жолдау медицина.ppt
- Количество слайдов: 36
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ « ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ 3
«Қазақстан-2050» стратегиясықалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатері 1. Тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. 3. Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. 4. Судың тым тапшылығы 5. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. 6. Табиғи ресурстардың сарқылуы. 7. Үшінші индустриалдық революция. 8. Үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. 9. Өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы. 10. Жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі. 5
Осы өзгерістерге дайын болу үшін жоспарлау аумағын кеңейту керек, яғни, жаңа дүниеге көзқарас қалыптастыру керек, сонымен қатар, 2030 - стратегиясын жүзеге асыратын, ұлттың 2050 жылға дейін арналған жаңа саяси курсын құрастыру керек. 6
Көрсетілген мақсатқа жету үшін кезекте мына міндеттерді шешу керек: 1. Мемлекеттіктің алдағы дамуы мен нығаюы. 2. Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу. 3. Ұлттық экономиканың алдыңғы қатарлы күші кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау. 4. Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастру. 5 Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы озық және тиімді жүйесін құрастру. 6. Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігін және функционалдығын күшейту. 7. Дүние жүзілік және қорғаныс саясатының жаңа өзгерістеріне дұрыс қарсы тұру. 7
Халық санына шаққанда ЖІӨ шамамен 7 есе өсіп - 1998 жылда болған 1500 АҚШ долларынан 2012 12 мың АҚШ долларына көбейді.
Индустриализацияны жылдамдату бағдарламасы барысында 2010 ж. 1797 миллиард теңге құрайтын 397 инвестициялық жоба жүзеге асып, 44 мың жұмыс орыны құрылды.
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты – халқымыздың әлеуметтік қауіпсіздігі мен дұрыс өмір сүруі: Әлеуметтік сфераның дамуының әр түрлі бағыттары бойынша жолдауда нақты міндеттер көрсетілген: 1. Ана мен баланы қорғау. 2. Ұлт денсаулығын қамтамасыз ету. 3. Білім және кәсіби машық- заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары 10
Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі !!!
Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі 1. Денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттары 2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудң жаңа амалдары 3. Медициналық білім беру жүйесінің жақсарту 4. Ауылдағы медициналық қызметтің сапасы 5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту 12
Ú 1. Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.
Ú 2. Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.
Ú 3. Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. ÚХалықпен ақпараттықтүсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.
Ú 4. «Смарт-медицина» , қашықтықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.
Ú 5. Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады.
Ú 6. Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.
Ú 7. Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек.
Ú 8. Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз
Ú 9. Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.
Ú 10. Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды.
Ú 11. Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек.
Ú Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады: Ú Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара ісқимылды күшейту: Ú Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру; Ú медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.
Ú Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс: :
Ú 1. Халықтың өмір сүру ұзақтығының 2013 ж. -69, 5 -ке дейін, 2015 ж. - 70 жасқа дейін ұлғаюы;
Ú 2. Ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарғашаққанда 2013 жылға қарай 28, 1 ге дейін, 2015 жылға қарай 24, 5 -ке дейін төмендеуі;
Ú 3. Нәресте өлімжітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14, 1 ге дейін, 2015 жылға қарай 12, 3 -ке дейін төмендеуі;
Ú 4. Жалпы өлім- жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8, 14 -ке дейін, 2015 жылға қарай 7, 62 ге дейін төмендеуі;
Ú 5. Туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98, 1 -ге дейін, 2015 жылға қарай 94, 7 ге дейін төмендеуі;
Ú 6. 15 -49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0, 2 -0, 6 пайыз шегінде ұстау.
Ú Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Ú Ú Ú Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды. Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды. Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда. Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
Ú 1997 жылдан бері республика бойынша 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.
Білім мен кәсіптік дағдылар – қазіргі заманғы білім беру, кадрларды дайындау қайта даярлау жүйесінің басты бағдары болып табылады. Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуға ұмтылуымыз керек. 34
/Орта және жоғары білім беру саласының оқу жоспарының бағытын өзгерту, оған тәжірибелік дағдылар мен тәжірибелік сапаны оқытатын бағдарламаларды кіргізу керек /Кәсіпкерлікке бағытталған оқу бағдарламалары, білім беру курстары мен институттарын құру. 35
Президентіміз бүкіл халықты азат ойлар мен кемел білімдер – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күшке сенімді болуға шақырады. Жаңа тарихи мүмкіндікті біз қолдан шығарып алмайтынызға Елбасымыз сенеді және сол жолда біз тынбай еңбек етуіміз керек. 36
жолдау медицина.ppt