Марашка - 1.ppt
- Количество слайдов: 12
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫ www. ZHARAR. com
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Қар сызығы Тау мұздықтарының типтері Климаты Қорытынды Пайдаланылан әдебиеттер
Қар сызығы Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде - хионосферада (грекше - қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі. Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра биікте жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Теріскей Алатауы
Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км 2. Оның 996 км 2 -і солтүстік беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км 2 жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89, 6 км 2 -ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. 1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%-ына тең. www. ZHARAR. com 2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр. 3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.
Тянь-Шань мұздығы қар сызығы 3800 м басталады Алтай тауы 2600 м басталады Жетісу Алатауы 3000 -3500 м басталады
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т. б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан. www. ZHARAR. com
Алтай тауының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Монғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. www. ZHARAR. com
Климаты Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27— 30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13 -16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27, 6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18 -20°С, ал 1000 -1500 м биіктікте ол 14— 16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200 -300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауыншашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады. www. ZHARAR. com
www. ZHARAR. com
www. ZHARAR. com
Қорытынды: Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км 2. Оның 996 км 2 -і солтүстік беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км 2 жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89, 6 км 2 -ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар: 1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%-ына тең. 2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр. 3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақша-орысша географиялық сөздік 2. Уикипедия ашық энциклопедиялық сөздігі
Марашка - 1.ppt