаздауысты Қазыбек, Төле би, Әз Тәуке мен Әбiлқайыр, Қабанбай мен Райымбек, ел қамын жеген Едiге, Исатай мен Махамбет сынды билер мен хандар, батырлар жайлы кесек те келелi кiтаптар дүниеге келуде. Сұлтанмахмұт пен Жаяу Мұса, Санжар Асфендияров пен Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов пен Қалыбек Қуанышбаев, Амангелдi батыр мен Бауыржан Момышұлы, Тұрар Рысқұлов пен Әлия Молдағұлова, кешегi желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтер жайлы соңғы кезеңде жарияланған романдар мен повестер, хикая дастандар, пьесалар да қоғамымыз бен әдебиетiмiздегi жаңа сiлкiнiс пен бұлқыныстың жоталы көрiнiстерi екенiне еш шүбә келтiруге болмайды.
Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер нәтижесінде әдебиеттің дамуында жаңа бағыт, соны үрдіс пайда болды. Әлемдік көркем жүйеге енуге талпыныс қарқын алды, рухани кеңістікте көркем байланыстарды барынша кеңейту қажеттілігі туды. Орыс тілінің делдарлығынсыз шет тілінен қазақ тіліне тікелей көркем аудармалар жасау құбылыстары жиіледі. Осындай құбылысқа Медеу Құрмановтың неміс тілінен қазақ тіліне аударған Гетенің “Фауст” поэмасы жатады. Басқа үлгілерге Ғалымжан Мұқанов орындаған Гамбстың “Владимир мен Зара, немесе Қазақтар” француз поэмасының қазақ тіліне аудармасын, Абай және Мұхтар Әуезов шығармаларын қазақ тілінен француз тіліне жасаған тәржімесін жатқызуға болады. Қазақ тіліндегі шығармалардың шет ел тіліне шет ел авторлары күшімен аударылуы алғаш рет жүзеге аса бастады. 1997 жылы голланд түрік танушысы Роберт Эмс Мұхтар Әуезовтың “Көксерегін” қазақ тілінен голланд тіліне аударды.
Мұқай Баққожа (31 қаңтар 1948, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 2008) — жазушы, драматург. «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000). Еңбек жолы: 1971 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін ітірген. факультетін б бітірген. 1965 жылы Кеген (қазіргі Райымбек) аудандық «Коммунизм нұры» (қазіргі "Хантәңірі") газетінде еңбек жолын бастаған. 1970 — 1988 жж. «Білім және еңбек» , «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990— 1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. «Парасат» журналының Бас редакторы болды.
Жазушы Баққожа Мұқай. 1970 ші жылдар. Ақын Ш. Сариев (сол жақта) пен жазушы Б. Мұқай.
Еңбектері: Ол «Жалғыз жаяу» , «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр» , «Өмір арнасы» , «Аққу сазы» , «Мазасыз маусым» , «Дүние кезек» , «Тоят түні» , «Жеті желі» , «Алғашқы махаббат» , «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот» , 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.
Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т. Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері (2006).
Жазушы жайлы толғаныстар
СӨЗІ ӨЗІМЕН БІТПЕЙДІ
ПАРАСАТ БИІГІНЕН КӨРІНГЕН …Бердібек пен Мұқағали өскен өлкеден сөз өнеріне қайық са лып, ейін к желкен көтерген бір тума бауы рымыз Баққожа Мұқаи да өзінің саналы ғұмырында парасат биігінен көрінген азамат еді. Оның қаламынан туындаған романдар мен драмалық шығармалар, замана тынысын тап басқан публицистикалық мақалалар қалың оқырмандарынан өз бағасын алған. Өте бір мәдениетті, бауырмал, уәдеге берік азаматтың өнегелі ортадан шыққаны көрініп тұратын. Ата баба рухын айрықша қастерлеп, олардың мол мұрасын одан әрі байыта түсуге Баққожа қосқан үлестің өзі бір төбе. Тарихи деректерді сараптап, саралап жазған туындылары соның дәлелі. Ол өзінің қаламгерлік ғұмырында суреткерлік шеберлікті бәрінен биік қойды. Сондықтан да болар, жазған дүниелерінің ешбірі жерде қалған жоқ, лайықты бағасын алды. Қажымай, талмай қалам тербеген дарын Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Мемлекеттік сыйлық тың ауреаты атанды. Он үш жылға жуық л “Парасат” журналының тізгінін ұстады. Жеке шығармашылығымен қатар қызметін, қоғамдық жұмыс тарын байланыстыра білген Баққожадай іскер замандасымыз әрдайым айналасына үлгі еді. Енді, міне, нағыз кемел кезең, парасат төрінен көрінер кезде арғымағы сүрінгенін қарашы! Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысының әкімі.
«Өмірзая» (роман) Баққожа Мұқайдың орыс совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.
ында с арма қою шығ а ден ұқай арын М деп а н ққож ның аст хи рома ива, ы Ба рі, о уш тари перспект ық Жаз іден гө тор ихи тол кт » ав тар а ығы ын хи ф мірзаяны анрға т арас тари. «Ө лшақ ж а й т ым ұнда дәуір бас ған. М уақы а мен атындай атам р дәуір рде айы өлше м. ерек к
Роман ХХ ғасырдың 80 жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35 -ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз.
Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.
Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы қарт профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, сал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы.
РОМАНДА КҮРЕС ЖОЛЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА ШЕЙІТ БОЛАДЫ. СҰМПАЙЫЛАР МЕН ОПАСЫЗДАР ҒАНА ҚАЛАДЫ. БІРАҚ ХАЛЫҚ РУХЫНЫҢ ӨЛМЕГЕНІ, ЕЛІНІҢ ӘЛДЕБІР ТЕРЕҢ ҚОЙНАУЫНДА ЖАҢА ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫ ОЙМЕН АҢДАЛЫП, КӨҢІЛМЕН ҰҒЫЛҒАНДАЙ. РОМАН ТРАГЕДИЯНЫҢ ЕҢ БАСТЫ МҰРАТЫ – ОТАРЛЫҚ ЗАМАННЫҢ ҚАРА ТҮНЕК ЗҰЛМАТЫН АЙҒАҚТАУ ЕКЕН. БҰЛ МАҚСАТ ӨЗІНІҢ ҮДЕСІНЕН ШЫҚҚАН.
«Өмірзая» жарияланғанда тәуелсіздік дәуірі енді күшіне ене бастаған болатын. Шығармада Брежнев, Қонаев есімдері тек аталғаны болмаса, негізгі геройлары – ойдан шығарылғандар. Мұның өзі, біздің пікірімізше, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанда ұлт азаттығы қозғалысы бұқаралық сыпат ала бастағанын көрсету үшін де керек болған.
Романның ойдан шығарылған геройлары бірте тарихи тұлғаларға айналғандай әсер береді. Жазушы бейнелеп отырған екі тарихшының екеуінің характерінен олардың өздері насихаттайтын қайраткерлердің мінезіне «тартқан» белгілерді іздейді және табады да.
Назарларыңызға рахмет!
kazirgi_kazak_adebieti - копия.pptx