Bolasha_1179___1178_aza_1179_stan.pptx
- Количество слайдов: 10
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс» , деп атап көрсетті.
Салауатты да саламатты Болашақ Қазақстан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.
Ата-баба аңсаған ұлы мұрат жолы яғни осыныу тәуелсіздік деген асыл ұғымның жолында талай жан құрбан болды. Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» , деп текке айтпаған іспетті. Қазақ аштықты да, жоқтықты да небір сұрапыл дүниені де көрді, бірақ, өмірге деген құштарлық пен азаттық аңсары-еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Міне, біз бүгін егеменді қазақ елінің ұландарымыз. Әлбетте, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болашаққа, жас ұрпаққа артар сенімі мол. Бүгінде Қазақстан жаһанға аты әйгілі елдердің қатарында. Мұндай елдер қатарына қосылу жолында Елбасымыздың атқарған үлесі мол. Елеулі еңбегіне куәміз! Елеусіз қалған ештеңе де жоқ. Барлығы да еліміздің ертеңі мен бүгініне арналған! Жұдырықтай жұмылған ел сенімін арқалаған көшбасшы-бірлік пен татулықты, намыс пен мақсатты пір тұтты. Дәл осындай қарқынмен еліміз «Қазақстан 2030» стратегиялық бағытын жүзеге асырып, дамыған 50 ел қатарына кірді. Өркениетті ұлтымыз үшін, еліміздің дамуын тежемей керісінше дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатында, Елбасымыздың қолдауымен «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасын қабылдадық. Менің ойымша 2050 жылы Қазақстан Еуропа елдерінен асып түсетіндей дәрежеге жетеді. Сонымен қатар адами құндылықтар артып, біз ойлағаннан да ерекше сәулетпен гүлденері сөзсіз. 2050 жыл! Қөз алдыма небір адам қолынан келмейтін ғимараттар, сонымен қатар халық саны едәуір артқан, уайым-қайғысыз ата-аналар мен бақытты балалар келеді! Менің ойымша, сәулеті мен дәулеті келіскен қазақ елінің бағы үстем! Елбасы салып берген дара жолдан жаңылмай, жас ұрпақ та биік белестерге жете берері сөзсіз!
Кішіге ізет, - демекші Қазақстандық балғындар әдепті де, инабатты, үлкенді үлгі тұтып, құрметтейтін, сыйлайтын, қолғанат болатын, ал кішіге көмек көрсетіп, бауырына басатын адамгершілігі мол, бір сөзбен айтқанда, жан дүниесі бай адам деп айтсақ болады. ” Ел атағын ер шығарар” деп халық бекер айтпаған. Сондықтан, біз Қазақстаның өмірі жарқын болатынына сенімдіміз. Бүгінгі болашақ жастардың қолында.
Bolasha_1179___1178_aza_1179_stan.pptx