
макроэкономика.pptx
- Количество слайдов: 14
Қазақстандағы туризмнің дамыу
Туризм – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салаларлың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмедемейтін саланын біріне жатады. Туризм индустрияның мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, яғни орта жәнет шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор.
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30 -жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В. Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В. Зимин, А. Бергрин, Д. Литвинов, Х. Рахимов, Г. Белоглазов, т. б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.
"Меде у мұз айдын ы" "Бу раб ай к өл і"
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200 -дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Респубикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды. 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С. Күдерин, Ү. Үсенов, Н. Дубицкий, В. Г. Хомулло, т. б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді. 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті. 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді. 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті. 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н. И. Самойленко, С. Әбденбаев, Т. Жездібаев, А. Чукреев, О. Мазбаев, С. Р. Ердәулетов, т. б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес
1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т. б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді. 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80 -ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т. б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған. Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т. б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700 -ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т. б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т. б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т. б. жоғары оқу орында дайындалады
Туристік нысандар- Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәденитанымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т. б. туризм түрлеріне бөлінеді. Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық тарихи-археологиялық тәуеп ету
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай Бектауата, Ұлытау, т. б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле. Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия -Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т. б. [1].
КСРО – ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде дами бастады. Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстьанның таулы аумақтарында көп болды. ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші туристі деп казак есаулы А. В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К. И. Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды. Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы көліне дейін өтті. Әліби Жангельдин 1910 -1912 жылдары таяу «жер дүниесін айналып өтетін» саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты — өзінің білімін арттыру, әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы. Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г. И. Белоглазов болатын. 1925 жылдың жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты. Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті.
Г. И. Белоглазов Алматының № 10 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген. Өзінің оқушыларымен ол жақын жатқан шаткалға жиілеп шығып отырды. 1926 жылы жазғы демалысында ол қайтадан оқушылармен Ыстық көл жағалауларына сапар шекті. Біртіндеп секция жалпы қалалық масштабқа ие болды. 1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының бастауыш ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. Оның белсенділері арасында Г. И. Белоглазов, В. Д. Городецкий, Н. Н. Дублицкий және т. б. Болды. Олардың бастауымен Қазақтық өлкетану кеңесі құрылды. Туристтік актив күшімен Горель шатқалында туристтер үшін тау лашығы (үй) құрылып, 1936 жылы 50 орынды «Горельник» туристтік базасына айналады. 1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды. 1955 жылы Алматыда «Интурист» Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның Қазақстандық бөлімшесі ашылды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматыға 25 шетелдік турист келді, келесі жылы олардың саны 157 -ге, ал 1971 жылы Қазақстан 8 мың адам қабылдады. 1995 жылы әртүрлі елдерден келген туристтердің саны 28 мың адамға, 2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы қоғам «Қазақстан Интуристі» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы ұйымдастырылады және 5 - облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл облыстарда экскурсия бюролары да ашылды.
Тамашалағандары ңызға рахмет!!!
макроэкономика.pptx