
kazakh.pptx
- Количество слайдов: 10
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫР ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНЫҢ КҮРДЕЛІСІ – ҚАРСАҚБАЙ МЫС КОМБИНАТЫ. ОРЫНДАҒАН: БАЙДУЛЛИНА Ж. , ҚАНАТОВА Ф. ТОБЫ: ХТОВБ-13 -1 Р
ҚАРСАҚПАЙ – ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНДАҒЫ КЕНТ, ОКРУГ ОРТАЛЫҒЫ. ТҰРҒЫНЫ 2, 3 МЫҢ АДАМ (2001). ІРГЕСІ 1911 ЖЫЛЫ ҚАРСАҚБАЙ – АША ҚОНЫСЫНДА ҚАЛАНҒАН. ҚАРСАҚПАЙДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯНЫҢ ТҰҢҒЫШЫ – МЫС ҚОРЫТУ ЗАУЫТЫ САЛЫНҒАН.
ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ 1913 ЖЫЛЫ БАСТАЛҒАН, БІРАҚ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ, БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ПЕН АЗАМАТ СОҒЫСЫ ОНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА, КЕЙІН ТІПТІ БҰЗЫЛУЫНА ӘКЕП СОҚТЫРДЫ. АЛАЙДА, ЕЛГЕ МЫС ҚАЖЕТ ЕДІ. МҰНЫ ТҮСІНГЕН КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ РУДОЛЬФ ДРЕЙМАН МЕН ҰЛЫ ҒАЛЫМ, АТАҚТЫ ГЕОЛОГ ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ЗАУЫТТЫҢ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУІНЕ КӨП КҮШ ЖҰМСАДЫ.
ҚАРСАҚБАЙ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ТАРИХЫ 1908 ЖЫЛЫ АҒЫЛШЫН ИНЖЕНЕРІ ГОРВЕЙ ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ МЫС КЕНІН ЗЕРТТЕП, ЛОНДОНДА АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЕРІНДЕ МЫС КЕНІНІҢ ҮЛКЕН ҚОРЫ БАР ДЕП МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАЙДЫ. 1912 ЖЫЛЫ АҒЫЛШЫНДЫҚ АҚ ҚАРСАҚБАЙДА МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫН САЛУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ. 1913 ЖЫЛЫ АЛҒАШҚЫ 300 ЖҰМЫСШЫ ҚАРСАҚБАЙ ЗАУЫТЫН, КЕН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫН ЖӘНЕ ҚУМОЛА ӨЗЕНІНЕ СУБӨГЕНІН САЛУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАЙДЫ. 1914 ЖЫЛЫ АҒЫЛШЫНДАР ЖОСАЛЫДАН АЛҒА ТӨСЕЛІП ОТЫРАТЫН ТАР АДЫМДЫ ЖОЛМЕН ТЕМІРЖОЛ КЕРУЕНІН ЖІБЕРГЕН. ҚҰРАМАНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 2, 5 КИЛОМЕТР БОЛДЫ. ҚАРСАҚБАЙ ШАТҚАЛЫНДА КЕН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНЫҢ, 4 ШАХТА МЕН МЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ІРГЕТАСТАРЫ ҚАЛАНДЫ.
Қарсақбай металлургиялық зауытының тарихы 1922 жылы Қарсақпай ревкомы Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіріп, іске қосу туралы ұсыныспен Мәскеу қаласына И. Деевті аттандырады. ВЧК Төрағасы Ф. Дзержинский ревкомның бұл ұсынысын қолдайды. Қарсақпай зауытының тағдыры ұзақ уақыт бойы екіталай болды. Ауданның алшақтығы, азық-түлікпен, сумен және материалдармен қамсыздандырудағы қиыншылықтар, мамандардың жетіспеушілігі – осының барлығы Қарсақбай зауытын жедел қалпына келтіріп, құрылысын аяқтауға болатынына күмән келтірді. Тіпті, оны демонтаждап, барлық жабдықтарын Оралға жөнелту турасында ұсыныстар айтылды. Нәтижесінде зауыт 1925 жылға дейін тоқтап тұрды, бұл уақыт ішінде жабдықтардың көпшілігі жарамсыз болып қалды. 1925 жылы еңбек және қорғаныс кеңесі Қарсақбай комбинатын қалпына келтіру туралы қаулы қабылдайды. Басқарушысы ретінде Иван Деев тағайындалады. «Атбасартүстіметалл» тресті құрылды.
1926 -1928 жж. білікті жұмысшылардың жетіспеушілігінен қалпына келтіру жұмыстары мен құрылысын жүргізу оңайға түспеді. Оларды ел аралап іздеуге, бұрынғы көшпенділердің арасынан тауып, сол жерде оқытуға тура келді. Көпшілігін Оралдың кәсіпорында оқытты. Көлік тасымалы мәселесі де оңай болмады, сондықтан негізгі көлік құралы ретінде түйелерді пайдаланды. Оның үстіне Қарсақбайдағы қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарының көлемі ауқымды болатын. Кеңестік жас мемлекетте қаражат жетіспеді, дегенмен кәсіпорынның құрылысы негізін сол кездегі әлемдік техника жетістіктері қолданылған жоба құрады. Қысқа мерзімнің ішінде көміртозаң фабрикасы, шихтарник, үгіту цехының ғимараты, бірінші шарпыма пеш салынды, металлургиялық цехтың корпусы толықтай салынып бітті, ауа бергіш нысан, конверторлар, байыту фабрикасының және үгіту цехының жабдықтары монтаждалды. Бір жарым жыл ішінде кеніш пен көмір кендерінің және зауыттың арасын қосатын тар адымды теміржол салынып, пайдалануға берілді.
Қарсақбайда жұмыстар басталған жылы Томск институтын бітіріп, мыс кеніне бай өлкеге жас геолог Қаныш Сәтбаев келеді. Оның басшылығымен Қарсақбай Жезқазған аймағының геологиялық-барлау орталығы болып қалыптасады. Сәтбаевтың арқасында Жезқазған өлкесінің келешегі зор екені айқындалды. 1927 жылы жариялаған «Қарсақбай ауданы және оның перспективалары» атты алғашқы ғылыми мақаласында Қаныш Имантайұлы былай деп жазған: «Жезқазған әлемдегі ең бай деген провинциялардың бірі ретінде болатыны хақ, тіпті ол болашақта Америкадағы мыс өлкелерінен де асып түседі» . Кен орнының келешегіне күмәнді қараған мамандар тарапынан туындаған қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан Қаныш Сәтбаев жылданжылға геологиялық барлау ісін ұлғайта түсті. Ал минералды шикізатпен молынан қамтылған Қарсақбай зауыты қуат алып, күш жинай бастады. Кішігірім екі шахта кен бере бастады, шағын станция жұмыс істеп тұрды, бірнеше тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар салынды. Кішігірім жұмысшылар қалашығы пайда болды. Осының барлығы да екі-үш жылдың ішінде атқарылған жұмыс.
1928 жылдың 19 қазанында (23: 00 -де) – Қарсақбайдың ең алғашқы қара мысы алынды. Қазақстандық мыстың тарихы сол күннен бастап бастау алады. Ол кезде Қарсақбай зауыты жылына 5000 тонна қарасы мыс шығаруға есептелген болатын. 1929 -1938 жж. - Қарсақбай кен байыту фабрикасы пайдалануға берілді. Қарсақбай тау-кен металлургиялық техникумы ашылды. Мәскеуде Үлкен Жезқазған құрылысындағы проблемаларды қараған КСРО Ғылым академиясының сессиясы болып өтті. Қарсақбай мыс зауыты соғысқа өнімдер шығаруға қайта бағдарланған. Қорғаныс өнеркәсібі үшін марганец кенін өндіріп шығаруға Жезді марганец басқармасы құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Жезқазғанда кен өндіріп шығару мен Қарсақбайда мыс балқыту бірнеше есе артты. 1944 жылдың тамыз айында Үлкен Жезқазған жобасын салу үшін «Казмедьстрой» тресті ұйымдастырылды. 1954 жылдың желтоқсан айы-Қаз. ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Жезқазған кенті Жезқазған қаласы ретінде өзгертілді.
1959 жылы Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты ашылды. 1963 -1973 жылдары Қарсақбай мыс балқыту зауытының директоры болып Әбдірахманов Төлеген Мұсаұлы тағайындалды, ол кейінірек Жезқазған мыс балқыту зауытының еңбек ұжымын басқарды. 1974 жылы зауытта қара мысты өндіру ісі тоқтаусыз артып, 1974 жылына 35, 2 мың тонна дейін жетті. 1972 жылы Жезқазған мыс балқыту зауытының іске қосылуына орай, Қарсақбай мыс балқыту зауыты 1975 жылдың маусым айында мыс балқыту ісін доғарды. Кейінірек зауыттың директоры Қадыр Мәткенов пен Жезді партия аудандық комитетінің Бірінші хатшысы Мәкен Төрегелдин республика басшылығына мыс өндірісіндегі қайта құру өзгерістері болып жатқан жағдайлардың өзінде Қарсақпай кәсіпорнын сақтап қалудың қажет екендігін дәлелдей білді. Қадыр Мәткенов кәсіпорын ұжымын 1973 жылдан 2006 жылға дейін басқарды.
Қарсақбай металлургиялық зауытының бүгіні Бүгінгі таңда Мұрат Мәткенов басқарып отырған металлургиялық зауыттың ұжымы тұрақты еңбек етіп, жоспарды орындап келеді. Зауыттың негізгі қызмет түрі детальдарды механикалық әдіспен өңдеу арқылы сұр шойын құймаларын шығару болып табылады. Зауыттағы құю-механикалық учаскесі – негізгі өндірістік алаң. Құю-механикалық учаскеден басқа, зауытта мынадай қосалқы учаскелер жұмыс істеп тұр: су беру нысандары, электр бөлімі, экскаватор-бульдозер шаруашылығы, өндірістік-жылу беру қазандығы, техникалық қамсыздандыру бөлімі, жылумен сумен қамсыздандыру бөлімі, тұрғын үй-пайдалалану учаскесі, Жезді кентінің өткізу базасы мен зауыттың басқармасы. Зауытта 253 адам еңбек етеді. Зауыт тұрғындар мен басқа да ұйымдарды шаруашылық сумен, жылумен, көмірмен және электрқуатымен қамтамасыз етіп отыр. Зауыттың қарамағында субөгені, үш көпір, жолдар, 33 ғимарат пен нысандар, шамамен 100 тұрғын үй бар. Соңғы онжылдықтарда Қарсақбай металлургиялық зауытының директорлары – атақты әулеттің өкілдері Қадыр Мәткенов (1975, шілде – 2006, наурыз), Еркін Мәткенов (2006, наурыз – 2008, желтоқсан), Мұрат Мәткенов (2009 жылдың ақпан айынан бері).
kazakh.pptx