
srs.pptx
- Количество слайдов: 19
Қазақстан Республикасының кеден органдарының қалыптасу тарихы. Орындаған: Қадірбай Ерзат , Едилова Анара
Кеден • Кеден, таможня (түркі тілінде тамға – таңба, белгі сөзінен шыққан) – тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондайақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.
• Қазақстан Республикасының кеден органдары Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс — әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс — әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған.
• Қазақстанда екі кеден округі – Жетісу кеден округі (Алматы және Талдықорған облыстарының аумағында) мен Зайсан кеден округі (Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында) пайда болды. Басқа аймақтарда осыған ұқсас құрылымдар мен кеден бекеттері құрылды, олар шекара арқылы әкелінетін және әкетілетін жүктерді бақылап, рәсімдеді. 1964 жылы жаңа кеден кодексі бекітілді. Онда КСРО аумағында кеден ісін басқару Сыртқы сауда министрлігіне жүктелді. Бірақ бұл жүйені реформалаудың ең түбегейлі кезеңі 1986 жылы басталды, осы жылы Бас кеден басқармасы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік кеден бақылауы басқармасы болып қайта құрылып, оған дербес мемлекттік орган мәртебесі берілді. Алайда, өзгеріс шамалы болды, өйткені бұл жүйені қайта құру үшін заңнамалық база жоқ еді, Кеден жүйесін ішкі және сыртқы саудада нарықтық қатынастарға көшудің пісіп-жетілуі жағдайында халықар. өлшемдер бойынша қажетті стандарттарға дейін одан әрі дамытуға ділгерлік туды.
• 1991 ж. егемендікке қол жеткеннен кейін экономикалық өзгерістердің өзіндік үлгілерін іске асыру және нарыққа көшу бағытын ұстаған Қазақстан Республикасының кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігіне айналды. Тәуелсіз елде жүргізілген сыртқы экон. қызметті ырықтандыру нәтижесінде алуан түрлі мыңдаған кәсіпорындарға, сондай-ақ, жеке тұлғаларға өз өнімімен сыртқы рынокқа тікелей шығу құқығы берілді, мұның өзі тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып өту саласындағы мемл. реттеудің рөлін күрт көтерді. Кеден саясаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамасының негіздері туралы келісімі негізінде 1995 жылы 20 шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылды. Енді бұрынғыдай толып жатқан нұсқаулар мен басқа да одақтық ережелерді емес, бірыңғай заңнамалық құжатты басшылыққа алу мүмкіндігі туды.
• 1991 ж. егемендікке қол жеткеннен кейін экономикалық өзгерістердің өзіндік үлгілерін іске асыру және нарыққа көшу бағытын ұстаған Қазақстан Республикасының кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігіне айналды. Тәуелсіз елде жүргізілген сыртқы экон. қызметті ырықтандыру нәтижесінде алуан түрлі мыңдаған кәсіпорындарға, сондай-ақ, жеке тұлғаларға өз өнімімен сыртқы рынокқа тікелей шығу құқығы берілді, мұның өзі тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып өту саласындағы мемл. реттеудің рөлін күрт көтерді.
• Кеден саясаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамасының негіздері туралы келісімі негізінде 1995 жылы 20 шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылды. Енді бұрынғыдай толып жатқан нұсқаулар мен басқа да одақтық ережелерді емес, бірыңғай заңнамалық құжатты басшылыққа алу мүмкіндігі туды.
• Қазақстан Республикасының кеден аумағы оның құрлықтағы аумағын, аумақтық және ішкі суды, сондай-ақ, оның аспанындағы әуе кеңістігін қамтиды. Ал кеден шекарасы – республика аумағының шектері, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар. Заңнамаға сәйкес шекарада құжаттарды тиісінше рәсімдейтін Кеден бақылауы Кеден органдарына жүктелген. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарының шекарадан кесіп өтуі кезінде өткізілетін тауарлар туралы негізделген шешімдерді қабылдау үшін барлық қажетті ақпаратты бір жерде жинауға, олар туралы құжатта бар мәліметтерді нақты деректермен салыстыруға, деректердің осы екі түрі арасындағы кездейсоқ немесе әдейі жасалған сәйкессіздікті табуға, қателіктерді түзетуге және мемлекетке келтірілетін ықтимал зиянды болдырмауға, заң мен кеден ережелерінің бұзылуының себептері мен жағдайларын анықтап жоюға, оларға қатысты адамдарды анықтау шараларын қолдануға, бұл бұрмалаушылықтардың заңи бағасын беруге тиіс. Халықаралық қатынастар үшін ашылған әуежайлар мен кемежайларда, темір жол ст-ларында кеден шекарасы арқылы өткізілетін немесе автомобиль қатынасы бар жерлердегі өтуге рұқсат етілетін бекеттерде мемл. шекара арқылы өткізілетін тауарларды уақытша сақтайтын қоймалардың болуы міндетті. 2000 жылы 1 қаңтарда 94 осындай уақытша сақтау қоймасы және 22 кеден қоймасы құрылып, жұмыс істеді.
• 1992 жылға дейін Қазақстанның тек ҚХР-мен екі арадағы шекарасына ғана күзет қойылған-ды, онда тек “Хоргос”, “Бақты” және “Достық” өткізу бекеттері ғана жұмыс істеді. Қазіргі кезде республиканың кеден органдары халықаралық мәндегі 14, республикалық мәндегі 73 автомобиль жолын, 17 темір жолы магистралін, 13 кемежайды бақылайды, оларда жұмыс істейтін өткізу бекеттерінің саны: 121 автомобиль, 28 темір жолы, 12 әуежолы бекеті және Ақтау теңіз кемежайы.
• Қазір Қазақстанның шектес мемлекеттермен арадағы кеден шекарасының ұзындығы 14 мың км, соның ішінде: Ресей Федерациясымен – 6497 км, Өзбекстанмен – 2300 км, Түрікменстанмен – 380 км, Қырғызстанмен – 980 км, Қытаймен 1460 км, Каспий теңізі бойынша – 600 км. Мұндай жағдайда көршілес мемлекеттермен сауда-экон. қатынастарды дамыту үшін өткізу бекеттерін құрып, оларға тиісінше халықар. және екі жақтылық мәртебе беру қажеттігі туды. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай бекеттерді салып, бекітуге, сондай-ақ, оларды техникалық жағынан жарақтандыруға бағытталған бірқатар қаулылар қабылдады. Мыс. , ҚХР-мен шекарадағы “Бақты” бекетіне 1992 жылы халықаралық мәртебе берілді. 1998 – 99 ж. бүкіл кеден шекарасы бойында 105 бақылау-өткізу бекеті іске қосылды. Шекара маңындағы 4 кеден бекеті халықаралық стандарттарға жеткізілді, олар: “Жібек жолы” (Өзбекстанмен шекара), “Каерак” (Ресеймен шекара), “Бақты” (ҚХР-мен шекара), “Қордай” (Қырғызстанмен шекара). Бұл бекеттерде кеден ресімдемесінің оңайлатылған тәртібі енгізілді.
• Халықаралық өткел бекеттер мен кеден күзеттерін дамыту және оларды барлық керекжарақтармен қамтамасыз ету республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылыққа тиімді бірігуіне, ел көлігінің мүмкіндігін дамытуға, мемлекеттің кірісін молайтуға, кеден бақылауының тиімділігі мен сапасын жақсартуға, құжаттардың ресімделуін жеделдетуге, сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ, тасымалдаушылардың арнаулы қажеттерін қанағаттандыруға септігін тигізеді.
• Қазақстанның кеден қызметі халықаралық кеден ұйымдарымен өзінің байланысын жылдан-жылға ұлғайтуда. 1992 жылы маусымда Қазақстан Кедендік ынтымақтастық кеңесіне (Дүниежүзілік кеден ұйымы) кірді. Мұның өзі импортэкспорт операцияларын халықар. стандарттарға сәйкес ресімдеу тәртібін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қытай, Әзірбайжан, Моңғолия және Өзбекстанның кеден органдарымен ынтмақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды, Еуропалық одаққа мүше 15 елдің кеден қызметін біріктіретін Еурокеденмен тығыз ынтымақтастық орнатылды.
• Кеден одағына кірген елдердің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) мемлекет басшыларының 2000 жылы қазанда өткен кеңесінде осы одақтың негізінде жаңа халықаралық ұйымның – Еуразия экономикалық қоғамдастығының құрылуы кеден ісін дамытуға жаңа серпін берді. Бұл қоғамдастық “бестік” шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістік құру, экономикалық саясатты үйлестіруде, соның ішінде микроэкономикада, валюта-қаржы және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық түрлерін айтарлықтай кеңейту мақсатын көздейді. Осы кеңесте келісілген сауда-тарифтік және әлеуметтікэкономикалық саясат мәселелері бойынша құжаттар да талқыланды, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің экономикасындағы құрылымдық жаңғыртуларды үйлестіру жөнінде 2005 жылға дейін тындырылатын нақты істер межеленді, сондай-ақ, салық заңнамаларын жуықтату жөніндегі практикалық іс-қимылдардың жобасы да бекітілді. Бұл қадамдар кеден одағына бірігудің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі үшін жақсы негіз болмақ.
Назарларыңызға рахмет!
srs.pptx