Жуканова А.pptx
- Количество слайдов: 25
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Семей Медицина университеті ИӨЖ Тақырыбы: “Көздің жарақаттарын алдын алу” Орындаған: Жуканова А. С 616 топ ЖТД Тексерген: Шакенова Н. С
Көз жарақаттары соңғы 10 жылдықта төмендесе де, металлургиялық және машина өндіру салаларында өте жиі кездеседі. Мысалы, транспорттық машина жасаушы цехта 2001 -2005 ж. аралығында көз жарақтаттары 8, 5 %. құраса, ал автомобиль зауытында ол 3 % құрайды.
Көру мүшесінің зақымдануларының алдын алу, көз алмасының бітеу жарасы(контузиясы) мен өтіп жараққаттануда және де көздің күюінде жарақат құбылысын зерттеу офтальмологияның маңызды проблемалары болып саналады. Кез келген жарақат көз үшін күшті қатер туғызады.
Профилактикалық әдістерді жүргізу үшін алдымен әр түрлі жұмыс кезінде болатын оның себебі мен мінезін білу керек. Металлист-токарь, слесарь, трактористтердің көбіне себебі болып металдық бөліктермен көздің жаралануы болып табылады. Оларда беткей жарақаттар , қасаң қабыққа бөгде дененің енуі, күйікке әкелетін жаралар болуы мүмкін. Көмірмен, таулы жерде істейтін адамдарда көздеріне тастар, көмір түсуі салдарынан жарақаттар болуы мүмкін.
Науқасқа ауыр жараны көздің кішкене жарақаттары әкелуі мүмкін, өйткені ол инфицирленіп, іріңдеуі мүмкін. Ол ары ғарай қасаң қабықтың жарасына әкеледі, оларды стрептококк, стафилококк және т. б микробтар шақырады. Әсіресе көк іріңді таяқша емге қиын көнеді. Ауыр жұмыс істейтін адамдарда көз жарақатының алдын алу алдымен жалпы сақтық шарасын сақтау болып табылады.
Бейбітшілік уақытындағы көз жарақаты тұрмыстық, өндірістік деп бөлінеді. Өндірістік - бұл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық, көліктік, спроттық, металлургиялық және металл өндіруші өндіріс жұмыскерлерінде жиі кездеседі. Сондай - ақ көмір, химия, текстильді, орман өндірістегі көз жарақаттары елеулуі орынға ие.
Өндірістік жарақаттар метелургия және металл өңдеу өндірісінің жұмыскерлерінде байқалады. Сондай – ақ көмір, химия, текстильді орман өндірісіндегі көз жарақаттары үлкен маңызы бар.
Тұрмыстық жарақаттар § негізінен бұлар жеңіл алмашыққа шөгірдің түсуінен болады. Ауыр жарақаттардың көбісі қатты заттардың тиюінен болады (таяқпен, жұдырықпен, бөтелкемен, бұтақпен). §
Рациональді өндіріс, жарық, вентиляіия, еңбекті дұрыс ұйымдастыру- осының барлығы өндірістік жарақаттың алдын алуға кіреді. Технологиялық процесттерді автоматтандыру да, адам еңбегін жіңілдетіп көз жарақаттардың да алдын алуға көмектеседі. Жұмыс орнын сапалы жарықтандыру адамның жұмысқа қабілетін жақсартып, көз ауруларының алдын алады. Сонымен қатар ауаны тазартып отыратын вентиляция да жақсы болу қажет, себебі таза ауа конъюктиваның ауруларының алдын алады. Өндірісте көздің химиялық күйіктерінен сақтану үшін сұйықтықтарды шығаратынарнайы механизация мен герметизация болуы қажет. Яғни химикаттарды айдап шығару үшін трубопроводтврдың, шланг, крандардың , насостардың бүтін болуы маңызды болып табылады.
Құрылыс жұмыстарында қолданатын орындарды ақтауға арналған гидропульталармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек, сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыстарда қолданылатын ізбес, гербицидтер, дезинфекцияға арналған заттар көз травмаларының себебі болуы мүмкін. Көз травмаларының алдын алу үшін жаңадан келген жұмысшыны жұмыстағы қауіпсіздік техникасымен таныстырғаннан кейін ғана оны жұмыс орныны отырғызу қажет.
Тұрмыстық көз жарақаттардың алдын алу өндірістік жарақаттардығ профилактикасынан қараған анағұрлым күрделі болып табылады, себебі тұрмыстық жарақтаттарды адамдар алкогольді масаю кезінде, төбелес кезінде, отбасындағы ұрыс- жанжал кесірінен, көшедегі бұзақылық нәтижесінде немесе үйде жұмыс жасап жүріп абайсызда көзін жарақаттап алуы мүмкін. Сондықтан да олардың алдын алу үшін үйде жұмыс жасағанда арнайы қорғаныс көзілдіріктер, маскалар тағу қажет. Тұрмыстық травмалар тұрмыстық химия, химикаттармен дұрыс жұмыс жасамаудан да болады. Оларды қолданбас бұрын қолдану инструкциясын мұқият оқып шығып қана қолдану керек.
Біздің елде спорт саласы жақсы дамығандықтан ең жиі кездесетін спорттық травмалардың да профилактикасы жайлы айта кетпекпін. Кейде спортқа көзінің көру қабілеті төмендеген адамдар да қатысады немесе спорттық жарыстар жарықтығы нашар жерде өткізіледі, ойындар кезде арнайы қорғаныс көзілдіріктері, маскалары болмайды. Міне, осының барлығы спорттық жарақаттарды тудырады. Мысалы шаңғышылардың көздерінің үсіп кетуін алдын алу үшін спорттық базалар желсіз ауа райында 25 С немесе жел болған жағдайда 20 Стан кем болса онда олар өз жұмысын тоқтады. Жүгіру сияқты жарыстарға қасаң қабықтың сезімталдығы төмен адамдарды қатыстырмайды.
Көзді зақымдаудан қорғау әдістерін 2 топқа бөледі: индивидуальді қорғаныс шаралары және көзді коллективті түрде қорғау. Бірінші топқа қорғаныс көзілдіріктері, маскалар кіреді. Ал екінші топқа шаң, қалдықтар шығатын орындарда арнайы көзді қорғайтын құрылғыларды қою жатады. Осы мақсатта жұмыс орындарынани шаңтозаңды сорып алатын вентиляцияларға вытяжкалар орнатады. Олар станоктарда орнатылады.
Бұны тек медицина қызметкері жасауы қажет. Егерде бөтен зат алмашықты зақымдайтын болса, көзден айырулуы да мүмкін. Көздің ауыр жарақаттануы кезінде арнайы білікті көмектін уақытында көрсетілуінің үлкен маңызы бар. Дәрігерлік көмек тым кеш болса, көздегі инфекция тез дамып, солып кетуі мүмкін. Алмашықтан шөңгірді алуға болмайтынын есте сақтаңыз!
Балалардағы көздің жарақаттануы таяқ, пышақ, шанышқы, тас, шыны, доптан басталады.
Балалардағы көз жарақтаттарын алдын алу шаралары медициналық жұмысшылармен, педагогтармен, атааналармен және жалпы қоғаммен бірге жүргізілуі керек. Балалардағы көз жарақатының ең маңызды профилактикасына олардың жалпы режимін бақылай отырып дұрыс ұйымдастыру. Балалардың ойындарын тез әрі қызықты түрде қауіпсіз ете отыру қажет, яғни балалардан рогатканы, таяқшаларды, бомбочка сияқты қауіпті заттарды байқасаңыз тартып алу керек. Оларға ондай ойындардың соқырлыққа алып келетіні ескерту керек. Жалпы балалардағы көз жарақаттарының алдын алу ата-аналарға жүктеледі. Балалардағы көздің жарақаттары мен олардың алдын алу туралы мәліметтерді мектептегі ата-аналар жиналысында, спорттық алаңдарда, кино, радио, телевидениеден көрсетіп, газет-журналдарда жазып отыру керек. Егер травма бола қалған жағдайда травманың түрііне қарамастан баланы тез арада ауруханаға апару керек.
Қорытынды бөлім Қорта келгенде көз жарақатарының алдын алу үшін, қауыпсіздік ережелерін толығымен орындау керек. Балалар арасында ойын ойнау барысында өздеріне абай болыуды , ойының қауыпты түрлерімен ойнамауды нақтылы мысалдар нарқылы түсіндіру керек. Жарақат алған жағдайда біріншілік көмекті дүрыс үймдастыру керек. Осылай жасау арқыл соқырлықтын алдын алуға және оны азайтуға болады.
Е. Е. Мосов “Офтальмолгия” 2004 г В. Г. Коплева “офтальмология” 2001 г Интернет материалы Пайдаланған әдебиеттер
Жуканова А.pptx