9 тема.pptx
- Количество слайдов: 30
Қазак Ресей Медициналык Университети Тақырыбы: Маскүнемдік. Салыс тырмалы жастық ерекшеліктер. Орындаған: Жақсылық С. П
Жоспары n n n n І. Кіріспе бөлім ІІ. Негізгі бөлім А. Этиологиясы Ә. Патогенезі Б. Клиникалық көрінісі В. Диагностика ІІІ. Қорытынды бөлім ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Маскүнемдік - алкогольге патологиялық әуестікпен және тәуелділікпен сипатталатын, спиртті ішімдіктерді жүйелі қабылдау нәтижесінде дамыған ауру.
Алкоголизм эпидемиологиясы n n ДДҰ мәліметтері бойынша , әлемде алкогольдік тәуелділікпен науқастар саны 120 млн, ал таралу көрсеткіші 2% құрайды. Алкоголизммен науқастар арасында әйелдер мен ерлер арақатынасы ұлғаюда және 1: 5 және 1: 2 арақатынасында тұр. Сырада орта есеппен алғанда — 3 -6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін — 10 -17%, шарапта — 10 -14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40 -50% болады. Қандағы алькоголдың мәні 0, 01 -0, 02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0, 40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0, 60 -0, 70 % болғанда адам өліп қалады.
Этиологиясы n n n Психикасының бұзылысы Тұқымқуалаушылық жағдай Әлеуметтік тұрақсыздық Экономикалық жайсыздық Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х. Қ. Сәтбаева және т. б. үш кезеңге бөледі. 1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді. 2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік көзге көріне бастайды. 3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады;
Тұрмыстық ішкілікке салынудың жіктелуі: n n n Абстиненттер – спиртті ішімдіктерді қолданбайтындар немесе өте сирек және өте аз мөлшерде қолданатындар (жылына 2 -3 рет 100 г шарап), бұл жағдайға көңіл бөлмеуге де болады. Кездейсоқ ішітіндер – Орта есеппен 50 -150 мл арақты жылына бірнеше реттен айына бірнеше ретке дейін қолданатындар. Аздап ішетіндер – 100 -150 мл арақтан айына 1 -4 рет қолданатындар Жүйелі ішетіндер – аптасына 1 -2 рет 200 -300 мл арақ қолданатындар Әдет бойынша ішетіндер - аптасына 2 -3 рет 500 мл және одан да жоғары мөлшерде арақ қолданатындар, бірақ клиникалық айқын бұзылыстар байқалмайды.
n n Алкогольді қолдану нәтижесіндегі психикалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстардың жіктелуі (F 10) Жедел алкогольді интоксикация n n n қарапайым алкогольді мастанудың өзгереген формалары патологиялық ластану Алкогольді қолдану нәтижесіндегі психикалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстар Алкогольді (металкогольді) психоздар
n Жедел алкогольді интоксикация – бұл уақытқа байланысты өзгеріп тұратын интоксикацияның басында, шыңында және қайтуы кезінде әртүрлі психикалық, неврологиялық және соматовегетативті бұзылыстармен сипатталатын, алкоголизм дамуында біріншілік звено болып табылатын, алкогольдің орталық жүйке жүйесіне әсер етуінің нәтижесінде пайда болатын жағдай.
Жедел алкогольді интоксикацияның диагностикалық критерилері: n n n интоксикация шақыру үшін айтарлықтай жоғары дозада ПАЗ-ы жақын арада қабылдағанының анықтығы. Психикалық қызметтің басқарылмауы, сараптама жағдайының өзінде диссимуляцияға қабілетсіздік. Психиканың жеке салаларының (мысалы, қабылдау және есте сақтау, түсіну және вербализация мүмкіндіктерінің диссоциациясы) функционирлеу қарқынындағы айырмашылықтарға байланысты психикалық қызметтің диссоциациясы. Түйсіктің протопатиялығы Интоксикация симптомдары нақты бір заттың танымал әсеріне сәйкес болып, сана деңгейінің, когнотивті функциялардың, қабылдау, эмоциональді күй немесе жүріс-тұрыстың клиникалық маңызды бұзылыстарына алып келетіндей жеткілікті айқындылықпен ерекшеленуі керек. . Бар белгілер заттарды қолдануға, және де басқа психикалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстарымен байланыссыз аурулармен түсіндірілмейді.
Қарапайым алкогольді мастану. n n n Жеңіл дәрежесі – А. Психопатологиялық: жайлылық сезімі, көңіл-күйдің жоғарылауы, сөзшеңдік, эмоциональді реакциялар амплитудасының ұлғаюы, өзіне критиканың төмендеуі, зейіннің тұрақсыздығы, ойлаулың жылдамдауы. В. Неврологиялық: қозғалыс координациясының бұзылысы, нистагм С. Соматовегетативті: бет гиперемиясы, пульстің және тыныс алудың жиілеуі, АҚ-ң аздап жоғарылауы, гиперсаливация.
n n n Орташа дәрежесі - А. Психопатологиялық: ойлаудың баяулауы, ой-пікірлері дөрекіленеді, зейінін жинақтау қабілеті бұзылады, айналадағы болып жатқанды түсіну және дұрыс баға беру қиын, критиканың төмендеуі, әуестіктердің тежеусіздігі, эмоциональді реакциялар брутальді сипат алады, көңіл-күйі түнеріңкі, ашушаң, немқұрайлылық немесе кеңпейілділік. В. Неврологиялық: атаксия, нистагм, қозғалыс координациясының бұзылысы, дизартрия, ауыру сезімі және температуралық сезімталдықтың әлсіреуі. С. Соматовегетативті: Жүрек айну, құсу, бет гиперемиясы немесе бозғылттануы, тахикардия, тахипное.
n n n Ауыр дәрежесі - А. Психопатологиялық: сананың сомноленттіліктен есеңгіреу мен сопор және комаға дейін айқын тежелуі. В. Неврологиялық: Атаксия, нистагм, ауыру сезімдерінің төмендеуі, бұлшықеттік гипотония, терілік және сіңірлік рефлекстердің төмендеуі, қарашықтардың тарылуы, тырысулар. С. Соматовегетативті: тері жабындыларының гиперемиясы немесе бозғылттануы, дене температурасының төмендеуі, құсу, несеп пен нәжістің еріксіз бөлінуі, тахикардия, тыныс алудың баяулауы, АҚ-ң төмендеуі.
n Қарапайым алкогольді өзгерген формалары: мастанудың n n n n Алаңғасарлықпен мастану истериялық формадағы мастану Депрессивті көріністермен мастану Эксплозивтілікпен мастану Эпилептиформды мастану Псевдопараноидты мастану Галлюцинаторлы-садырақтық мастану.
Алкогольді тәуелділікпен науқастардағы клиникасындағы өзгерістер: n эйфория сатысы қысқарады және дисфория сатысы ұзарадф немесе ұйқышылдық күшейеді. n Қимыл-қозғалыс мазасыздығымен, ренішпен, тітіркенгіштікпен, міншілдікпен және агрессивтілікпен алкогольді мастанудың өзгерген формалары пайда болады. n Мастану жағдайына преморбидті тұлғалық ерекшеліктер өткірленеді (эгоцентризм, мақтаншылдық, ренжігіштік, күдікшілдік және т. б. ) n Мастанудың амнестикалық формалары пайда болады. n Алкогольге толеранттылықтың төмендеуі фонында мастанудың ауыр сопорозды формалары (алкоголизмнің 3 -ші сатысына тән).
Патологиялық мастану формалары: n n Эпилептоидты формасы – дезориентировка, қоршаған ортамен контакттың болмауы, қорқыныш, ашу, ызалы аффектпен, үнсіз және мәнсіз агрессиямен өте айқын психомоторлы қозу. Параноидты формасы - Эпилептоидты формамен салыстырғанда сана бұзылысы терең емес. Бірінші орынға галлюцинаторлы және сандырақтық күйзелістер шығады, сандырақтық жүріс-тұрыспен жүреді. Қорқыныш, үрей, күйзеліс ретінде тәртіптеліп және күрделі де мақсатты әрекеттер сипатын алады.
Патологиялық мастанудық негізгі сипаттамалары: n Кенет басталып, кенеттен аяқталуы n Бұл жағдай ішілген спиртті ішімдіктің мөлшеріне тәуелсіз алкогольді қабылдағаннан соң 10 -15 минуттан 1 сағ дейінгі аралықта дамиды n Бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылады n Мастанудың сыртқы көріністері болмайды n Тотальді немесе парциальді амнезиямен аяқталады, өзінен кейін астения қалдырады n Жиі алкоголизммен шекпейтін адамдарда, жне бұрын психикалық ауру белгілері болмағандарда пайда болады n Бейіудеуші факторлар болып табылады: бас миының жарақаты, латентті өтіп жатқан эпилепсия, мидың қантамырлық ауруы, интоксикациялар n Пайда болу мүмкіндігін күшейтетін моменттер күшті толқу, қорқыныш, ашу, ызасыздық, қатты шаршау.
Алкогольді психоздар – бұл клиникалық көрінісі (экзогенді, органикалық немесе эндоформды) және ағымы ( жедел, созылмалы) бойынша әртүрлі алкоголизмнің екінші және үшінші сатыларының динамикасында пайда болатын психотикалық жағдайлар. n Психотикалық жағдайлар, ереже бойынша, ауыр интоксикация кезінде және алкоголь қабылдауды тоқтатудан кейін бірнеше күннен соң, алкоголь қанда болмаған кезде немесе оның құрамы күрт түскенде дамиды.
Алкогольді психоздың жіктелуі: n n n Эпизодты түрде дамитын (бір реттік) а) реакциялардың жедел экзогенді тип синдромдарымен шектелетін Б) клиникалық көріністің реакциялардың жедел экзогенді тип деңгейінде трансформациясымен бірге жүретін 1) жеңіл қайтатын: А) реакциялардың жедел экзогенді тип синдромдарымен шектелетін Б) клиникалық көріністің реакциялардың жедел экзогенді тип деңгейінде трансформациясымен бірге жүретін 2) Созылыңқы ағымға тенденсиямен А) шизоформды Б) дөрекі органикалық жағдайлар дамуымен 3. Созылыңқы: А) шизоформды Б) дөрекі органикалық жағдайлар дамуымен.
Алкогольді көріністері: n n психоздардың клиникалық Алкогольді делирий – маскүнемдікті тоқтатқаннан кейін 2 -4 күннен кейін дамиды. Ұйқысыздық; уақыт, орын, қоршаған орта жағдайын бағдарлаудың бұзылысы. Көру, есту, тактильді, термиялық және иіс сезу галлюцинация түріндегі бұзылыстар. Сандырақ, эмоциональды бұзылыстар. Тремор, атаксия, гиперрефлексия, гипергидроз, тахикардия, субфебрилитет, бет гиперемиясы.
n n Жедел алкогольді галлюциноз – ішкілікке салынудың соңғы күндерінде дамиды. Сандырақтық күдікшілдік, үрей, әйелдерде депресси дамиды. Есту галлюцинацияларының пайда болуы. Бағдарлаудың барлық түрлері сақталған. Психоз терең ұйқыдан кейін критикалық немесе литикалық түрде редукцияланады. Алкоголизацияны жалғастырған кезде созылмалыға ауысуы мүмкін. Жедел алкогольді параноид – жедел түрде көбінесе бас жазу кезеңінде ішкілікке салыну кезеңінде пайда болады. Бағдарлаудың барлық түрлері сақталған. Сандырақтық жүріс-тұрыс және психомоторлық қозумен сипатталады. Бірнеше күннен бірнеше аптаға созылады.
n Гейе-Вернике жедел алкогольді энцефалопатиясы – ұзақтығы 2 -3 айдан басталатын продромальді кезең күшейетін астениямен, әлсіздікпен, жады, ұйқы бұзылыстарымен сипатталады. Жедел кезең есеңгіреуге, аптиялық ступор және комаға ауысатын ауыр делирийдің дамиуымен сипатталады. Айқын неврологиялық бұзылыстар: гиперкинез, гипертонус, оральді оптоматизм симптомдары (ауыздық рефлекс, спонтанды түрде ерінді шошайту). Көзқозғалтқыш бұлшықеттердің салдануы нистагм, птоз, диплопия, тробизм, жарықтан қорқу, қадалған көзқарас. Жеңіл парездер менингиальді белгілермен бірге жүретін полиневропатия көріністері. Жүректік ритм, тыныс алу бұзылысы орталық гипертермия, кахексия. Медициналық көмек болмаса летальды нәтижемен аяқталады.
Алкоголизм түзілуі мен ағымының әйелдердегі ерекшеліктері: n Тұқым қуалаушылыққа жоғары бейімділік. n Ауру басталуының ең кеш жасы (әйелдерде шамамен 25, 6 жас, ерлерде – 21, 8 жас) n Әйелдерде алкоголизм ағымы жылдамырақ дамиды, ерлермен салыстырғанда, сондықтан олар емделуге ертерек баруға мәжбүр. Әйелдер алкоголизмнің «телескопирлеу» феномені деп аталады. n Псевдоішкілікке салыну және маскүнімдіктің ішкілікке салынулық типтерінің басымдылығымен кезеңділігінің ерте пайда болуы, алкоголизация басталуының менструальді циклмен жиі байланыстылығы.
n n n Алкоголизмнің жасқа байланысты ерекшеліктері. Қауіп факторлары: психопатиялар Психо-жарақаттаушы факторлар (анасын жоғалту, ата-анасындағы алкоголизм, жанұясындағы конфликтер, педагогикалық және әлеуметтік құлдырау) Әртүрлі генездегі ОЖЖ-ң органикалық зақымдалуы ( бас-ми жарақаты, нейроинфекциялар әне т. б. ) Алкоголизммен тұқымқуалаушылық ауырлық
n n Алкоголизм түзілуі мен ағымының жасөспірімдердегі ерекшеліктері: Алкоголизмнің қатерлі ағымына бейімділік, егер ауру жайсыз преморбидті негізде дамыған жағдайда. Орта есеппен жасөспірімднрдегі алкоголизм алкогольді үнеміқолдануды бастағаннан кейін 3 -5 жылдан соң түзіледі. n n Алкоголизмнің негізгі синдромдары алкогольді қолдануды тоқтатқан жағдайда тез кері дамуға шақырайды. Бастан ақ алкогольді шектен тыс қолданудың, спиртті ішімдікті қабылдауда мөлшерлік және ситуациялық бақылаудың болмауы. Статистикаға сәйкес балалардағы 57% улану жағдайы алкогольді интоксикациялардың үлесінде.
n n Алкогольді абстинетті синдром айқын соматоневрологиялық көріністерінің болмауымен және ағымының қысқалығымен сипатталады. Оның құрамында депрессивті-дистрофиялық, диссомниялық және астениялық көріністер басым. 3 -5 күн өткен соң олар қайтады, өзінен кейін алкогольге патологиялық әуестік қалдырады, оған ішкі қарсылық көрсетілмейді және толығымен жасөспірімнің жүріс-тұрысын өзіне бағындырады. Алкоголизмнің басқа психоактивті заттарды қабылдаумен қосарлануы тән ( гашиш, ацетон, бензин, клей және т. б. ).
Патогенезі. n n Алкогольдің әсер етуі әр түрлі нейромедиаторлық, әсіресе катехоламин жүйесінің белсенуіне психоактивті әсер етуінен болады. Бұл заттар жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейінде эффекттер тудырады. Ондай эффекттерге ауырсыну табалдырығының жоғарылауы, эмоциялардың қалыптасуы және тартібінде әр түрлі реакциялардың пайда болуына әкеледі. Алкогольдің организмде тотығуы нәтижесінде уытты зат-ацетальдегид пайда болады, ол өз кезегінде организмнің созылмалы интоксикациясына әкеледі. Әсіресе ацетальдегид токсикалық әсерін қантамыр қабырғаларына, бауыр тініне, ми тіндеріне тигізеді.
Қорытынды Адам болып дүниеге келгеннен кейін адам болып қалу өте маңызды нәрсе. Бұл жағдай барлық тұлғалардың қолынан келе бермейді. Бірақ тұлғасын жоғалту жолында жүрген адамдарға көмектесу, маскүнемдік сияқты азаптан шығару, біздің, дәрігерлердің міндетіміз. Сондықтан да мұндай қиналып жүрген адамдарға қол ұшын беріп, мейіріммен, түсіністікпен қарауымыз керек. Әрқашанда көмек сұраған адамға жылы жауап беріп, шын ниетпен көмектессек, маскүнемдікті жазылмайтын ауру қатарынан алып тастауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер n n n Наркология: национальное руководство/под ред. Н. Н. Иванца, И. П. Анохтной, М. А. Винниковой. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008 Наркология, А. С. Субханбердина-Алматы. Эверо баспасы-2014 www. google. kz
9 тема.pptx