Сабит.ppt
- Количество слайдов: 20
* Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі. Семей Мемлекеттік Медицина Университеті. СӨЖ Тақырыбы: Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері Орындаған: Мирзагелдиев С. А 340 -топ ЖМФ Тексерген: Нұрмұқанов Д. Қ Семей 2014 ж
Жоспар. 1. Зерттеу жүргізу барысында таңдамалы жиынтықты сипаттау кезінде осы таңдамалар алынған жаппай жиынтық немесе оның белгілері жөнінде пікір немесе жорамал білдіру қажеттігі туындайды
*Негізгі дәлелденуге тиісті жорамал нөлдік жорамал (Н 0 – нypofhesіs) деп аталады.
Оған қарама-қарсы, оны жоққа шығаруға бағытталған, тағы да бір немесе бірнеше жорамалдар пайда болуы мүмкін. Олар балама, бәсекелес (конкуренттік, немесе альтернативтік) жорамалдар деп аталады.
Нөлдік жорамал, зерттеу нәтижесінде алынған кездейсоқ айырмашылық, ол ешбір мәнді факторларға байланысты емес деген пікірге негізделеді.
*Құбылысты зерттеу барысында ең бірінші осы құбылысты құрайтын жаппай жиынтықтың таратылымдық заңдылықтарын анықтау қажет. *Нөлдік жорамалды тексеру үшін, ең алдымен, жиынтық ішінен таратылымдық заңы нақтылы, немесе шамалы болса да белгілі, кездейсоқ бір шама таңдалынады. Нөлдік жорамалды тексеру үшін алынған осы шама статистикалық кепілдік (критерии) деп аталады.
*Нөлдік жорамалды тексеру үшін, ең алдымен, жиынтық ішінен таратылымдық заңы нақтылы, немесе шамалы болса да белгілі, кездейсоқ бір шама таңдалынады. Нөлдік жорамалды тексеру үшін алынған осы шама статистикалық кепілдік (критерии) деп аталады.
Жорамалдарды тексеру теориясының негізін американдық математик Ежи Нейман мен ағылшын математигі Эгон Пирсон қалаған. зерделеніп отырған, көптеген таңдалымдардан (х1, х2, . . хп) тұратын жиынтық белгілі бір кеңістікте орын алған деп қарастырылады да, ол таңдалым кеңістігі деп аталады.
*Нөлдік жорамалды статистикалық тексеру кезінде екі түрлі қателер және, соның нәтижесінде, қате шешім қабылдануы мүмкін. Болуы мүмкін қателіктер екі тектес болады
Бірінші тектес қателік – нөлдік жорамалды жоққа шығару – яғни айырмашылық жоқ жерде оны бар деп тауып, шешім қабылдау. Ал егер, шындығында бар, орын алып отырған айырмашылықты зерттеу барысында таба алмасақ немесе осы айырмашылықты «мәнсіз» (маңызы жоқ) деп тапсақ, онда екінші тектес қателік орын алады
*І-ші тектес қателік ықтималдығының көрсеткіші «мәнділік деңгейі» деп аталады және «а» белгісімен белгіленеді.
*Нөлдік жорамалды бағалау кезінде әртүрлі мәнділік деңгей ( 5; 1; 0, 1%) қойылуы мүмкін. Медициналық және биологиялық зерттеулерде әдетте ол 5% шамасында қабылданады.
*Екінші тектес қателік ықтималдығы «β» әрпімен белгіленеді. Орын алған айырмашылықты табу ықтималдығы кепілдік (критерии) сезімталдығы немесе әлеуеті деп аталады. Ол, 1 -β-ға тең.
* Статистикалық зерттеу нәтижесін талдауда нөлдік жорамал әділеттілігінің маңызы зор * Жорамалды тексеруде кепілдіктердің екі түрі қолданылады. Параметрикалық (өлшемділік) кепілдіктер зерделеніп отырған жиынтық өлшемдіктері (параметрлері) негізінде жасалынады. Ал, параметрикалық емес (өлшемдіксіз) кепілдіктерде
* Жиынтықтың зерделеніп отырған белгісі қалыптылық таралымы заңына жатпайтын, оның шектеріне сыймайтын болса, әсіресе таңдалым көлемі шағын болса, параметрлік емес кепілдіктері қолданылуға тиісті.
*Осындай «сәттердің» екі түрі бар Бірінші сәт (есеп басы) 1 n mk 1= -----∑ X 1 k n i=1 формуласымен ал, екінші сәт (таңдамалы орталықтық) 1 n mk=--- ∑ {x 1 -x}k. n i=1 формуласы арқылы анықталады
* Таратылу қалыбын тексеру үшін Х 2 кепілдігі (критериі) өте жиі қолданылады. Х 2 –кепілдігі әдісін қолдану үшін, жинақталған деректер вариациялық қатар немесе таратылу қатары түрінде берілуі керек. Вариациялық қатарлар аралықты (интервалды) немесе аралықсыз түрлерінде болуы мүмкін.
Таратылу қалыбын тексеру үшін Х 2 кепілдігі (критериі) өте жиі қолданылады. Х 2 –кепілдігі әдісін қолдану үшін, жинақталған деректер вариациялық қатар немесе таратылу қатары түрінде берілуі керек. Вариациялық қатарлар аралықты (интервалды) немесе аралықсыз түрлерінде болуы мүмкін
*Х 2 –келісім кепілдігін есептеу формуласы: k {fr – ft}2 Х 2 = ∑ ------ = i=1 ft мұнда: k- сыныптар саны fr- таңдамалы жиынтық бойынша нақтылы жиілік ft- теория бойынша есептелген таралым жиілігі
Қолданылған әдебиеттер: 1. Ғаламтор желісінің Google және Яндекс сайттары.
Сабит.ppt