1178_AZA_1178_STANNY_1186_INDUSTRIYaLDY.pptx
- Количество слайдов: 12
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ Орындаған: Исмаилов Ғабит Юсупов Қайсар Қарасаев Асқар Тілеужанов Мұхит
«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30 -жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Инновация— мәдениеттану мен әлеуметтануда этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени құбылыстар мен өзгерістер.
• Қазақстан Республикасының 2002 жылғы «Инновациялық қызмет туралы» қабылданған заңының қазіргі ғылыми-техникалық саясатты жетілдіруде орны ерекше. Осы заң негізінде бүгінде елімізде инновациялық қызметті қоғамға енгізу мен оны әрі қарай жетілдіру бірінші кезекте тұр. Инновациялық қызметті қоғамда, ғылымда, әлеуметтік өмірде, саяси жүйеде, өмірдің тағы басқа салаларында да кеңінен қолдануға болады. Жаңа жетістіктерге қол жеткізу жолындағы ізденіс және оларды дамыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану заман талабынан туындап отыр • Инновациялық процестерге бет бұру дегеніміз ─ бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул беру мақсатында жұмыс істеу. Мұның өзі ғылым мен өндірісті тоқайластыру деген сөз.
• Осы мақсатта қабылданған еліміздегі «Инновациялық қызмет туралы» заң қоғамның, экономиканың дамуына жаңа сипат беруде. Бұл заңның негіздеріне сүйенетін болсақ, мұнда негізінен инновациялық саясат ─ мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігі әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда осы бағытты басшылыққа алу керек. Бұл процесс бәсекеге қабілетті экономиканың қарышты қадам басуына ерекше әсер етеді. Инновациялық жаңа ғылыми идеялар озық технологияны қолдануға барлық жағдайлар жасау қажет екенін көрсетеді. Жаңа жетілдіргіш ақпараттық технологиялық процестер үрдісін қоғамды басқару саласынан бастап, өндірістің барлық салаларында қолдану керек екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
• Инновациялық саясаттың басты ерекшелігі ─ оның әрдайым мемлекет назарында болуы. Қызықтысы, ғылым мен техника нарық жағдайында басқа салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді. Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда, оның нарықтық сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары екені сөзсіз. Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері толықтай дәлелдеп отыр.
• Бүгінгі күні өз жұмыстарын тапжылмай дамытып отырған геология, тау- кен өндірісі, метталлургия, химия, одан кейін ауылшаруашылығы және медицина салалары. Бір өкініштісі ел экономикасын көтеруге септігін тигізетін техникалық ғылымдар қолға алынбай отыр. Сондықтан Қазақстан дамыған елдерден технологияның сапасы мен дамуы бойынша артта қалуда. Соның нәтижесінде кәсіпорындардағы энергия көздерін пайдалану шығындары жоғары, ал еңбек өнімділігі төмен деңгейде болуда. • Соңғы жылдары елімізде ғылымға деген көзқарас өзгерді. «Ғылым туралы» заң қабылданды, ғылымға бөлінген қаржы көлемі көбейтілді. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 2000 жылы 2 млрд тг, 2006 жылы 12, 3 млрд тг құраса, ал 2011 жылы 28, 8 млрд тг жетті, және ғылымды қаржыландырудың жаңа көздері анықталды. Үкімет тек биылғы жылдың өзінде ғылым саласын қаржыландыруды 40 миллиард тг жеткізбекші.
• Білім, ғылым және өндіріс интеграциясын ең алғаш құрғандардың бірі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Университет – технопарк» құрды. Еліміздің біраз университеттерінде бизнес-инкубаторлар, студенттік технологиялық зертханалар құрылуда. • Жоғарыдағы ілгерушіліктерге қарамастан әлі де болса олардың нәтижелерінің өндірісте қолданылуы жеткіліксіз екені байқалады. Ғылыми жетістіктердің өндірісте көптеп пайдаланулары үшін кәсіпорындардың жастарға деген көзқарастарын өзгерту қажет: кәсіпорындар жанында конструкторлық және жоба бюроларын ашып білімгерлердің қысқа уақыт жұмыс істеулеріне, практикаларын өтуге мүмкіндіктер беру сияқты.
• Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) елдің 2020 жылға дейінгі инновациялық даму қағидаттарын, іргелі бағыттары мен басымдықтарын білдіреді. Тұжырымдамада Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің жайкүйін талдау, сондай-ақ инновациялық дамудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері көрсетіледі, бұлардың түпкілікті мақсаты нарыққа бәсекеге қабілетті тауарларды, процестер мен қызметтерді шығару болып табылады. • Елде дамыған кәсіпкерлік сектор мен қоғамның инновацияларды қабылдау мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары кіріс әкелетіні туралы шетелдердің тәжірибесінен тұжырым жасауға болады. Жаңа ғылыми басылымдарға, бұйымдарға, технологияларға, қызметтерге, кадрлар біліктілігіне, басқару әдістеріне шоғырландырылған инновация экономикалық дамыған елдердің бәрінде де бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі 4, 3%-ды құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш – 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда, Францияда – шамамен 50%-ды, Ресейде – 9, 1%-ды құрайды.
• Қазіргі уақытта Қазақстан ресурсқа бағдарланған экономикадан инновациялық даму үлгісіндегі экономикаға көшудің бастапқы сатысында ғана тұр, оны шартты түрде 2 кезеңге бөлуге болады. І кезең 2003 жылы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданғанда басталды. Ұлттық инновациялық жүйенің институционалдық базасы мен негізгі элементтерінің қалыптасуы соның нәтижесі болып табылады. ІІ кезең 2010 жылы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, инновациялық экономиканы жеделдетіп құрудың экономикалық бағдарымен белгіленген. Бұл кезең инновациялық қызметті заңнамалық және қаржылық ынталандырудың күшеюімен сипатталады. Соңғы 8 жылда елдегі инновациялық қызметтің басты көрсеткіштері өсуінің оң үрдісін атап өтуге болады. Айталық, 2003 жылмен салыстырғанда 2010 жылы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған абсолютті мәндегі шығындар 2, 9 есе өсіп, шамамен 33, 5 млрд. теңгені құрады. 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2010 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2, 2 есе ұлғайып, 142 млрд. теңгеден асты. Инновациялық қызметті дамыту үшін арнайы қаржылық қолдау құралдары кеңейтіліп, отандық кәсіпорындар үшін салықтық жаңа жеңілдіктер мен преференциялар енгізілді. Соңғы 2014 жылдың өзінде ғана технологиялар сатып алу гранттарына сұраныс 2 есе ұлғайды. Әлемдік дағдарыстың созылып кеткеніне қарамастан, Қазақстан индустриялық-инновациялық жобалар арқылы экономиканың 7% орнықты өсуін қамтамасыз етіп келеді.
• Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банк рейтингісіне сәйкес инновациялылық көрсеткіші бойынша Қазақстан қазіргі уақытта Марокко (91), Филиппины (90), Кения (89), Мавритания (95) және Ангола (96) сияқты елдермен қатар 92 орында. Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілік туралы 2011 – 2012 жылдарға арналған жаһандық есебіне сәйкес инновациялылықтың және инновацияларды бизнесте пайдаланудың біріктірілген факторы бойынша Қазақстан Бангладеш (113), Монғолия (112), Мали (116) сияқты елдердің арасында 114 орынды иеленген. Бұл ретте соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми-зерттеу және тәжірибелікконструкторлық жұмыстарға жұмсаған шығыстары орта есеппен жалпы ішкі өнімнің 0, 21 % -ын құрады, ал бұл көрсеткіш Финляндияда елдегі жалпы ішкі өнімнің 3, 49 %-ын, Кореяда – 3, 64 %-ын, АҚШ-та – 2, 6 %-ын, Қытайда – 1, 44 %-ын, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭДЫҰ) елдерінде орта есеппен – 2, 24 %-ын құрайды. Сонымен қатар, Оқушылардың білімдегі жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаға (PISA) сәйкес Қазақстан 65 елдің арасында 59 орынды алып отыр.
• Жүргізілген талдау нәтижелері болашақта «орнықты инновациялық дамуға» көшу үшін Қазақстанға серпінді технологияларды әзірлеуді күш-жігерді «индустриялық-инновациялық дамуға» шоғырландыру мен үйлестіру қажеттігін айғақтайды. Серпінді технологиялар ғана Қазақстанның технологиялық көшбасшылар тобына кіруінің негізгі факторы болмақ. Жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан үшін басым салалардың қатарына агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен металлургия кешені, энергетикалық сектор, мұнай және газ секторы, машина жасау, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар, химия және мұнай химиясы сияқты салалар кірді. Қолда бар ресурстарды республиканың стратегиялық басымдықтарына шоғырландыру мақсатында анықталған салалар шеңберінде 60 -тан астам сындарлы технологиялар айқындалды, бұлар Қазақстанның одан әрі дамуына түрткі болып, елді технологиялық жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік бермек. Осы және басқа да сындарлы технологиялар Қазақстанның болашақ абсолютті инновацияларының негізіне айналады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
1178_AZA_1178_STANNY_1186_INDUSTRIYaLDY.pptx