bokushbaeva_diplomdy_1179_zh_1201_mys.pptx
- Количество слайдов: 19
Қазақстан Республикасының ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 17 қаңтар 2014 жылғы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауында «Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – Қазақстан экономика мен өз мемлекеттілігінің берік ірге тасын құра отырып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуда. Бүгінде экономика мен өз мемлекетіміздің берік ірге тасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық деген болатын [1].
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы – қазақстандық кәсіпорындарды халықаралық қоғамдастыққа интеграциялануына бағытталған құрамды, кешенді процесс. Бұл интеграцияның негізгі элементтерінің бірі – қазақстандық кәсіпорынға шетелдік серіктестіктердің сенімділігін арттыру болып табылады. Сондықтан тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де түсінікті болып келетін және сенім туғызатын қаржылық есептілікке қазақстандық кәсіпорындардың да өтуі жүргізіліп жатқан реформаның маңызды элементі болып табылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды және аудиттің қазіргі тәжірибесін зерделеу негізінде оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: материалдардық қорлардың өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау; материалдардық қорларды өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау; дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар кұнын әр объектінің шығынына қосу; материалдық қорлардың қозғалысы есебінің дұрыс ұйымдастырылуын көрсету; өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген материалдық қорларды есептеу тәсілі мен әдістерін талдау мен зерттеу; кәсіпорындар мен ұйымдарда материалды - өндірістік қорларды қозғалысын материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылдану.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі болып ЖШС “Ерма Тур” алынды. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні жұмыстың теориялық бөлімі кәсіпорынның материалды - өндірістік қорларының қалыптасуы мен аудитін және оларды оңтайландыру бойынша талдауды ашуға негізделген.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылдың 28 -ші ақпанындағы № 234 -ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік беру жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, отандық В. К. Радостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Родаставец, О. И. Шмидт, Э. О. Нурсеитов, А. Қ. Шарипов, С. К. Байдыбекованың және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.
Дипломдық зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі нәтижелерден көрініс тапты: нарықтық экономика жағдайында материалды - өндірістік қорлардың бағалау әдістері мен бухгалтерлік есебінің теориялық негіздерін, маңызы мен жіктелуін ХҚЕС-на сәйкес өзгерістерге байланысты талдаған; кәсіпорынның материалды - өндірістік қорларына талдаулар жасап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындаған; материалды - өндірістік қорларды есепке алудың және пайдаланудың аудиті нақты бір ұйым мсалында мазмұны мен құрылымына зерттеулер жүргізген; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін көтеру факторларына зерттеулер жүргізген.
Кәсіпорындағы материалдық қорлардың есебі № 2 «Материалдық қорлардың есебі» ХҚЕС-на сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар белгіленген: Ø стандарт әрекетінің аясы. Ø материалдық қорлардың өлшемдері. Ø материалдық қорлардың өзіндік құны. Ø материалдық қорларды бағалау. Ø шығысты тану. Ø есеп берудің ашылуы.
1 кесте Дайын өнімді, шикізатты және материалдарды өңдеу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы /с Р Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит 1 Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен шығару 7210 1310, 1315 2 Басқа ұйымға әрі қарай жөндеуге берілген 1316 1310, 1315 3 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөңдеуден алынған материалдарына 1310, 1315 1316 4 Жөндеуден алынған материалдар үшін есептелінген сома 1310, 1315 3310, 3390 5 Сатылған, есептен шығарылған материалдық қорлардың нақты өзіндік құны 7450 1310, 1315 6 Түгендеу барысында жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық кем шыққан материалдарға жауапты адам табылмаған жағдайда 7210 1310, 1315
2 кесте Алынған материалдар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясы Р/с Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит 1 Материалдық қорлар жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға аванс берілген 1610 1040 2 Жабдықтаушыдан шикізат және материалдар алынды Тасымалдау шығыстары өтелді 1310 3390 1040 4 Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары берілген авансы есептелді 3310 1610 5 Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есептен шығарылды 7450 1310 6 Жабдықтаушыдан сатып алынған жартылай фабрикаттар алынды 1311 3310 3
3 кесте Материалдық қорлар келіп түскен кезде шоттар корреспонденциясы Р/с Шаруашылық операциялардың мазмұны Дебет Кредит 1 Шикізат және материалдарды қайта өңдегені үшін тапсырыс беруші кәсіпорыннан шот төлемдері келіп түсті 1030 1210 2 Өнімді өңдегені үшін тапсырыс берушіге шот ұсынылды: - келісім шарттың құнына - ҚҚС сомасы 1210 6010 3130 3 Қосымша құнға салынатын салық бюджетке төленді 3130 1030 1310, 1330 3130 3310 1330 3310 1030 1210 3390 4 5 6 Тапсырыс берген кәсіпорыннан: - алынған қорлардың құнына - ҚҚС сомасы Қайта өңдеуден алынған дайын өнім кіріске алынды: - тауар құнына Сатып алушылар төледі: - материалдардың құнын - ыдыстың кепілдік бағасын
2010 -2012 жылдар аралығындағы қорлар қозғалысының көрсеткіштері: Көрсеткішт ер 2010 2011 2012 Ауытқу 2012 2010 2011 Материалдар мен шикізаттар 84394, 2 88848, 9 75475 +8919, 2 +13373, 9 Аяқталмаған өндіріс Дайын өнімдер - - - 13482, 4 7598, 3 13100 +382, 4 -5501, 7 - - - - - 96447, 2 88575 +9301, 6 +7872, 2 Шығындар Алдағы кезең шығындары Барлығы - 97876, 6
1 диаграмма. 2010 -2012 жылдар аралығындағы қорлар қозғалысының көрсеткіштерін талдау:
2 диаграмма. 2010 жылды 2012 жылмен салыстыру көрсеткіштерін талдау Ескерту - ЖШС «Ерма Тур» мекемесінің бухгалтерлік балансынан алынған
ҚОРЫТЫНДЫ Дипломдық жұмысын қорыта келгенде, материалды - өндірістік қорлар есебі бойынша жүргізілген зерттеулер келесі қорытындыны жасауға мүмкіндік береді: 1. Кәсіпорынның едәуір маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылатынын байқадым. Материалды - өндірістік қорларды есепке алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі кезеңдерде тиісті түсім танылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың көлемін айқындау болып табылады. 2. Халықаралық қаржылық есеп стандарты жағдайында кәсіпорын материалдық өндірістік қорларды қайта бағалауға және оларды ұлттық қаржылық есеп стандартына көшу күніндегі баланста нарықтық құн бойынша көрсетуге, ал айырмашылықты тікелей бөлінбеген пайдада халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес көрсетуге тиіс.
3. Кейін есеп берілетін әрбір күнде субъект халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес материалды- өндірістік қорлардың құнсыздануына байланысты оларды қайта бағалауға тиіс. 4. Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес субъект қорлардағы шығындардың қаншалықты өтелетінін анықтауға тиіс. Материалдық қорлардың бабы құнсызданған жағдайда, аталған тармақтар кәсіпорынға қорларды сату бағасы бойынша өлшеуге, аяқтау мен өткізуге жұмсалатын шығыстарды шегере өлшеуге және құнсызданудан келетін залалды мойындауға тиіс.
5. Егер бұрын материалдық қорлардың құнсыздануын туғызған жағдайлар ендігі жерде жоқ болса немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруі салдарынан құнсыздануға жұмсалған шығыстар шегерілген сату бағасының өсуі айқын болса, кәсіпорын құнсыздану сомасын жаңа баланстық құн екі шаманың: аяқтау мен өткізуге жұмсалатын шығыстар шегерілген өзіндік құнның және қайта қаралған сату бағасының ең төменгісі болатындай етіп өзгертуге тиіс, яғни өзгертілетін сома құнсызданудан келетін бастапқы залал сомасымен шектеледі. 6. ЖШС «Ерма Тур» мекемесінің үш жылғы талдауынан қорлардың жылдан-жылға артқанын көреміз. Жалпы алғанда 2010 -2012 жылдар аралығындағы материалдық қорлар қозғалысының көрсеткіштері өсу жағына қарай өзгерісте болғанын көруге болады, яғни бұл ЖШС «Ерма Тур» рентабельді кәсіпорын екендігін көрсетеді.
bokushbaeva_diplomdy_1179_zh_1201_mys.pptx