Презентация Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 23
ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ
v 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. v Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер. v Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918 -1920 жж. )
ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ 1917 ж. 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады
* * * • Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. • Съезде В. И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. • . Съезд В. И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды.
КЕҢЕС ҮКІМЕТІ КӨП ҰЛТТЫ РЕСЕЙ ЕҢБЕКШІЛЕРІН ӨЗ ЖАҒЫНА ТАРТУДА АЙТАРЛЫҚТАЙ НАСИХАТШЫЛДЫҚ РӨЛ АТҚАРҒАН ЕКІ САЯСИ ҚҰЖАТ ЖАРИЯЛАДЫ Біріншісі 2 қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарынының декларациясы Екіншісі 20 қарашадағы Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды.
Ø Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Ø Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
ОСЫ АТАЛҒАН ДАҒДАРЫС ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ 1917 ЖЫЛЫ АҚПАН АЙЫНДА ҚҰЛАУЫНА СЕБЕП БОЛДЫ. ОНЫ АҚПАН ТӨҢКЕТІСІ ДЕП АТАЙДЫ. ОСЫ ТӨҢКЕРІСТІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОС ӨКІМЕТ - ЖҰМЫСШЫЛАР МЕН ШАРУАЛАРДЫҢ КЕҢЕСІ ЖӘНЕ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ УАҚЫТША ӨКІМЕТ ҚҰРЫЛДЫ.
ü Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. ü Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары –жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. ü Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ БАСҚАРҒАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ УЕЗДІК КОМИТЕТТЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. ОЛАРҒА КОМИССАРЛАР БОЛЫП ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ ӨКІЛДЕРІ, ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНДА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШПАЕВ, ТҮРКІСТАНДА МҰСТАФА ШОҚАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
1917 ЖЫЛЫ 21 -26 ШІЛДЕДЕ ОРЫНБОРДА БОЛҒАН «БҮКІЛҚАЗАҚТЫҚ» СЪЕЗДЕ АЛАШ ПАРТИЯСЫ ҚАЛЫПТАСЫП, БАСШЫ ОРГАНДАРЫН САЙЛАДЫ. ОНЫҢ ҚҰРАМЫНА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ, АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ, МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ, МҰСТАФА ШОҚАЙ, МҰХАМЕТЖАН ТЫНЫШПАЕВ Т. Б. КІРДІ. БҰЛ ПАРТИЯНЫҢ СОЛ ЖЫЛЫ 5 -13 ЖЕЛТОҚСАНДА ОРЫНБОРДА ӨТКЕН ЕКІНШІ СЪЕЗІНДЕ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ – ҰЛТ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ. «АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ БЕКІТІЛДІ. ОЛ НЕГІЗГІ 10 БӨЛІММНЕН ТҰРАДЫ I. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; II. Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; III. Халықтар арасында тең құқықтық орнату; IV. Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; V. Елдегі билік және сот туралы; VI. Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; VII. Халықтың табысына қарай салық салу; VIII. Жұмысшылар туралы; IX. Ғылым және білім туралы; X. Жер мәселесі.
q Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. q Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар q Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т. б. басқарды. q Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.
ЖАҢА ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫ
o Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. o В. И. Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
1917 ЖЫЛЫ ҚАЗАННАН 1918 ЖЫЛЫ НАУРЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨПТЕГЕН АУДАНДАРЫНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАДЫ. КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАҒАН АЛҒАШҚЫ ЖЕРІ ПЕРОВСК (ҚЫЗЫЛОРДА) ҚАЛАСЫ БОЛДЫ. МҰНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МЕН СОЛДАТТАР ӨКІМЕТ БИЛІГІН 1917 ЖЫЛЫ 30 ҚАЗАНДА ӨЗ ҚОЛЫНА АЛДЫ. ПЕРОВСКІДЕ ҮЛКЕН ӘСКЕРИ ГАРНИЗОН ОРНАЛАСҚАН ЕДІ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛ СТАНЦЯСЫ БОЛАТЫН.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.
1918 ЖЫЛЫ ЖАЗЫНДА КЕҢЕС ЕЛІ ҮШІН ЕҢ БАСТЫ МАЙДАН – ШЫҒЫС МАЙДАНЫ БОЛДЫ. БҰЛ БАҒЫТТА АҚТАРМЕН 4 -ШІ АРМИЯ ҰРЫС ЖҮРГІЗДІ. ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР ҰЙЫМДАСА БАСТАДЫ. ОЛАР АЛДЫМЕН ЖЕТІСУДА, ОДАН КЕЙІН ОРЫНБОР МЕН ОРАЛ ҚАЛАЛАРЫНДА ҚҰРЫЛДЫ. БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА ҚАЗАҚ АТТЫ ӘСКЕР ПОЛКІ ҚЫЗЫЛ АРМИЯНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ БОЛДЫ.
1918 ЖЫЛЫ ТАМЫЗ ЖӘНЕ 1919 ЖЫЛЫ ҚАЗАННЫҢ ОРТА КЕЗІНЕ ДЕЙІН АҚ ГВАРДИЯШЫЛАРҒА ҚАРСЫ ТАБАНДЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗДІ. ОСЫ АЙМАҚТАҒЫ ҚОРҒАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БОЛҒАН ЧЕРКАССКОЕ СЕЛОСЫН АТАУҒА БОЛАДЫ.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық совхоздар артельдері, коммуналар,
1920 жылы аяғында 999 колхоз 132 коммуна 778 артель жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды
ü 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. ü 1920 жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. ü Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. ü 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. ü Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx