Қазақстанның халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты. «Европаға жол»
Қазақстанның халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты.
«Европаға жол» Қазақстанның әлемдегі беделінің нығая түсуі, оның Европа Одағына (ЕО) біріккен мемлекеттерімен байланысының жақсаруымен байланысты. Президент Н.Ә. Назарбаев сыртқы саясаттың осы бағытын Жандандыру мақсатында «Европаға жол» бағдарламасын ұсынды. Әлемде озық технология, жоғарғы сапа мен тиімділікке негізделген экономикасы бар Еуропа елдерімен жан-жақты байланыстар орнату Қазақстан үшін өте пайдалы. Қазақстан осы бағытты қалыптастыруды 1992 жылы Европаға ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүше болумен басталды. Қазақстан дипломатиясы әлемдік нарықтың негізгі үш орталығы АҚШ, Батыс Европа және Жапония деп есептеді. Олармен ынтымақтасу елді әлемдік қауымдастыққа енгізудің ең оңтайлы жолы саналады. Батыс Европамен қатынастардың жақсаруы ең алдымен ЕЫҚҰ, НАТО, Европарламент, Европа Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдардың қызметіне Қазақстанның белсене араласуына байланысты болды.
Евроодақ елдерінің ұлы державаларға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар: Бірінші, Евроодақ экономикалық, саяси және әлеуметтік интеграцияға түскен мемлекеттердің бірлестігі. Екінші, ЕО мүшесінің халықаралық еңбек бөлінісінде өз орны бар, өзіндік ерекше мүдделері бар. Үшіншіден, ЕО елдерінің даму деңгейлері әркелкі. Әсіресе, ЕО кейінірек кірген Орталық және Шығыс Европа елдерінің даму деңгейі төмен. Төртіншіден, 1951 жылы құрылған Европадағы көмір мен болат бірлестігі негізінде пайда болған ЕО өзінің ғаламдық мәселелерге қатысты саясатын АҚШ-тың ұлттық мүдделерін қорғау саясатымен тығыз байланыстырады. Бесіншіден, ЕО мемлекеттері Қазақстанның мұнай, газ, түсті металдар секторына қызығушылық танытады.
7298-camtasia_getting_started_guide.ppt
- Количество слайдов: 4