12-2_zh.b.b_standarty.ppt
- Количество слайдов: 54
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер. • Стандартқа 12 жылдық орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы ережесі енгізілген. Стандартта орта жалпы білім беру мазмұнының міндетті минимумына қойылатын талаптар, оқу процесін ұйымдастыру нормалары және күтілетін нәтиже реттелген. • Құжат барлық типтегі білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтарына, білім беруді басқару органдарының қызметкерлеріне, ата-аналар қауымына арналған.
КІРІСПЕ • • Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзімімен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің негізінде мынадай түбегейлі жаңа тұжырымдамалық негіздер жатыр: - мектеп бітірушілердің тұлғалық сапалары ретінде құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді анықтау арқылы білім беру жүйесінің «шығуын» реттеу; - мектептік білім берудің түрлі деңгейлеріндегі тұлғаның даму дәйектілігін сипаттайтын оқытудан күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесін құру; - оқудың рөлiн «дайын білімдерді алушы» баяу оқушыдан танымдық процестің белсенді субъектісі бола алатын оқушыға ауысуын көздейтін бiлiм берудiң негізгі процесі ретінде күшейту; - негізгі құзыреттіліктерді, білімдерді, біліктер мен дағдыларды меңгеру жөніндегі оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім беру жүйесі мен мектептің, оқушылардың даму динамикасын бақылауға бағдарланған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу; - жоғарғы мектепте бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының тұлғалық бағдары мен вариативтілігі; - педагогикалық саралау мен бейіндендіру негізінде оқушылардың оқыту процесiндегi жеке білім алу траекториялары бойынша табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ету; - жалпы орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім берудің әрбір сатысындағы психологиялық-физиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі
ҚОЛДАНУ САЛАСЫ – • • • Осы стандарт: білім беру салалары бойынша бiлiм, бiлiк, дағдыларды қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде нақтылайтын жалпы орта білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды; Оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесінің көлемі мен оқу жетістіктерінің деңгейлерін белгілейді; жалпы алғанда еліміздің білім беру жүйесінің, мұғалімнің, оқушының дамуын және өзіндік дамуын, білім беру процесінің ұйымдастырылуын реттейді. Стандарт: білім сапасын бақылаудың ережелері мен рәсімдеріне; білім беру процесін қамтамасыз етуге (оның ішінде кадрлық, материалдық-техникалық, оқу-зертханалық, ақпараттық-әдістемелік) қойылатын талаптарды анықтайды
Стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді: • • білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету; елiмiздiң білім беру жүйесін қазақстан мектебiнiң ең жақсы дәстүрiн сақтай және әлемдiк тенденцияларды ескере отырып дамыту; жалпы орта білім беру құрылымының жас кезеңдеріне сәйкестігі; ерекше білім берудi қажет ететiн балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу; білім сапасын қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрiндегi білім беру нәтижелерiн енгiзу есебінен арттыру және оқушының, педагогтың, білім беру ұйымдарының қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін құру; жалпы орта білім беру саласындағы білім беру процесінің барлық субъектілерінің міндеттерін сақтау мен құқықтарын қамтамасыз ету; балалардың дене және психологиялық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде оқушының қосымша білім алудағы сұраныстарын қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасау; ұйымдардың типтері мен түрлерінің көптүрлігі жағдайында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз ету; жалпы орта білімді қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын ұтымды және тиімді пайдалану
Стандарттың мынадай талаптары: • оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу; • елiмiздiң жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының меншік нысандарына, түрлері мен типтеріне қарамастан, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; • жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу; • білім беру ұйымдарын қаржыландыру; • жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау; • білім берудің барлық сатыларында білім сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндетті болып табылады
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР • Осы стандартты әзірлеу төмендегi нормативтікқұқықтық және тұжырымдамалық құжаттарға негізделген: • - Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; • -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы; • - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 -2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; • - «Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысы.
Пәндер бойынша бiлiм беру және оқу бағдарламалары – – – • • оқу пәндерiн оқытудың мақсаттары мен мiндеттерiн; оқу пәндерi бойынша оқытудың жоспарланған нәтижелерiн; оқу пәнiнiң базалық мазмұнын; құзыреттiлiктердi қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар жүйесiн; пәндер бойынша оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн бағалау жүйесiн; оқу пәндерi бойынша бiлiм беру процесiн ұйымдамтыру және iске асыру жағдайларына қойылатын талаптарды: бiлiм беру технологияларын; материалдық-техникалық жабдықталуын анықтауы тиiс
ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ • • • Жалпы ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыреттi тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері әрбір оқушыға мынадай мүмкіндіктердің жасалуын көздейді: жеке және қоғам өміріне қажетті әрi қарай кәсiби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алу; өзінің білім алу қызметiн тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, білімдерді меңгеруде өз ісәрекеттерінің рефлексиясын жүзеге асыру және талдау; түрлі өмірлік жағдаяттарда өз бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз тұжырымдарын дәйектеу және айналадағылармен өзара қарым-қатынас орнату, орын алып отырған әлеуметтік жағдайларға баға беру; қазақтың және әлемдік мәдени мұралардың негіздерін білу, өзінің бірегей мәдениеттілігін дамыту; Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін білу және сақтау, елдің мемлекеттік жүйесін түсіну және бағалау; ұлтына, діни нанымына, мәртебесіне, жынысына және т. б. қарамастан, өзге мәдени түсінікке төзімділік таныту, олардың өзге көзқарастағы, ұстанымдағы өкілдерімен құндылықты-саналы ынтымақтастыққа дайын болу; мәдени және шығармашылық істерге қатысу, және тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттiң маңызды тұстары мен аспектілерін түсіне және бағалай білу.
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ • • • Жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім беру деңгейлерінің бірі болып табылады және 6 жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдасқан жүйесін көрсетеді. Жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделінің негізінде кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы сияқты жас кезеңдеріне тән жетекші іс-әрекеттер түрлерінің типологиясы болып табылатын негізгі мазмұн және жеке тұлға дамуын кезеңге бөлу жатыр. Жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығымен үш сатысы белгіленеді: 12 жыл: 5+5+2 I - саты – бастауыш білім беру. (1 - 5 - сыныптар). Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 5 жыл. Бастауыш білім берудің негізгі мәні– білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту. Бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санау бойынша қажетті білім, білік және дағдылар жүйесін игертуiн, осы сатыдағы негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
II - саты - негізгі орта білім беру. (6 -10 - сыныптар). Оқыту ұзақтығы – 5 жыл. • Негізгі орта білім берудің негізгі міндетi – игерген білім, білік, дағдылар мен әрекеттердің базалық тәсілдеріне негізделген базалық мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптастыру. • Негізгі орта мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. • Оқушыларды болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдық қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі. • Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып табылады және базалық білім беру бағдарламаларын аяқтауды және негізгі орта білім берудің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді
ІІІ саты - жалпы орта білім беру. (11 -12 - сыныптар - бейіндік мектеп). Оқыту ұзақтығы - 2 жыл. • Орта жалпы білім берудің негізгі міндеті – оқушының саналы түрде кәсіби және азаматтық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік туғызатын негізгі құзыреттіліктерді игеруін, сондай-ақ жеке білім алу қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. • Оқушының бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында бейіндік оқыту енгізіледі. • Бейіндік оқыту жаратылыстану-математика, әлеуметтік- гуманитарлық, технологиялық бағыттары бойынша жүзеге асырылады
БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ • Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет - білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады. • Осы стандартта реттелген білім, білік, дағдылар, сондай-ақ негізгі құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелері, әлеуметтену нәтижелері жалпы білім беретін пәндер мен оқу-әдістемелік қолдау бойынша білім беру және оқу бағдарламаларының мазмұны арқылы қалыптасады
Тұлғаны әлеуметтендіру • • • • Жалпы орта білім беретін мектеп – мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал ететін барлық қажетті жағдайлардың барлығын орындап отыратын әлеуметтендіру институты. Әлеуметтендіру идеяларын іске асыру бiртұтас педагогикалық процесте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты талап етеді. Оқушыларды әлеуметтендіру нәтижесі мынадай жетістіктерде байқалады: бастауыш мектепті бітіруші: - адам, азамат, елжанды, ұжымшыл деген түсініктердің мәні туралы көзқарасының болуы; - Қазақстанның барлық халықтарының бірлігінің мәнін, әлемде бейбітшілікті сақтауды, ұлтаралық қатынаста төзімділік танытуды түсінуі; - Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын түсінуі; - «қоғамдық субъекті» ретінде жаңа әлеуметтік мәнді рөлін (оқушы, сыныптас, ұжым мүшесі және т. б. ) игеруі; - балалар ұжымындағы мінез-құлықтың этикалық нормаларын білуі, балалар қоғамдастығында тұлғааралық қатынастардың негізі ретінде берік достық байланыс орнатуы және ондағы жағымды әлеуметтік мәртебені бекітуге талпынуы; - еңбектің рөлі мен кәсіптер әлеміне біртіндеп енудің қажеттіліктерін түсінуі; - экологиялық білімді меңгеруі және табиғатты жалпыадамзаттық құндылық ретінде сезінуі; - жеке гигиенаның дағдылары мен денсаулық сақтаудың негіздерін меңгеруі; - баламалы өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі түсіну негіздерін сезінуі; - жыныстар арасындағы мінез-құлық пен жыныстардың мәртебелік орны туралы білуі тиіс.
Негізгі орта мектепті бітіруші: • • • - құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетін білуі, жаңа әлеуметтік рөлдерді игере білуі; - әлемдік көзқарастағы проблемаларға, құрбылар ұжымындағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын таныта білуі; - рухани-адамгершілік, азаматтық-елжандылық өмір салты қажеттіліктерінің болуы; - әлеуметтендіру мен өмір сүру нормаларына бағынудың түрлі факторларымен өзара ықпалдасу арқылы мектептен тыс жағдайда әлеуметтік қатынас орната білуі; - құндылық ретінде өзі туралы, өзіндік тұлғасы және басқа адамның тұлғасы туралы ұсыныстар жүйесін игере білуі; - өзін-өзі таныту және өзін-өзі анықтау мақсатында қызметтің түрлеріне қатысу қажеттілігін сезінуі. - оқытудың болашақ бейіні мен кәсіби қызмет саласын таңдаудың мәнін түсінуі; - ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын игеру қажеттілігінің болуы; - қоршаған ортаның жай-күйі мен қызметтің барлық түрлеріне үнемі қамқорлық жасаудың қажеттілігі үшін моральдық жауапкершілігін сезінуі; - денсаулықты құндылық ретінде түсiнуі. - жыныстық мінез-құлықтарының, жыныстық күтулердің кешенді стереотиптері туралы білімді меңгеруі тиіс.
Жалпы орта мектепті бітіруші: • • • - оқудың, мектеп өмірінің мәнін болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде түсінуі; - қоршаған ортаның шынайылығына деген көзқарастар мен сенімділік жүйесі ретінде біртұтас дүниетанымының болуы; - өзінің және басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын білуі; - түрлі жастағы биресми ұжымдар мен жастарға тән қосалқы мәдениет нормаларына бағынатын топтардағы қарым-қатынасқа дайын болуы; - өзінің даралығын сезінуі және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі іске асыруға, өмірлік жоспарларды қалыптастыруға дайын болуы; - өзін әлем азаматы екенін сезінуі, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын игеруі; - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке, сондай-ақ акцияларға, жиындарға және қоғамдық-саяси сипаттағы қозғалыстарға қатыса білуі; - салауатты өмір салтына дайын болуы тиіс және беделді қажеттіліктердің болуы; - өзін белгілі бір жыныстың өкілі, болашақ отбасы иесі ретінде сезінуі тиіс. Жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыны табысты әлеуметтендіруге жалпы орта білім берудің әрбір сатысында оқушының кезеңімен игеретін негізгі құзыреттерді олармен бірлікте, өзара байланыста және дамуда игеруге ықпал етеді.
БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ РЕТІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР • • • 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған. Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары: - проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент); - ақпараттық құзыреттілік; - коммуникативтік құзыреттілік. Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент): - әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға; - өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға (яғни, барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу); - өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға; - өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға; - барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық құзыреттілік: • - сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; • - өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға; • - өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; • - логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге; • - қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзыреттілік: • - нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; • - стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және қолдануға; • - әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; • - өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға; • - жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. • Жалпы орта білім берудің үш сатысына сәйкес құзыреттіліктерді меңгерудің үш деңгейі айқындалады. • Оқушы әрбір білім беру деңгейін аяқтағаннан кейін енгізілген негізгі құзыреттіліктерді құрайтын, қызметтер түрлерінің ең аз көлемін игергенін көрсетуі тиіс.
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ • Жалпы орта білім берудің мазмұнының құрамы мен құрылымы 7 білім беру саласы негізінде анықталады: • • Тіл және әдебиет Математика және информатика Жаратылыстану Адам және қоғам Өнер Технология Дене тәрбиесі
Жалпы орта білім беру • • • Жоғарғы мектепте әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша оқушылардың талап-тілектері, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес бейіндік оқыту іске асырылады. Базалық және бейіндік пәндердің мазмұны оқушыларға мынадай деңгейлерде оқу үшін ұсынылады: базалық орта жалпы білім беру мазмұнының базалық (жалпы білім беретін) деңгейіне сәйкес барлық оқушылардың меңгеруі үшін міндетті. бейіндік - бейіндік оқытудың белгілі бағытын таңдаған оқушылардың меңгеруі үшін арналған міндетті. мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде бағдарламаларының мазмұны жалпы орта білім беру мазмұнынан бейіндік деңгейін көлемі мен күрделілік деңгейі бойынша жоғарырақ, модульдер түрінде ұсынылған оқушылардың барлығының игеруі үшін міндетті емес деңгей. Бұл деңгей бейіндік пәндер бойынша дайындығын теориялық жағынан тереңдете түсемін және соған сәйкес жоғары және орта кәсіптік оқу орында оқуда қолдануға арналған несиеге қол жеткіземін деген оқушылармен таңдалады. Бейіндік мектептің БОЖ базалық және бейіндік компоненттерден тұратын инварианттық, вариативтік және компоненттерден тұрады.
Инварианттық компонент Базалық компонент • Инварианттық бөліктің базалық компоненті тұтас білім беру кеңістігін қамтамасыз етеді және базалық (жалпы білім беру) деңгейде оқытудың барлық бейіндері мен бағыттары үшін міндетті пәндерін оқытуды көздейді. • Барлық бағыттарда оқытылуы міндетті пәндер: Ана тілі мен әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті /Орыс тілі мен әдебиеті, Шет тілі, Математика, Информатика, Тарих, Қоғамдық білім, Өзін-өзі тану, Жаратылыстану, Дене шынықтыру, Өмiр қауiпсiздiгi мен дағдылар негiздерi. • Егер пән бейіндік немесе мамандандырылған (тереңдетілген) деңгей бағдарламалары бойынша оқытылатын болса, онда ол пән базалық деңгейде оқытылмайды.
Бейіндік компонент • Бейіндік компоненттің шеңберінде мектепке оқушылардың қызығушылығы мен қажеттілігіне орай сағаттарды бөлу мүмкіндігі беріледі. • Бейіндік оқу пәндері типтік оқу жоспарларында көрсетілген әрбір бағыт пен бейіннің мамандануын анықтайды. • Әрбір бағытта оқушылардың бейіндік деңгейде оқитын пәндерінің саны 4 -тен кем болмауы тиіс. • Жалпы орта білім берудің жоғары деңгейінде кредиттік технология элементтерін енгізу пәндерді мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде оқытуды көздейді. • Осыған орай, жекелеген бейіндік пәндер бойынша несие алып, оны жоғары оқу орында оқу барысында қолданғысы келетін оқушылар таңдалатын 4 бейіндік пәннің 1 -2 пән бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде оқи алады.
Вариативтік компонент • Бейіндік оқыту мазмұнының вариативтік компонентi оқушылардың таңдауы бойынша элективті курстар мен «Зерттеу және шығармашылық ісәрекет негіздері» қолданбалы арнайы курсын қамтиды
Элективтік курстар: • бейіндік пәнді (тереңдете оқыту) оқыту үшін бөлінетін сағаттарды ұлғайту үшін; • бейіндік пән мазмұнын байыту үшін (нақты бір пәннің міндетті бағдарламасының аясынан шығатын жекелеген бөлімдерді зерделеу); • кәсіпалды дайындық үшін (пропедевтикалық деңгейде таңдалған бағыттарға сәйкес келетін арнайы курстарды, әлеуметтік және оқу-өндірістік тәжірибелерді оқыту); • оқушылардың талап-тілектері бойынша Базистік оқу жоспарына кірмейтін қосымша пәндерді оқыту үшін пайдаланылады. • Элективтік курстар қысқа мерзімді болып табылады.
Жеке компонент • Тұлғаға бағдарланған компонент сағаттары есебінен өзіндік жобалау-зерттеу қызметтері іске асырылады. • Бейіндік мектептің оқу жоспарына сәйкес оқушының жеке білім алу траекториясы қалыптасады. Ол таңдалған оқыту бағытына сәйкес мыналарды оқыту қажет: • базалық міндетті пәндер; • таңдауы бойынша 4 -тен кем емес бейіндік пән; • таңдауы бойынша 3 элективтік курс; • «Зерттеу және шығармашылық іс-әрекет негіздері» арнаулы курсының модулі. • 11 -12 -сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің сомасы рұқсат болатын жүктеменің 36 сағатынан аспауы керек
Оқыту процесін ұйымдастыру негізінде мынадай тәсілдер жатыр: • • - тұлғаға бағдарланған; - іс-әрекеттік; - құзыреттілік; - денсаулық сақтау
Тұлғаға бағдарланған тәсіл • Тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының әлеуметтік мүмкіндіктерінің дамуы мен есебіне бағытталған. • Оқытудағы тұлғаға бағдарланған бағыттылық вариативтік және сараланған бағдарламаларды, оқу және оқудан тыс ісәрекетті ұйымдастырудың, оқушылардың жеке білім траекторияларын құру мәселелерін шешудің түрлі нысандарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі
Іс-әрекеттік тәсіл • Іс-әрекеттік тәсіл оқушының дербес өнімді іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттері неғұрлым толық көрсету мен дамытуға бағытталған.
Құзыреттілік тәсілі • Құзыреттілік тәсілі оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
Денсаулық сақтау тәсілі • Денсаулық сақтау тәсілі жеке және ұлттық құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. • Бұл тәсіл төңірегінде білім беру процесін ұйымдастыруда психикалық және дене бітімі жағынан дені сау тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау заттықкеңістіктік орта құрылады.
Білім беру процесін ұйымдастыруда мынадай қағидаттар сақталуы тиіс: • - білім берудің құзыреттілікті - білімдік-бағдарлы нәтижелерін қолдайтын білім беру салалары мазмұнының тепе-теңдігі; оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларынан құзыреттіліктібағдарлы тапсырмаларды орындауға 25%-дан кем емес оқу уақыты бөлінеді; • - оқушылардың өнімді және репродуктивті іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі; оқушылардың өзіндік жұмыстарын (оның ішінде ақпараттық технологияларды) ұйымдастыруға бастауыш мектепте - 20%, негізгі орта мектепте - 35% және жоғарғы, бейіндік мектепте - 50% кем емес оқу уақыты бөлінеді; • - ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, оларды оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, оның ішінде жобалау және зерттеу қызметтерін ұйымдастыру арқылы енгізу; • - оқушылардың өзіндік белсенді оқу іс-әрекетін, оқу материалын блоктық-модульдік құрылымдау және т. б. қамтитын оқытудың әдістері мен нысандарын, инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану және дамыту.
Сабақ ұзақтығы • • 1 -сыныпта – 35 минут; 2 -сыныпта – 35 минут; 3 -5 -сыныптарда – 40 минут; 6 -12 -сыныптарда – 45 минут
Оқу тоқсанының ұзақтығы – 8 апта: • 1 -тоқсан – 1 қыркүйек пен 29 қазан аралығы; • 2 -тоқсан – 6 қараша мен 31 желтоқсан аралығы; • 3 -тоқсан – 15 қаңтар мен 14 наурыз аралығы; • 4 -тоқсан – 30 наурыз бен 31 мамыр аралығы.
Демалыс уақытының бөлінуі: • 1 -тоқсаннан кейін – 1 апта; • 2 -тоқсаннан кейін – 2 апта; • 3 -тоқсаннан кейін – 2 апта.
Жазғы уақыттағы демалыс күндерінің ұзақтығы: • 1 -4 -сыныптарда – 1 маусым мен 31 тамыз аралығы; • 5 -сыныпта – 10 маусым мен 31 тамыз аралығы; • 6 -9 -сыныптарда – 15 маусым мен 31 тамыз аралығы; • 10 -11 сыныптарда – 20 маусым мен 31 тамыз аралығы.
БАҒА • БАҒА - бағалау процесі нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі.
БАҒАЛАУ • БАҒАЛАУ - бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс-әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процесі
БЕЙІНДІК ОҚЫТУ • БЕЙІНДІК ОҚЫТУ - білім беру процесінің мазмұнындағы, құрылымындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы
БЕЙІНДІК ПӘН • БЕЙІНДІК ПӘН - жалпы орта білім берудің жоғарғы (бейіндік) мектебінде бейіндік оқытудың әрбір бағытының мазмұнын анықтайтын оқу пәні
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ • БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ - білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын және нәтижелер өзгерісі серпіні мен жай-күйін жүйелі бақылау, талдау, бағалау және болжау.
ДИАГНОСТИКА • ДИАГНОСТИКА - оқу процесінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады.
ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ • ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ - тұлғаның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін, оқушылардың дүниетанымын меншік нысандары, типтері мен түрлеріне тәуелсіз жалпы орта білім беретін барлық ұйымдарда оқытылуы міндетті білім беру мазмұны. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің одан арғы деңгейлерінде білімін жалғастыруға негіз болып табылады.
ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ОРТА • ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ОРТА - білім беру процесін жүзеге асырудың ақпараттық және байланыс ресурстарының, техникалық құралдарының және материалдық жағдайларының (сыныпты безендіру, сыныптағы парталарды орналастыру реті, сабақтарға арналған ғимараттарды орналастыру және т. б. ) жиынтығы.
КІРІКТІРІЛГЕН КУРС • КІРІКТІРІЛГЕН КУРС - бір оқу пәнінің аралық тақырыптық блоктарының негізгі мазмұнын немесе бір білім беру саласының түрлі пәндерінің өзара сәйкес келетін тақырыптық блоктарының мазмұнын өзіне біріктіретін пәндік курс.
ҚҰЗЫРЕТ • ҚҰЗЫРЕТ - қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты ісәрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК • ҚҰЗЫРЕТТІЛІК - оқушылардың ісәрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ • МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ - білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге септігін тигізетін, мақсаттар мен міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқыту процесін ұйымдастырудың және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі қағидаттарын, білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік құжат.
ОҚЫТУДЫ САРАЛАУ • ОҚЫТУДЫ САРАЛАУ - тұлғаның жекетипологиялық ерекшеліктері ескерілетін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ • ОҚЫТУ БАҒЫТЫ - белгілі білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытуды ұйымдастыру нысаны
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ • ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.
ӨЛШЕУІШТЕР • ӨЛШЕУІШТЕР - оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын-ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдері
ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ • ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ - жалпы орта білім беру деңгейлері бойынша оқыту тілі мен бағыттарына сәйкес базистік оқу жоспары негізінде әзірленген нормативтік құжат.
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ • ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ - адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне ену және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуды қарастыратын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру процесі (нәтиже).
ЭЛЕКТИВТІК КУРСТАР (ТАҢДАУЫ БОЙЫНША КУРСТАР) • ЭЛЕКТИВТІК КУРСТАР (ТАҢДАУЫ БОЙЫНША КУРСТАР) - мазмұны оқушылардың жеке икемділіктері мен таңдауына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқу курстары, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне септігін тигізеді. Элективтік курстардың жиынтығы (таңдауы бойынша курстар) базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігін құрайды.
12-2_zh.b.b_standarty.ppt