Khalieva_N_103OMF.ppt
- Количество слайдов: 14
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі Семей мемлекеттік мелициналық университеті Қазақ тілі және латын тілдер кафедрасы СӨЖ Тақырып: Қазақ театры Орындаған: Халиева Н. Т. 103 топ ЖМФ Тексерген: Кулуспаева С. Б Семей қ. 2014 ж.
МАЗМҰНЫ v Кіріспе 1. Қазақ театр өнерінің тарихы 2. Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры v Қорытынды v Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ • Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіпөркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өміртұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ойсананың негізгі бір формасы болып табылады.
• ҚАЗАҚ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.
v 1917 жылы М. Әуезов «Еңлік. Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді.
• 1918 -1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж. Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М. Дулатовтың, Е. Ерденовтің, К. Кемеңгеровтің, Б. Майлиннің, С. Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.
vҚазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж. Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров, И. Байзақов, Қ. Жандарбеков, Ә. Қашаубаев, Қ. Мұңайтпасов, Ғ. Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды. Жұмат Шанин
v 60 -шы-90 -шы жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина ролінде Х. Бөкеева ойнаған А. Островскийдің «Грозасы» , Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х. Бөкеева мен Ш. Айманов ойнаған В. Шекспирдің «Асауға тұсауы» , Ф. Шәріпова және Ы. Ноғайбаев ойнаған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» ерекше орын алады.
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫ-ДРАМА ТЕАТРЫ • «Ес-аймақ» қоғамы ұйымдастырған жартылай кәсіби драма труппасы негізінде 1920 жылы құрылды. Труппаның ұйымдастырушылары М. Әуезов пен Қ. Сәтбаев және режиссер Ғ. Төребаев бастаған зиялылар өкілдері мен студент-жастар болды. Театр өз шымылдығын 1934 жылы 6 маусымда І. Жансүгіровтың «Кек» қойылымымен ашқан.
v Семей театрын ұйымдастырып, труппа құрамын қалыптастыруға көмек көрсетіп, басшылық еткен қазақ көркемөнерінің белгілі қайраткері – Жұмат Шанин. Алғашқы кезде труппаның құрамы 20 адамнан құралған болатын. Театрдың директоры мен бас режиссері Ғалиақпар Төребаев болған. Театрдың музыкалық бөлімін композитор Л. Хамиди басқарған. Латыф Хәмиди
• 1945 жылы театрға А. Құнанбаевтың есімі берілді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббат» және «Бір семья» , И. О. Дунаевскийдің «Еркін жел» , Л. А. Юхвидтің «Ғажайып өлке» сияқты шығармалары репертуарға қосылды. 60 жылдардың ортасынан бастап қазіргі заман тақырыбындағы пьесалар қойыла бастады. 1977 жылдан драма театры музыкалы драма театры болып қайта құрылып өзінің шығармашылық кезеңін бастады. Абай Құнанбаев
• Театр 1984 жылы өзінің 50 жылдығын, 2004 жылы 70 жылдық мерейтойын атап өтті. 1984 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталды.
ҚОРЫТЫНДЫ v Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнердің бір түрі-театр өнері. Театр қойылымдардың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері көрсетіледі. Театр өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Біз, жас көрермендер, театр қойылымдардан өмірлік сабақ алуымыз керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ v Құл-Мұхамед М. Семей театры ерледі: (Мәдениет министрі семейліктерді халықаралық фестивальдан табыспен оралуымен құттықтап хат жолдады)// Семей таңы. – 2002. – 18 қазан. – Б. 2. v Мұхамедова Р. Мысыр елінен табыспен оралды//Семей таңы. – 2002. – 27 қыркүйек. – Б. 10. v Тоқпатаев У. Заман үні: (Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драм театрының директоры С. Мыржықбаевпен сұхбат)// Дидар. -2000. -15 сәуір.
Khalieva_N_103OMF.ppt